Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет4/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
нотариат
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб
Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді.
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттiлік нотариустың тағылымдамадан өтушілері мен көмекшiлерiне қолданылады.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi. 
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.Жасалған нотариаттық iс-әрекет туралы мәлiметтердi қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап бередi. 
Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.
Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi. 
Нотариустың қызметiн бақылау
Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Нотариус қызметін бақылау "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет