Алгоритм түсінігі Алгоритм


Монитор экранына ақпарат шығару операторы



бет4/20
Дата08.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#157176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
База Алгоритмы

Монитор экранына ақпарат шығару операторы



Шығару операторы
WRITE операторы ақпаратты компьютердің жадынан экранға шығару үшін қолданылады. Бұл операторды барлық дерлік бағдарламаларда кездестіруге болады. WRITE операторының жалпы жазылу түрі:
WRITE(P1, P2, РЗ, ...)
мұндағы Р1, Р2, РЗ, ... - кез келген информация, олар айнымалы, өрнек, немесе апострофқа алынған текстік ақпарат болуы мүмкін.
WRITE(A) - экранға А-ның мәні шығады;
Мәндері нақты сандар болатын айнымалыларды шығарғанда, WRITE операторында осы сандардың экранда қандай форматта шығатынын қос нүктелер арқылы жазып көрсетуге болады. Сандардың форматының жалпы жазылу түрі:
WRITE(X:a:в);
мұндағы: a - X айнымалысын экранға шығару үшін берілетін орындардың жалпы саны; в - санның бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны.
Бүтін айнымалыларды шығаруда тек а параметрі ғана қолданылады. Егер а параметрі айнымалының мәнін құрайтын шаманың разрядынан үлкен болса, онда алдымен олардың айырмасына тең бос орын қалдырылып, соңынан айнымалының мәні шығады. Мысалға, Х=1.258 және А=2175 мәндерін экранға шығарайық.
WRITE('X=', X:8:3);
Х=1.258 //Х= сөзінен кейін 3 бос орын және х-тің мәні шығады
WRITE('A=',A:11);
А= 2715 //А= сөзінен кейін 7 бос орын және А- ның мәні шығады
WRITE операторында READ операторындағыдай шығаратын нәтиженің көрнекі болуы үшін LN жалғауын қолдануға болады. Мысалға: WRITELN ('Х=', Х:8:3); операторының орындалу нәтижесінде, Х-тің мәні экранға шығады да, курсор келесі қатарға өтеді. Төменде WRITELN операторымен экранға нәтиже шығару мысалдары берілген.



  1. Компьютердің пернетақтасынан деректерді енгізу операторы

READ операторы айнымалылардың әртүрлі мәндерін Пернетақтадан компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. READ операторының жазылу түрі:


READ(X) - Х-тің мәнін енгіз;
READ(a, b,c)-A,B,C айнымалыларының мәндерін енгіз;
Бағдарламаның орындалу барысында READ операторы қанша рет кездессе, компьютер сонша рет операторда көрсетілген айнымалылардың мәндері енгізілгенше күтіп, ештеңе орындамай тоқтап қалады. Айнымалылардың мәндері енгізілгеннен кейін барып, компьютер бағдарламаның орындалуын жалғастырады. Егер READ операторында бірнеше айнымалы болса, олардың мәндері бос орын арқылы бір қатарда немесе ENTER клавишын басу арқылы бір баған бойымен енгізуге болады. Бағдарлама орындалу барысында экранда нәтижені көрнекі алу үшін, операторлар соңына LN жалғауын қосып та жазуға болады, бұл жағдайда айнымалылардың мәндерін енгізгеннен кейін курсор келесі қатарға көшеді. Мысалы:
READLN(X); READLN (b, c);
Сонымен бірге жаңа қатарға көшу үшін параметрсіз READLN операторын қолдануға болады, бұл операторды орындағанда ENTER клавишын басса жеткілікті, бағдарламаның орындалуы келесі қатардан тұрған операторға көшеді. Сондай-ақ параметрсіз READLN операторын бағдарламаның осы оператор тұрған жерге дейін орындалған нәтижесін экранда көру үшін қолданады. Мысалы:
PROGRAM Amaldar;
VAR Z,T:Byte;
A: lnteger ;
X: Real;
BEGIN READLN(ZJ);





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет