Алгоритм түсінігі Алгоритм



бет5/20
Дата08.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#157176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
База Алгоритмы

Меншіктеу операторы

C# бағдарламалау тілінде меншіктеу операторы ‗=‘ символымен белгіленеді. Меншіктеу операторының жазылу пішімі мына сипатта болады: айнымалы = өрнек; Мысалы: c = a + b; ‗=‘ белгісінің сол жағында айнымалы орналасуы керек, ал ‗=‘ белгісінің оң жағында айнымалылар, тҧрақтылар, нақты мәндер немесе ӛрнектер жазылуы мҥмкін. Ӛрнектер ретінде арифметикалық операциялар, әртҥрлі функциялар, т.б. бола алады. Ӛрнектегі әрекеттердің орындалу реті солдан оңға қарай, бірақ жақшалар арқылы оны ӛзгертуге болады. C# тілінде келесі арифметикалық операциялар қолданылады: + – қосу операциясы; - – азайту операциясы; * – кӛбейту операциясы; / – нақты типтегі айнымалылар ҥшін бӛлу операциясы; / – бҥтін типтегі айнымалылар ҥшін бҥтін санды бӛлу операциясы (қалдығы жойылады – бӛлудің нәтижесін мысалдан кӛріңіз); % – бҥтін санды бӛлу операциясынан қалдықты табу операциясы бҥтін типтегі айнымалылар ҥшін қолданылады. Мысалы, 7/2=3; 7.0/2.0=3.5; 6%2=0; 7%2=1; C# тілінде аталған операциялардың кез келгені меншіктеу операциясының қысқартылған тҥрде жазылу мҥмкіндігін береді: айнымалы операция = өрнек; Мысалы, егер a айнымалысы 5 тең болса, онда a += 6 жазбасы a айнымалысына 11 мәнін меншіктейді. ‗+=‘ операциясы ‗=‘ символының оң жағына жазылған ӛрнектің мәнін ‗+‘ символының сол жағында орналасқан айнымалы мәніне қосуды орындайды. Қосу 30 опрациясының нәтижесі ‗+‘ символының сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі. ‗–‘ , ‗ *‘, ‗ /‘, ‗ %‘ операциялары ҥшін меншіктеу операторы жоғарыда сипатталған тҥрде орындалады. Мысалы, егер a айнымалысы 5 тең болса, онда a %= 3; меншіктеу операторы орындалғаннан кейін a айнымалысы 2 тең болады . Алгебралық ӛрнектің нәтижесін кейбір айнымалыға меншіктеу операциясын орындаған кезде типтердің айқын немесе айқындалмаған тҥрде тҥрленуі орындалады. Егер алгебралық ӛрнектің операндтары әртҥрлі типте болса, онда есептеулердің алдына автоматты тҥрде типтерді тҥрлендіру орындалады. Тҥрлендіру мәні мен дәлдігін сақтай отырып, қысқа типтерді ҧзын типтерге ауыстыруды қамтамасыз ететін ереже бойынша орындалады, бірақ керісінше емес. Автоматты тҥрде (айқындалмаған) тҥрлендіру ылғи орындалмауы мҥмкін, мәні жоғалмаған жағдайда ғана орындалады. Арифметикалық операциялар int типінен қысқа типтерде анықталмаған. Бҧл дегеніміз, егер ӛрнекте sbyte, byte, short және ushort типтеріндегі ғана шамалар болса, онда операцияның орындалуының алдында олар int типіне тҥрлендіріледі. Сонымен, кез келген арифметикалық операциялардың нәтижесі int типінен кіші емес типте болады. Бір типтен екінші типке айқындалмаған тҥрлендіру орындалмаса, онда бағдарламашы мына операция арқылы айқын тҥрлендіруді орындай алады. (тип) өрнек. Мысалы, бҥтін типтегі айнымалыға нақты типтегі мән меншіктелсе, онда осы мәннің бӛлшек бӛлігі жойылады. Типтерге айқын тҥрлендіруді орындау ҥшін float немесе int нҧсқауларын пайдалануға болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет