Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет58/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
Екінші бөлім бойынша тұжырым 
«Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда 
оқытудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде: 


115 
-
урбандалу үрдісінің әлемдік және отандық даму трендтеріне талдау 
жасалды. Жаһандану дәуірінде адамзаттың дамуы, бәсекелестіктің артуы, 
постиндустрииялық қоғам жетістіктері қалалар дамуымен тығыз байланыста 
жүретіні анықталды. Сол себепті, географиялық білім беруде қалалар 
географиясын оқытуға көңіл бөлудің қажеттілігі туындады. Мұны біз ЖОО-
ның география мамандықтарында оқылатын «Геоурбандалу» пәні мазмұнын 
қайта құрылымдау арқылы жүзеге асырдық. Ол бойынша пәннің технологиялық 
картасы жасалып, мазмұны анықталды. Пән мазмұны еліміздегі және әлемдегі 
қалалар қалыптасуының тарихи аспектілерімен қоса, қалалардың болашақ даму 
көрінісін де қамтыды. Сонымен қатар, географиялық білім беру үрдісіне өте 
қажетті жаңа ақпараттармен, карталармен, инфографикалармен толықтырылды. 
Атап айтқанда, пән мазмұнына қажетті авторлық бірлестікте орындалған 
монографиялық еңбегіміз бен пәннің оқу-әдістемелік кешені оқу үдерісіне 
ендірілді (Қосымша Ә); 
-
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытуды 
ұйымдастыру мәселесі талданды. Мұны біз орта білім беру ұйымдары 
мысалында орындадық. Ол бойынша 9-сынып оқушыларына арналған «Қалалар 
географиясы» факультативтік сабағының жоспары жасалды. Аймақтық 
компонент ретінде құрылған факультативтік сабақты аптасына 1 рет жүргізу 
жоспарланған. Негізгі мақсаты - оқушылардың ғылыми-теориялық білімін 
тереңдету, танымдық ынтасын қалыптастыру, шығармашылық-зерттеушілік 
қабілеттерін дамыту. Осы ретте оқушылардың шығармашылық-зерттеушілік 
қабілеттерін дамытуға қатысты зерттеу жобасының үлгісі жасалды. Үлгі Текелі 
және Жезқазған моноқалаларының қоршаған ортасын сауықтыру мысалында 
орындалды. Орындалған бұл жұмыстар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер», «Прагматизм» 
басымдықтары мазмұнымен толық үйлеседі және оқушылардың сабақтан тыс 
уақыттарда өзінің туған жері туралы мағлұматтармен танысып, тұлға ретінде 
дамуына жағдай жасайды; 
-
Қазақстан 
моноқалаларының 
инновациялық 
даму 
үрдістерін 
географиялық білім беруде оқыту мәселелері талданды. Мұны біз ГАЖ-
технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырдық және тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар жасалынды. Эксперименттік топ көрсеткіштерінің 
жақсарғаны студенттердің орындаған жұмыстары арқылы дәлелденді. Бұл 
нәтижеге ГАЖ бағдарламасымен жабдықталған сыныптағы оқытушы мен білім 
алушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуі ықпал етті. Оқыту 
үдерісін технологияландыру міндеті тұрған қазіргі уақытта, ГАЖ-
технологияларын пайдаланып білім беру – оқыту әдістемесінің заман талабына 
сай келетінін айғақтайды. Сонымен қатар, диссертациялық зерттеу 
жұмысының педагогикалық бағыттағы жұмыстарынан бөлек, біздің зерттеу 
жұмысымызға негіз болған моноқалаларды дамытуға қатысты өз ой-
тұжырымдарымызды әзірледік. Аталған ұсыныстар мен тұжырымдар 
моноқалалардың тұрақты дамуына ықпал етеді деп ойлаймыз.


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет