Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет59/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
ҚОРЫТЫНДЫ
Орындалған диссертациялық зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты мен 
міндеттеріне сәйкес келесідей қорытындылар шығаруға болады: 
1.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жиі қолданыла бастаған
"моноқала" және "инновациялық даму" ұғымдарының теориялық мәселелері 
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талданды. Моноқалалардың жаратылысы мен 
дамуына қатысты шетелдік және отандық зерттеушілердің теориялық 
еңбектеріне шолу жасау негізінде монобейінді қала аумақтарының 
географиялық және экономикалық ерекшеліктері анықталды. Ғалымдар мен 
ғылыми ұйымдар келтірген анықтамалар топтастырылып, көпфункционалды 
қалалардан өзгешелігі ажыратылды. Дамыған және дамушы елдердің 
монобейінді қалалардың мәселесін шешуге бағытталған стратегиялық 
жоспарлары мен бағдарламаларына талдау жасалды. Ал, «инновациялық даму» 
ұғымы экономика мен географияның шеңберіндегі түсініктер негізінде 
қарастырылды. Оның ішінде, қалалардың инновациялық дамуына мән беріліп, 
инновациялық қала дамуының стратегиялық кезеңдері анықталды. Қалалық 
ортаны тұрақты инновациялық дамытудың негізгі қағидалары айқындалып, 
инновациялардың қоғам дамуындағы әсеріне сипаттама берілді.
2.
Жаңартылған мазмұндағы білім берудің типтік оқу бағдарламасына 
сәйкес, моноқалалар мәселесінің географиялық білім берудегі орны анықталды. 
Оқу мақсатына сәйкес Текелі және Жезқазған моноқалаларының инновациялық 
инфрақұрылымының жағдайы талданып, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді. 
2015-2017 жылдардағы кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесі, мәселелерді 
шешуге қатысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Орындалған жұмыстар 
географиядан алған білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға, күнделікті өмірде 
пайдалана алу дағдыларын қалыптастыруға алғышарт болады. Яғни, білім беру 
мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы талабына сай және білім 
алушылардың зерттеушілік, танымдық, шығармашылық құзіреттерін дамытуға 
мүмкіндік береді.
3.
Моноқалаларды инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың 
мазмұндық-құрылымдық моделі құрастырылды. Модельде байланысқан 
блоктар моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың 
әдістемесін жетілдіріп, пәнді игерудегі мақсаттарға тиімді қол жеткізуге, 
ғылыми дүниетанымның қалыптасып, дамуына оңтайлы нәтиже көрсетеді. 
Ұсынылған модель мазмұнына сәйкес әлемде инновациялық жетістіктерімен 
ерекшеленіп, постиндустриялық даму үлгісін қалыптастырған шағын 
қалалардың даму жетістіктеріне талдау жасалды. Яғни, индустриялық кезеңде 
моносалалы 
экономикаға 
негізделген 
мұндай 
қалалар, 
әлеуметтік-
экономикалық жаңғыртудың арқасында жаңа қызметтерді дамытқан. Қаланың 
тәмамдалған қызметін қайта құрылымдап, даму бағытын (үлгісін) өзгерткен 
қалалар тобы анықталды. Әлемдік тәжірибедегі мұндай қалалардың «өмір 
жолы» еліміздегі монобейінді қалаларды дамытуға үлгі бола алады. Осыны 
ескере отырып, дамыған елдер тәжірибесіндегі тиімді үлгілерді, атқарылған іс-
шаралар кешенін жүйелеп, дағдарыс жағдайындағы моноқалаларды әлеуметтік-


117 
экономикалық жаңғырту бойынша іс-шаралар кешенінің үлгісі құрастырылды. 
Бұл үлгі қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртараптануына, қаланың 
тұрақты дамуына алғышарт бола алады. Зерделеу барысында алынған 
нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық география пәнін оқытудағы маңызы 
зор.
4.
Қалалар еліміздің және дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық 
өмірінде маңызды рөл атқаруымен айшықталады. Бәсекеге қабілетті қоғам 
құру, ақпараттық-технологиялық жетістіктер, инновациялық шешімдерге 
негізгі сұраныс қалаларда қалыптасуда. Бұл - қалалар географиясына ерекше 
мән берудің қажеттігін көрсетеді. Осы орайда, ЖОО-ның география 
мамандықтарында оқитын білім алушыларға арналған «Геоурбандалу» 
элективті пәнінінің мазмұны қайта құрылымдалып, оқу-әдістемелік кешені 
әзірленді. Әлемдегі және еліміздегі қалалар дамуының тенденцияларын, негізгі 
фактілер мен трендтерді басшылыққа ала отырып, пән мазмұны жасақталды. 
Урбандалу процесін әр қырынан түсіндіретін теориялық ұстанымдар, 
ақпараттық картографиялық және графикалық материалдар, ГАЖ сыныбында 
орындалатын практикалық жұмыстар, яғни құрастырылған көрнекіліктер мен 
тапсырмалар білім алушылардың пән мазмұнын терең игеруіне мүмкіндік 
береді.
5.
Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін мектеп географиясында 
оқытудың әдістемелік негізі жасалды. Қалалар географиясын немесе 
урбандалған аумақтарды мектеп географиясында оқытудың мазмұны 
құрастырылды. Кешенді мазмұндық блоктардан құрылған бұл жүйе - кез-
келген қаланың географиясын оқытуға негіз бола алады. Негізгі мақсаты - 
оқушылардың сабақтан тыс уақытта ғылыми-теориялық білімін, танымдық 
ынтасын, шығармашылық-зерттеушілік қабілеттерін дамытуды көздейді. 
Аталған мазмұн мен алға қойған мақсатты орындау үшін «Қалалар 
географиясы» факультативтік сабағының тақырыптық күнтізбелік жоспары 
жасалды. Аймақтық компонент ретінде құрастырылған бұл жоспардың 
мазмұны жаңартылған мазмұндағы білім берудің мақсат-міндеттерімен толық 
сәйкес келеді. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық-зерттеушілік 
қабілеттерін дамытуға қатысты зерттеу жобасының үлгісі жасалды. Үлгі біздің 
зерттеу жұмысымызға негіз ретінде алған моноөндірістік қалалар мысалында 
орындалды. ГАЖ-технологияларын пайдалану арқылы орындалған жобалық 
жұмыста 
«Текелі және Жезқазған
қаласы аумақтарын функционалдық 
зоналарға бөлудің үлгілері
» және «Текелі және 
Жезқазған қалаларының табиғи-
экологиялық каркасының жобалық үлгілері» жасалды. Біз ұсынған жобалық 
үлгі – оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, қалалардың 
болашақ жасыл даму үлгісіне, қалаларды экологияландырудың заманауи 
принциптеріне алғышарт бола болады. 
6.
Қазақстан 
моноқалаларының 
инновациялық 
даму 
үрдістерін 
географияда оқытудың әдістемесі ГАЖ-технологияларын пайдалану негізінде 
орындалды. ГАЖ-технологиялар – оқытушылар мен білім алушылардың 
бірлесіп, шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 
заманауи ақпараттық-бағдарламалық кешен. Алдымен, бұл технологиялардың 


118 
ерекшелігі, қызметі, мүмкіндіктері секілді деректер талданды. Оқыту үдерісін 
технологияландыру, қоғамды цифрландыру міндеті тұрған қазіргі уақытта, 
білім беру ісінде де осындай әмбебап бағдарламалық технологияны пайдалану -
мемлекеттің стратегиялық жоспарларының жүзеге асуы деп білеміз. Осы ретте, 
инновациялық ГАЖ-технологияларының көмегімен моноқалалардың даму 
үрдістеріне қатысты инфографикалар, карталар сериясы құрастырылды және 
кешенді ақпарат беретін мәліметтер базасы құрылды. Атқарылған жұмыстар 
тәжірибелік-эксперименттік топтарға арнайы тапсырмалар беру арқылы жүзеге 
асырылды. ГАЖ-технологиялары көмегімен қол жеткізілген нәтижелер 
экспериментік топ жұмысының жақсарғанын, бағдарламаның тиімділігін 
көрсетті. Бұл біз ұсынған озық инновациялық технологиялардың географиялық 
білім берудегі нәтижелілігін көрсетеді және білім алушыларды жүйелі жұмыс 
жасауға тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет