Жоспар: Реанимация туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#195365
  1   2   3   4   5
Байланысты:
14 дәріс Реанимация туралы түсінік



№ 14 Дәріс 
Реанимация туралы түсінік 
2020 ж. 


Жоспар: 
1. Реанимация туралы түсінік . 
2. Дефибрилляция. 
3. Стенокардия . 
4. Миокард инфарктісі. 
5. Ӛкпеден қан кету себептері. 
6. Ӛлудің сатылары. 



Реанимация
– деп ағзаны қайта жандандыруды 
айтады.
Ағзаны тірілту, реанимация (лат. re – қайта және 
лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне 
қажетті ең маңызды мүшелер қызметінің бұзылуын не 
тоқтауын қалпына келтіру.
Ағзаны тірілту терминальдық жағдайларда, оның 
ішінде клиникалық ӛлім кезінде қолданылады. Әдетте, 
ағзаның тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде 
ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық 
жоғалтпайды.
Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде ӛмір мен 
ӛлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны 
дәлелденген. Бұны 
клиникалық өлім 
деп атайды. Бұл 
кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз 
рефлекс байқалмайды, клиникалық ӛлім 5 – 8 минутқа 
созылады. 



Ағзаны тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс 
алдыру мен жүрекке массаж жасау. Сондай-ақ, қан құю, 
жүректі электрмен 
дефибрилляция
жасау шаралары да 
жатады.
Дефибрилляция 
- жүрек қарыншаларының 
фибрилляциясын жою процесі. Бұл кезде, жоғары 
кернеулі электр тогының әлсіз күшімен жүрекке әсер 
кӛрсетеді. 
Фибрилляция және дірілдеу 
– патологиялық жағдай,
жүрек қарыншаларының жиырылуы жыпылықтап 
тұрады. Бұл іс жүзінде жүректің тоқтауы. Бұл кенеттен 
жүрек ӛлімі жағдайларының 90% құрайды. 
Дефибрилляция – жүрек - ӛкпе реанимациясының 
маңызды компоненттерінің бірі. Жүрек қарыншасының 
фибрилляциясы ӛздігінен тоқтатылуы ӛте сирек 
кездеседі, сондықтан электр тогымен дефибрилляция 
жасау тиімді болуы мүмкін.



Дефибриллятор - 
фибрилляция жағдайы 
кезінде, яғни жүрек 
бұлшықетінің немесе 
қарыншаның дұрыс емес тез 
жиырылуын және 
аритмиясын жою үшін 
медицинада қолданылатын 
құрылғы.
Дефибриллятор екі блоктан тұрады: сақтау және электрод. 
Сақтау блогында электр энергиясы сақталады және түрленеді 
(ток азаяды, сонымен бір мезгілде токтың қуаты да артады). 
Электродтарды кеуде үстіне салады, ол жүрекке электр тогын 
береді. Дефибриллятордың бір және кӛп арналысы бар. Бір 
арналысында бір электрод, ал кӛп арналысында екі электрод 
болады. 



Науқасты тегіс жерге жатқызады. Электродтар мен науқастың 
денесі арасына салу қажет: мысалы, ӛткізгіш гель, гипертониялық 
NaCl ерітіндісімен немесе сумен суланған салфетка. Кӛмек кӛрсетіп 
жатқан дәрігерге, науқастың денесіне және басқа да заттарына (тіпті 
ол жатқан орынға да) жанасуға болмайды. 
Электродтар оң жақтағы бұғана сүйегінің астына және сол 
жақтағы қолтық алды сызық бойымен жүректің тӛбе жағынан 
орнатылады (содан кейін импульстің электр күші жүректің қалыпты 
электр осінің бағытына сәйкес келеді). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет