Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет4/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Қазақ тілінің фонетикасына арналған зерттеу жұмыстарының 
басы баршылық. Олар мақала, монография және мектеп пен жоғары 
оқу орнына арналған оқулықтар түрінде көпке таныс. Олардың бірі 
фонетиканың жеке бір мәселелеріне арналған болса, енді бірі – қазақ 
тілінің дыбыс жүйесін түгел қамтыған бас-аяғы бүтін еңбектер. Әрине, 
үлкенді-кішілі осы еңбектердің әрқайсысының өз алдына қойған мін-
дет-мақсаты болды. Ғылыми бағыттағы еңбектер теориялық мәселе-
лерді шешуге арналса, оқу-әдістеме саласындағы еңбектер сауат ашуға 
міндеттенді. Қол жеткен нәтижелер өз дәуірінің теория-практикалық 
деңгейіне лайық болып шығып жатты.
Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері
Қазақ фонетикасының зерттелу тарихының өзіндік ерекшеліктері 
бар. Ондай ерекшеліктер зерттеушілердің заманына сай әртүрлі теория 
практикалық ұстанымынан туындап отырды. Сөйтіп қазақ фонетика-
сының зерттелім желісі бірнеше тарихи дәуірлерден өтті.
ХІХ ғ. зерттелімдері
Алғашқы дәуір ХIХ ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысын 
қамтыды. Қазақ жерін игерудің басты бір амалы ретінде қазақтың тілін 
зерттеу басталды. Ондағы мақсат қазақ тілінің қарапайым оқулықта-
рын жазып, сөздіктерін құрастыру болды.
Ол кезде зерттеушілердің [Ильминский, Мелиоранский, Радлов т.б. 
(
зертеушілердің толық аты
-
жөні мен еңбектерінің тізімі кейінірек 
арнайы беріледі)
] қолында дайын тілдік жазба материал болған жоқ. 
Сондықтан да олар қазақ тілінің сөздерін ел аралап жүріп жинап, қа-
лай естісе, солай жазып алып отырды. Соның нәтижесінде қазақ сөзінің 
таза ауызша айтылым үлгісін тап басып, қағазға түсіріп алып отырды. 
Олар құрастырған сөздіктерге қазақ сөзінің үндесім (сингармониялық) 
үлгісі сол таза ауызша айтылым күйінде (үнтаспаға жазғандай болып 
десе де болады) ендіріліп жатты. Қазақ тілі дыбыстарының сөз құра-
мындағы (сөйлеу үстіндегі) түрленім үлгілерін айна-қатесіз көрсетіп 
отырды. Әсіресе, ерін үндестігіне қатты көңіл бөлініп, көп буынды сөз-
дердің соңғы буынына дейін таңбаланды. Бірінші дәуір зерттеушілері-
нен қалған жазба мұрағаттарды, қазіргі тілмен айтқанда, қазақ тілінің 
орфоэпиялық жазбасы деп қабылдауға болады.


9
Алғашқы дәуірге қатысты жетістіктер деп зерттеушілердің үн-
десім (сингармонизм) құбылысының сырын дұрыс түсініп, ол туралы
теориялық пайымдаулар ұсынғанын, сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс 
құрамын дәл анықтап, ерін үндестігін сөздің аяғына дейін жеткізіп 
бергендігін айтуға болады.
Сонымен қатар кейбір сөздердің жазылымындағы үнді 
й, у
дауыс-
сыздарының дауыстылармен (әсіресе, қысаң дауыстылармен) тіркесін 
дұрыс анықтай алмаған сәттері болғанын да айта кету керек.
Алғашқы зерттеушілердің ғылыми зерттеу әдісі қазақтардың сөзін 
бетпе-бет тыңдап алып, дыбыс құрамын естілім түйсінімі арқылы 
анықтау болғандықтан, қазақ фонетикасының бастапқы зерттелім 
дәуірін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет