Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына



бет1/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)
ҚБ сауат ашу (1), математика кб 1-сын


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Сауат ашу

1-сынып

Астана, 2016



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Сауат ашу

1-сынып

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.



Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады. ** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

2

Мазмұны



1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім» 3

Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 4

Бөлім «Оқылым» 15

Бөлім «Жазылым» 19



2-тоқсан Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем» 24

Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 25

Бөлім «Оқылым» 35

Бөлім «Жазылым» 42



3-тоқсан Ортақ тақырып «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» 50

Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 51

Бөлім «Оқылым» 61

Бөлім «Жазылым» 70



4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау» 76

Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 76

Бөлім «Оқылым» 86

Бөлім «Жазылым» 98



4

1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім»

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»


Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді

(сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған

мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы


  • Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.

  • Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды

қолданады.

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Тапсырма

Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.



Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді.

Бұл не?


Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды.

Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды.

Бұл не?


Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

Бұл не?


Шешуі: ( ) Шешуі: ( ) Шешуі: ( )

  • Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады?

Түсіндіріңіз.

  • Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • жұмбақтардың шешуін табады;

  • жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;

  • жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет