Алманың зиянкестері



бет11/13
Дата08.11.2019
өлшемі2,15 Mb.
#51316
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Алманың зиянкестері

3-сурет. Алма күйесінің (Yponomeuta malіnellus) жұмыртқасы
Көктемде олар тобымен жапырақ тақтасының арасына кеулеп еніп, жас тіндерін кеміріп жеп, тек жапырақ жүйкесін ғана қалдырады. Олар жіпшелерімен жапырақтарды, бұтақтарды шырмап, өрмек ұя жасайды. Алма күйесінен қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп, өрт шалғандай болып көрінеді. Өнімділігі төмендеп, өнімдері жерге шашылып қалады.

Күресу шаралары және экономикалық зияндылық шегі: Алма күйесінің жұлдызқұрттарын жою үшін жеміс ағашы бүршік жармай тұрып немесе гүлдегеннен кейін инсектицидтер шашады. Сан мөлшерін реттеушің факторлардың ішінде паразиттік тіршілік ететін жарғақ қанаттылардың, әәсіресе агениаспис деп аталатын паразит-насекомның маңызы өте зор. Сондай-ақ, битоксибациллин , құр.ұ., (биологиялық активтілік 1500 ЕА/г, экзотоксин 0, 6-0, 8%, биотурин аспорогенді, жентек (кристаллды кешен Bacillus thuringiensis, var. кurstaki), лепидоцид, концентрациялы, биологиялық активтілігі 3000 ЕА/г , агроцип, 10% к.э. (альфа-циперметрин, 100 г/л) препараттармен өңдеу керек

Шаңқан көбелегі – Euproctis chrysorrhaea. Бұл зиянкес қабыршақ қанаттылар отряды, бұйра көбеклетер тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аймақтарында таралған.

Көбелектің қанаттары қаржай аппақ, кейде алдыңғы қанатарында қара


7

нүктелер кездеседі. Құрсағының ұшы жуан, және алтын түскті түктер басқан.

Мұртшалары қауырсын тәрізді, қанаттарының өрісі 35 мм. Жұлдызқұрттарының

түсі қара сұр, арқасында екі қатар сүйел тәрізді қызғылт төмпеешіктері бар. Ұзындығы 40 мм жетеді.

Көбелектің І-ІІ жастағы жұлдызқұрттары жаздың орта кезінде 5-6 жапырақты

өрмек жіпшелерімен шырмап ұя жасайды да, оны сол өрмек жіптерінің көмегімен

бұтақшаларға орнықтырып, соеның ішінде қыстап шығады. Көктемде ауаның ортша тәуліктік температурасы 12 градус жроғары көтерілгенде жұлдызқұрттар қысқы ұяларынн шығып, бұтақ бойымен өрмелеп таралады да алғашында машылып, кеел жатқан бүршіктерді, одан соң жапырақтарды жеп, зиян келтіреді. Мамырдың аяғында және маусымның бас кезінде олар жапырақтар мен бұтақшалардыңғ борпылдық піллә ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 15-20 күнге созылады. Жаңа ұрпақтың көбелектері маусымның аяғы-шілденің басында шығады. Олар жұмыртқаларын жеміс ағаштары мен орман ағаштарының көптеген түрлерінің астыңғы бетіне салады. Бір жерге топтап садынған жұмыртқалардан шыққан жұлдызқұрттар жеке-жеке тарап кетпей барлығы бірігіп

тіршілік етеді. Олар жапырақты қаңқалап жейді және жоғарыда айтылғандай зақымданған жапырақтардың бірнешеуін өрмек жіптерімен шырмап ұя жасайды



да тамыздың аяқ кезіне соның ішіне еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Генерациясы бір жылдық.

А Б


4- сурет. А) Шаңқан көбелегі – Euproctis chrysorrhaea.

Б)Аталығы мен аналығы, жұлдызқұрты.


8

Күресу шаралары мен экономикалық зияндылық шегі: Қыста оның ұяда жатқан жұлдызқұрттарын шымшықтар, ал көктемде ұядан шыққан кезде көкектер шұқып жеп, олардың сан мөлшерінің едәуір дәрежеге дейін азайып қалуына себепкер болады. Децис, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л), ақ көбелек, с.ұ., Bacillus thuringiensis, var. кurstaki, штамм 2123-3к), битокцибациллин, құр.ұ., (биологиялық активтілік 1500 ЕА/г, экзотоксин 0, 6-0, 8%, биотурин аспоргенді, жентек (кристаллды кешен Bacillus thuringiensis, var. кurstaki), лепидоцид, концентрациялы, биологиялық активтілігі 3000 ЕА/г препараттармен өңдеу керек.



2.3. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының қауіпті зиянкесі, ол- карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелегі. Жұпсыз жібек көбелегі – Ocneria dispar L. Қабыршақ қанаттылар трядының, бұйра көбелектер тұқыфмдасына жатады Қазақстанда тегіс таралған. Оқтын-оқтын орасан зор көп болып, өсіп-өніп жеміс ағаштары мен сәндік ағаштарына және орман ағаштарының көптеген түрлеріне зор зиян келтіреді.

Қазақстанда тегіс таралған көбелектің еркегі ұрғашысынан түр-сипаты жағынан айырмашылығы бар. Көбелектің жұлдызқұртының ұзындығы 3-5 мм 6-7 см дейін өседі. Жұлдызқұрттардың 16 аяғы, денесі түкті. Қуыршағының түсі қою қоңыр, ұзындығы 20-30 мм. Көбелектің жұмыртқалары қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері атқан кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын түгелдей жеп қояды. Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдерді де зақымдайды.



Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләге оранып, қуыршаққа айналады. Жұмыртқаларын ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды. Карантиндік нысанның бір ерекшелігі, салған жұмыртқалары қыстың қатты аязына шыдамды келеді. Біздің ауданда жұпсыз жібек көбелегі шыққаны байқалмайды. Бірақ ұшып келуі, басқа жолдармен таралуы мүмкін. Жұпсыз жібек көбелегінің негізгі таралу ошақтары-орман алқаптары. Жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары даму кезеңі 35-50 күнге созылуына байланысты, ауа райының қолайсыздығынан орман алқаптарынан жақын ауыл ішіне ұшып, таралу мүмкіндігі жоғары.

А Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет