Алманың зиянкестері


Ермен жапырақты ойран шөп



бет7/13
Дата08.11.2019
өлшемі2,15 Mb.
#51316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Алманың зиянкестері

Ермен жапырақты ойран шөп – бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі. Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиард­таған тозаң тәрізді ұсақ тұқымдары, ауа, жел арқылы көпшілік жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін, аллергия ауруы – полинозға ұшыратады. Ауру түрлері: ринит, конъюктивит, бронхы астмасы, бас ауруы. Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралар мен гербицидтер пайдалану керек.

17-сурет. Ермен жапырақты ойраншөп.


Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L) көпжылдық, атпа та­мырлы шөп, күрделі гүлдер тұ­қымдасына жатады. Қуатты тамыр жүйесі топырақта 10 м. терең­дікке жетеді. Жатаған у кекіре­нің ерекшеліктері, ол қор­дағы қоректік зат – инулинді та­мыр­дың топырақтағы тө­менгі қа­батына жинақтауы және қорек­тік заттарын топы­рақ баптау­шы техникамен егіндікті өңде­ген­де, жатаған тамы­рының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы, фотосинтез құбы­лысы арқылы тамырлануы. Сондықтан көп­те­ген агротех­никалық әдістерге төзімді бо­лады, қайтадан өсіп жетіледі. Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департамен­ті­нің мәліметі бойынша жата­ған у кекіре республикада 3 млн. гектар жерге тараған. Тұқымның іс жүзінде таби­ғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жата­ған у кекіре бар ошақты уа­қытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек. Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсім­ділігі 3 мың дәнге дейін жетеді, оның ішінде 50 пайызы өнгіш­тік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіш­тік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25 градус жылы­лықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың құрамына байланысты 2-5 см. тереңдіктен өсіп шығады. Жатаған у кекірені тиянақты түрде құрту үшін зерттеу жұмыс­тарын, шөптердің таралу карта­сын жасау керек. Шөптерді жою жоспарына профилактика, агро­тех­никалық-биологиялық және хи­­миялық әдістер кіреді. Шөп­тер­мен тиімді күресу үшін, олар­дың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Күрес жата­ған у кекіренің тамыр жүйесінің өмір сүргіш қабілетін біртіндеп жоюдан басталады. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді. Статистика мәліметтері бойын­ша жатаған у кекіре астық егістіктерінде және бос жатқан игерілмеген жерлерде де көп тара­ған. Қазақстанның егіншіліктегі негізгі бағыты астық өндіру бо­лып саналса, көптеген тыңайған жерлерді, ауылшаруашылық ал­қап­тарды у кекіренің көп ба­суына байланысты іске қоса алмай отырмыз. У кекіренің егістікті басуы сал­дарынан Қазақстан жыл са­йын 3 млрд.теңге зиян шегіп отыр. Со­нымен қатар, өнімінің төмендеуі­нен басқа, оның сапасы да төмен­дейді, ұнның дәмі ащы болады. Парды, отамалы дақыл­дарды кү­тіп-баптау кезінде кететін шы­ғын­дарды есептесек, жал­пы шы­ғын 3 млрд. теңгеден асады. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақтал­мауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен герби­цид­терді арамшөптің био­ло­гия­лық ерекшеліктерімен бай­ла­ныс­ты Қа­зақстанның әртүрлі климат аймақ­тарында дұрыс біріктіре қолдану қажет. Агро­техникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшек­терге бөліп, тамырдағы қоректік орга­никалық зат – ину­лин­нің кө­беюін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу. Кекіремен күресудің негізі топырақ өңдеу жүйесі болып табылады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет