Алманың зиянкестері



бет12/13
Дата08.11.2019
өлшемі2,15 Mb.
#51316
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Алманың зиянкестері


5 – сурет. А)Жұпсыз жібек көбелегі – Ocneria dispar L.

Б) жұлдызқұрты.

10

Жаздың орта кезінде ұрғашы көбелектер жұмыртқалауға кіріседі., Жұмыртқаларын әртүрлі ағаштардың діңіне, шарбаққа, ірі тастарға, үйлердің



Керегесіне топтап, орналастырады. Әр топтағы жұмыпртақалардың саны 500 жетеді. Жұмыртқа тобын көбелек өзінің бауыр түктерімен жауып тастады. Сондықтан жұмыртқа тобының сыртқы көрінісі ақшыл-қоңыр түсті киізден жасалған жастықшаға ұқсайды. Көктемде жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар ағаштың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан күгелдей дерлік кеміріп жейді.

Денесіндегі ұзын қылшықтарының көмегі арқылы жас жұлдызқұрттар желдердің екпінімен едәуір қашықтыққа дейін таралады. Жаздың баскезінде жұлдызқұрттар ағаштардың қуысында, қабықтың жарықтарында және бұтақшалар мен жпырқтардың арасында қуыршаққа айналады. Қуыршағы алтын тәрізді түктер басқан қар-қоңыр түсті болады. Зиянкес жылына 1 генерация беріп өсіп-өнеді

Күресу шаралары және экономикалық зияндылық шегі: Салынған жұмыртқаларды күзде, қыста жинап, өртеген дұрыс. Ағаштардың қабығындағы жұпсыз жібек көбелегі салған жұмыртқаларын керосинмен «бүрку». Жұпсыз жібек көбелегінің жұмыртқа салған жерлерін анықтап, пышақпен қырып, әбден мыжғылап жою керек. Залалданған ағаш діңіне «ұстау белдігін» орнату. Ағаштардың қабығындағы жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары жайлаған ағаштарды инсектицидтермен бүріксе болады. Децис, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л), ақ көбелек, с.ұ., Bacillus thuringiensis, var. кurstaki, штамм 2123-3к), битоксибациллин, құр.ұ., (биологиялық активтілік 1500 ЕА/г, экзотоксин 0, 6-0, 8%, биотурин аспоргенді, жентек (кристаллды кешен Bacillus thuringiensis, var. кurstaki) препараттармен өңдеу керек.

Сақиналы жібек көбелегі - Molocosoma Neustria. Қабыршақ қанаттылар отрядының, піллә тоқушылар тұқымдасына жатады. Жеміс ағаштары мен жапырақтары, орман ағашының зиянкесі.



6-сурет. Сақиналы жібек көбелегі - Molocosoma Neustria.


11

Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас жұлдызқұрттары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі. Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды.



Жұлдызқұрттар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді. Тек ең соңғы жастағы жұлдызқұрттары ғана жеке жүріп тіршілік етеді.

9-сурет. Сақиналы жібек көбелегнің (Molocosoma Neustria) жұлдызқұрты

Күресу шаралары мен экономикалық зияндылық шегі: Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Жұлдызқұрттарының жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку. Битокбациллин, құр.ұ., (биологиялық активтілік 1500 ЕА/г, экзотоксин 0, 6-0, 8%, битурин аспоргенді, жентек (кристаллды кешен Bacillus thuringiensis, var. кurstaki) препараттармен өңдеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет