Алманың зиянкестері



бет2/13
Дата08.11.2019
өлшемі2,15 Mb.
#51316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алманың зиянкестері

Алма күйесі – Yponomeuta malinellus Zell. (Lepidoptera отряды, Yponomeutidae тұқымдасы). Ұсақ көбелектер ақ түсті, қанатын жазғанда 18-20 мм дейін жетеді, алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты ақшыл-сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар. Басы, дәнжарнағы мен аяқтары қара. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы шамамен 18 мм.
Бір жастағы көбелектер екі-үш жылдық өркендердегі дәнжарнақтардың астында қыстайды. Көктемде олар дәнжарнақтардың астынан шығады да, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттар тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады.Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады, және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды, олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, дәнжарнақтың астында қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.





3-сурет. Алма күйесі (Yponomeuta malinellus Zell.)

Жемістің қоңыр кенесі – Bryobia redicorzevi Reck.Денесі бақтың өрмекші кенесіне қарағанда ірілеу, түсі қызыл-қоңыр немесе жасылдау-қоңыр. Жұмыртқа фазасында бұтақтардың қабығында, көбінесе олардың екі айырымында қыстайды. Жұмыртқасының түсі қызыл, сондықтан ағаш қабығының жұмыртқалар орналасқан жері қызғылт реңді болып көрінеді. Кененің личинкалары көктемде, бүршік ашылар кезде шығады да, бүршіктен шығып келе жатқан жапырақтардың ұшын, ал кейін жапырақтарды, гүлді, жас өркенді және жемісті сорып қоректенеді.Бір жаз ішінде бұл кене 4-5 ұрпақ беріп көбейеді.Ересек кенелер мен олардың личинкалары көбінесе алма ағашын зақымдайды,дегенмен де жеміс ағаштарының басқа түрлеріне де өсіп-өніп жетіле алады.Қатты зақымдалған ағаштардың бүршіктері әрі қарай дамымайды,жапырақтары мерзімінен бұрын түсіп қалады, жемістері ұсақ және дәмсіз болады.




6-сурет.
Жемістің қоңыр кенесі ( Bryobia redicorzevi Reck.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет