Алшынбай Рақышев



бет23/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз
Міржақып Нығматуллин
Ендігі атақты жауынгер, дәрігер, басшы – Міржақып Нығматуллин. Брест қорғанысы – аңызға айналған, теңдесі жоқ ерлік пен асқан батылдықтың үлгісі. Күші әлдеқайда басым жау қаһарман қамалды жеңіл жеңіп ала алмады. Фашистерге қамалды қорғаған шағын ғана гарнизонға қарсы ұрыс жүргізу басқа бір елдердегі тұтас армияға қарсы шыққандай сезілді. Брест қорғанысына мыңдаған қазақстан­дық­тар қатысқан, олардың жартысынан астамы қазақтар еді. Брест қамалында ерлік көрсеткен қазақстандық дәрігер Міржақып Нығматуллин (1913-2005). Ол Брест қамалындағы 33-инженерлік полктің аға дәрігері болды. 1940-1946 жылдары әр түрлі инженерлік полктардың аға дәрігері қызметін атқарып, Воронеж, Дон, 1-Украина майдандарында әскери-дала басқармасы санқызметтің басшысы болды. Міржақып Нығматуллин әскери-дәрігер, әрі жауынгер ретінде Германия жеріне дейін жеткен. Міржақып Әсиұлы үкіметтік 12 марапаты бар. Қазақ КСР-на еңбегі сіңген дәрігер, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақ КСР-ы денсаулық сақтау Министрінің орынбасары дәрежесіне дейін көтерілген. Ол 1913 жылы Шунтай ауылы, Жәнібек ауданы, Орал облысында дүниеге келген. 1940 жылдың қараша айында майданға шақырылады [5].
Міржақып Нығматуллин ҚСРО маршалы Жуковтың медалімен, «Қызыл Жұлдыз», «Знак Почета», Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «За победу над Германией», «За оборону Сталинграда», «За трудовую доблесть» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, Қызыл крест және Кызыл жартыай қоғамының құрмет белгісін алған.
Міржақып Нығматулин 1960 жылдың шілде айынан ҚР денсаулық сақтау Министрлігіне қызметке кірісті. Ол сол уақытта ҚР денсаулық сақтау Министрлігі емдеу басқармасының бастығы болды. 1962 жылы М.Нығматуллин Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстан өлкелік денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметіне жіберілді. Кейін республика астанасы Алматыға қайта шақырылып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғылым және білім мекемелері денсаулық бөлімінің меңгерушісі болады.
Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан медицинасы жайында М. А. Жакупованың “Тыловые эвакогоспитали Қазахстана и республик Средней Азии САВО в годы Великой Отечественной войны ” атты кітабында мынадай деректер келтірілген: «После окончания войны был заведующим Восточно-Қазахстанским и Западно-Қазахстанским облздрав-отделами, с 1963 по 1970 год работал зав. сектором здравоохранения и социального обеспечения ЦК КП Қазахстана». С 1970-1975 жж. денсаулық сақтау министрінің (ҚДМ) орынбасары, Қаз КСР КДМ-нің 4-ші негізгі басқарманың бастығы, Алма-Ата қаласының атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімінің жетекшісі және республикалық медицина колледжінің директоры болып жұмыс істеді. Соғыс және еңбек ерліктері үшін “Қызыл Жұлдыз”, екі «Құрмет Белгісі” және тағы басқа медальдармен, ордендермен марапатталды.
Жоғарыда айтқандай, Міржақып Нығматуллин Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасын 1973-1975 жылдары басқарған. Қазақ КСР-ның астанасы Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының дамуы – елдің медицинасының алға дамуының көрінісі еді. Сол кезде Алматы қаласында жаңа типтегі емханалар ашылып, жақсы жабдықталған медициналық зертханалық кабинеттер қолданысқа беріле бастады. Қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің техникалық жабдықталуы мен білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етілуі біршама жақсарды. Осының бәрі тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен мәдениетінің біршама артуына мүмкіндік берді. Сондай-ақ медицинада ғылым мен тәжірибенің ұштасу әдістері жолдары қолға алынды. Жаңа құрылыстар салу мен ғимараттарды медициналық мекелерге беру есебінен ауысымына 500 адам қабылдай алатын емханасы бар 250 төсектік Орталық қалалық клиникалық аурухана, №3, 4, 5 емханасы бар қалалық ауруханалар, медициналық жедел жәрдемнің қалалық ауруханасының құрамындағы 200 төсектік емдеу корпусы, 300 төсектік стационары бар қалалық психо-неврологиялық диспансер, 2 типтік емхана, жедел медициналық жәрдем станциясының ғимараты, қалалық наркологиялық диспансер, студенттер емханасы сияқты ірі көп салалы емдеу-алдын алу мекемелері ашылды [3].
Міржақып Әсиұлы Нығматуллин соғыс ардагері, білікті маман, сауатты басқарушы болғанына оның еңбегі, атқарған қызметтері дәлел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет