Алшынбай Рақышев



бет24/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз
Мұхтар Әлиев
Мыңдаған жанға шапағаты тиген сондай жеңіл қолды дәрігерлердің бірі, медицина ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан әйгілі азамат Мұхтар Әлиев осы уақытқа дейінгі ғұмырында 13 мыңнан астам операция жасапты. Бұл 13 мың адамның тағдыры. Оның бойына біткен табиғи дарыны еліміздің медицина саласын талай биіктерге көтеріп, сан мәрте жаңалықтармен толықтырды. Ол жасаған операциялар ізбасар ғалымдарға тағылымды тәжірибе болды. М.Әлиевтің жасаған операциялары медицинаның түрлі салаларын қамтиды. Ол бірде бауырдағы эхинококты лазермен күйдірсе, ендігі бір операцияны аяқ-қол микрохирургиясы бойынша жүргізген. Ал оның қан тамырларын пластикалық жолмен байланыстыру, асқазанға хирургиялық, пластикалық операциялар жасау әдістері хирургиядағы айтулы жаңалықтардың бірі. М.Әлиев Қазақстан мен Орта Азия аймағында алғаш рет балаларға бүйрек, бауыр алмастыру (трансплантация), операцияларын жүргізген азамат. Сондай-ақ ол өт жолы мен аналық без ісігіне, соқыр ішекке эндоскопиялық әдісті ойдағыдай қолдана білді. Бұған қоса қан тамырларына жасалатын операцияларды барынша жетілдіре отырып, оны хирургиялық тәжірибеге енгізді. Академиктің еңбектерінің арасында ұйқы безіне аутотрансплантация жасау, бүйрек пен арықша бездерге, лапараскопия әдісін қолдану жұмыстары ерекше орын алады. Сондай-ақ ол Қазақстанда алғаш рет қолқа мен тәждік (коронарлық) артерияларды жалғастыру операциясын жасаған. 34 авторлық куәлік пен патент алған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет