«Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» кмм бойынша 2021-2022 оқу жылы


Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі89,5 Kb.
#118754
1   2   3   4
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc, Тарбиеші құжаттары.doc, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

4. Бағдарламаның мақсаты: экологиялық сауаттылық, мәдениет және жауапкершілік негіздерін қалыптастыру.


5. Бағдарламаның міндеттері:
1) бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаны экологиялық-эстетикалық қабылдауын дамыту, экологиялық сана негізінде құрылатын қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру;
2) бастауыш сынып оқушыларын өз жеріндегі, елдегі, облыстағы, қаладағы және әлемдегі экологиялық жағдай және оның адам денсаулығына әсері туралы хабардар ету;
3) адамның табиғаттағы мінез-құлқының нормалары мен ережелері туралы нақты түсініктерді дамыту және оларды өзінің тіршілік әрекетінде қолдану; адамның табиғатқа қатынасын көрсететін халықтық дәстүрлерді зерделеу;
4) табиғаттың экологиялық жағдайын жақсарту үшін өзінің интеллектуалды және практикалық дағдыларын пайдалану қажеттілігін қалыптастыру;
5) табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, жансыз және тірі табиғаттың бірлігін, табиғаттың, қоғам мен адамның өзара іс-қимылын зерделеу;
6) өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
7) экологиялық бағдарланған құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларының санасына сіңіру;
8) оқушыларды жақын маңдағы табиғи ортаны зерделеу және сақтау жөніндегі нақты қызметке тарту;
9) табиғат әлеміне тұрақты танымдық қызығушылығын дамыту;
6. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Білім алушылар білім алады:
адам мен табиғат арасындағы байланыс;
экологиялық жағдай, оның адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері;
өз жеріндегі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар;
табиғаттағы мінез-құлық ережелері жайында.
Білім алушылар келесі дағдыларға ие болады:
анықтамалық әдебиеттермен жұмыс;
табиғи құбылыстарды, сондай-ақ жергілікті фаунаның мекендеушілерін бақылау;
құстарға арналған астаулар жасау;
табиғаттағы дұрыс мінез-құлық;
нәтижелерін ресімдеу және өз қызметінің қорытындысын шығару.
Білім алушылар өздерінде қалыптастырады:
қызығушылық;
табандылық;
табиғатқа, жануарлар әлеміне және өз денсаулығына жағымды, жауапты қарым-қатынас; өзін-өзі ұйымдастырудың маңыздылығын түсіну және ұжымдық шығармашылық қызметтің тікелей тәжірибесін алу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет