Ақмола облысы, Жақсы ауданы Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі Есенгулова Тоғжан Сейткерейқызы Кітапханашы



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#32410
1   2

Тақырыбы: Өлең құрылысы


Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлең туралы мағлұмат беріп, өлең құрылысы, шумақ, тармақ, бунақ, буын саны жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қабілеттерін ашып көрсетуге жағдай туғызып, олардың қиялын ұштап, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылар бойына Қ. Мырза Әли мен Ф. Оңғарсынова өлеңдерінен мысалдар келтіру арқылы адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, туған жерді аялау, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;

Өлең құрылысы дегеніміз не?
1. Әдеби жанрлар туралы. 2. Өлең деген не? 3. Өлең құрылысы.
4. Шумақ туралы. 5. Ұйқас түрлері. 6. Тармақ. 7. Бунақ жайында. 8. Буын саны.
І. Әдеби жанрлар поэзия, проза және драма болып үшке бөлінеді. Поэзияға өлең, баллада, поэма, хисса - дастан және рубаилар жатады.
Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма.
Жалпы кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болады. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Тақырып әр түрлі болады. Мысалы, туған жер, Отан, табиғат, махаббат, т. б. болуы мүмкін.
ІІ. Өлең - көптеген компоненттерден құралатын біртұтас шығарма. Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ.
Шумақ – кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты) құралып, аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі. Мысалы:
Қалаул(ы) ақын бола алдым ба,
Қалың қауым күнде тыңдар!
Аңқылдаған ел алдында,
Азаматтық міндетім бар.
(Қ. Мырза Әли. «Парыз»)
ІІІ. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек. Мысалы:
Ана тілің – арың бұл, - а
Ұятың боп тұр бетте. - б
Өзге тілдің бәрін біл,- а
Өз тіліңді құрметте! - б
Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқасы Шұбыртпалы ұйқас Кезекті ұйқас
----------------------- а ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
----------------------- б ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
Шалыс ұйқас Егіз ұйқас
---------------------- а ----------------------- а
---------------------- б ----------------------- а
---------------------- в ----------------------- б
---------------------- б ----------------------- б
ІҮ. Өлең шумағының тағы бір бөлшегі – тармақ. Тармақ деп өлеңнің әрбір жолын айтады. Тармақ бунаққа, бунақ буынға бөлінеді.
Ү. Бунақ өлеңдегі ырғаққа байланысты болады. Ал ырғақ буын санына тікелей бағынышты болады.

Мысалы,
О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, - 3 бунақ, 11 буын.


Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен. – 3 бунақ, 11 буын.
Сағ(ы) нышымды қанат қып саған қарай, - 3 бунақ, 11 буын.
Балапандай талпынып ұшамын мен. – 3 бунақ, 11 буын.
(«Туған жер». Ф. Оңғарсынова)
Бұл өлең бір шумақтан, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған.
VI. Шығармашылық тапсырма: «Жалғасын тап!» ойыны.
Бұл ойында оқушылар берілген екі тармақ өлеңге өз жандарынан тағы екі тармақ жалғап жазып, автор нұсқасымен салыстыру арқылы ойды аяқтау тәсілдерін меңгереді.
1. Бұл қара жер болған бізге кең мекен,- а
Кең мекенге қанша қауіп төнді екен! - а
--------------------------------------------------, - б
--------------------------------------------------. - а
(Қ. Мырза Әли. «Жер»)
2. Ерке өзендер жатпайды тасып ағып, - а
Таулар да тұр жамылып басына бұлт. - а
--------------------------------------------------, - б
--------------------------------------------------. - а
(Ф. Оңғарсынова. «Күз»)

ҮІІ. «Тармақты толтыр!» ойыны.

Тұрсаң болды, Туған жер, көктеп кілең, - 11 буын
Арманымды....... ерттеп мінем. – 11 буын
Бағышталған өзіңе бір ауыр сөз – - 11 буын
Маған қарап....... оқ деп білем! – 11 буын
(Қ. Мырза Әли. «Туған жер»)

Арғ(ы) мақтары қайд(а) екен бұл даланың, - 11 буын


Бәйг(е) алаңын.......... шыдамадым. – 11 буын
Аңсап келген ауылда сәйгүлікке - 11 буын
Тақым салмай мен....... тұр(а) аламын?! - 11 буын
Келесі сабаққа:
Әр ұйқас түрлеріне буын санын сақтай отырып, бір шумақтан өлең шығарып келу. Тақырып таңдауға шек қойылмайды.

25-26 сабақ.

Тақырыбы: Көңіл - күй лирикасы
Мақсаты:

Білімділік: көңіл - күй лирикасы туралы еске түсіре отырып, олардың түрлерін анықтау, Абай өлеңдерін талдау
Дамытушылық: ой - қиялын дамыту, ақпараттық құзыреттілік арқылы шығармашылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың ұлы адамдардан үлгі - өнеге алуына, олардың өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ұлы адамдардың суреттері, нақыл сөздер.

1. Психологиялық ахуал туғызу


ІІ. Қызығушылықты ояту /Мәселені шешу құзыреттілігі/
Өлең дегеніміз не?
Өлең - белгілі бір өлшеммен қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі.
Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?
Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лиракасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы
ІІІ. Мағынаны тану /ҚЫСҚАША ШОЛУ/
Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сызба бойынша талдау
1. Авторы Абай Құнанбаев
2. Тақырып – бұл өлең табиғат туралы. Өлеңде ақын табиғат пен махаббатты үндестіре суреттейді.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең).
IV. Идеясы - Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді. Жазғытұры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» Абай табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды, үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» ойын бос жүріс, алдымен білім алу керектігін жастарға айта білді - философиялық лирика.
V. «Қожанасыр қоржыны» сұрақ - жауап
Сиқырлы конверт» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Балалар «Балдырған» өзі келе алмай «сиқырлы конверт» беріп жіберіпті. Оның іші толған төрт пен бес. Ол бағаларды алу үшін
кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керек.
1. Лирика дегеніміз не?
2. Абай өлеңдерінің тақырыбы қандай?
3. Лирика неше түрге бөлінеді?
4.. Махаббат туралы қандай өлеңдері бар?
5. Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?
5. Мәселені шешу құзыреттілігі /Өздігінен жұмыс/
А әрпінен басталатын қыздардың атын жаз
VI. Ой түйіндеу:
Қуанған, мұңайған, таңданған және ашуланған баланың суретін салу.

27-28 сабақ.

Тақырыбы: «Фариза – поэзия падишасы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Ақынның туған жерге, елге даген сүйіспеншілігін жеткізу. Балаларға поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы: Ақынның өмірі мен шығармаларын таныстырып, өлеңдерін жаттату.
Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:
жаны- тұнған тұңғиық тереңдік те, қимылы-ырғақ, әуен;

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын. Анасы - Иманғалиева Қалима. Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ). Немерелері - Анита (1987 ж туған ), Алан (1996 ж туған ), Әнел (1999 ж туған). 

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.

Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. қын-ғұмыр қандай күрделі! Ақын-ғұмыр қандай арпалысты. Бір сәт Құрманғазының «Сарыарқа» күйіндей жұлқынып тұрса, кейде екі дем, бір тыныстың арасында пәсейіп сала бермей ме? 

Алып ұшқан арманыңды, маздап жанған мақсатыңды ғұмырыңа шақтап тілемесең, адамның түбіне түпсіз тілегі жетеді екен ғой.

Шығармашылық тапсырма: 

  1. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқыту.

  2. Ақын шығармаларын талдау.

  3. Өз ойларыннан өлең құрау.

29-30 сабақ.

Тақырыбы: «Ана» туралы мағлұматтар беру


Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. 

Ана туралы мағлұматтар беру:

Әйел жерден шыққан жоқ,


Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов.


Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше, әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, яғни аналар күні болып табылады. Алғашқы көктем мерекесі - Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
 
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да, мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін «ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі.

Шығармашылық ізденіс тапсырмалары: 

  1. «Ана - сен не деген керемет ең!» тақырыбында шығарма жазу.

  2. «Атыңнан айналайын, Ана деген!» өлең құрау.

  3. Әркім өз анасын сурет арқылы бейнелейді.

31-32 сабақ.

Тақырыбы: Кітап – рухани сарқылмас қазына

Сабақтың мақсаты: 
а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Слайдтар, кітаптар.
Кітаптар туралы мағлұматтар беру:
Мұғалім сөзі: 
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.

Шығармашылық тапсырма:

  1. «Кітаптар мұңы» көрінісін сол жерде сахналық қойылым ұйымдастырылады.

  2. Монолог.

  3. Кітап ұстау ережесі.

  4. Қожанасыр қоржыны (Тапсырмалар орындау).

33-34 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» дастаны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға дастанның негізгі идеясын меңгерте отырып, ондағы көтерілген мәселе, адамгершілік пен қатыгездік, сатқындық пен аңқаулық қасиеттерін кейіпкерлер әрекетін талдай отырып түсіндіру;

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке баулу, автор айтпақ болған негізгі мәселе жөнінде ойларын тыңдау, талқылау, ойларын ашық жеткізе білуге үйрету. Сатқындық пен айлакерлік қасиеттерден бойын аулақ ұстау керектігін айта отрып, туған жерін, елін құрметтеуге баулу;

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық жұмыстар арқылы таным-түйсіктерін дамыту, тарихи деректерді айта отырып өзіндік ой түйе білу қасиеттерін шыңдау;

Ақынның өмірі мен шығармаларына қысқаша шолу:

Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген дүлділ ақын, қоғам қайраткері. Автордың шығармалары 70-тен астам тілге аударылып, халық арасында өз орнын таба білген озық туындылар. Шығармаларының тілі өткір, мазмұны кең.

Біз талдағалы отырған шығармасы «Отырар» қаласының бастан кешкен аянышты халі айтылған оқиғалы шығарма. Ең алдымен отырар қаласы туралы айта кетейін: Отырар Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының т.ж.станциясынан солтүстік батысқа қарай 7 км. жерде орналасқан. Отырар 8 ғ.-дың басынан Тарбанда деген атаумен белгілі болып келді. Қала 5-15 ғ.ғ. Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орталық Азиядан Сібірге, Моңғолия мен Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1218 ж. отырар билеушісі Қайыр хан әмірі бойынша Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның қалаға шапқыншылық жасауына себеп болады. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» делінеді. 1219 ж. моңғол әскерлері Отырарға жетіп, қаланы күл-талқан етеді, қала тұрғындары қырғынға ұшырайды.

Шығармашылық тапсырма:( дастанды оқып беру)

1. Шыңғыс пен Шағатайдың тілдесуінен не ұқтыңдар?

2. Отырарды басып алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретіп отыр?

3. Қайран тірлік бақ пен сор қырқысқан. Түлкі-сайға, Қыран-өрге тырмысқан,-дегендегі түлкі кім, қыран кім?

4. Шыңғыстың құрметіне бөленуді ойлап, опасыздық жасаған Қарашоқыға Шыңғыстың берген бағасы. Оқып бер.

5. Қайыр хан өлім сағатын күткенде нені армандады? Ол арманы орындалды ма?



1-деңгей: Кейіпкерлерге мінездеме беру: Қайыр хан, Қарашоқы, қария, Шағатай, Шыңғыс хан.

2-деңгей: Мәтіннен диалог пен монологты табу.
35-36 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен, наным-сенімдерімен таныстыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру.

Тәрбиелік: 

Халықтың салт-дәстүріне, әдет ғұрпына деген құрметтеушілік сезімдерін тәрбиелеу



Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері

жайлы мәліметтер беру:

Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақ- талған қасиеттердің айнасы іспеттес болған наным- сенімдер мен әдет-ғұрыптар – бір бүтіннің бірін-бірі толықтырып тұратын екі жартысы секілді. Әдет-ғұрып – халықтың өмір салтына сай әрекет-амалы болса, на- ным-сенім – халықтың ойлау жүйесін құрайды. Бірақ, наным-сенім елдің тұрмыс-тіршілігін бір ретке келті ретін күш-қуат ретінде әрдайым іс-әрекеттің алдында тұрады. Сол секілді қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына деген құрметтеушілік сезімдерін атап өтсек,;

1. Аңыз әңгімелер (Шешендік сөздер)

Жиренше шешен, Алдар көсе,

Асан қайғы,Қорқыт

“Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?”



2.Эпостық жырлар

“Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”,“Ер Қосай”, “Ер Тарғын”



3. Лиро эпостық жырлар

“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”,

“Қыз Жібек”,

 “Айман - Шолпан”



5. Мақал-мәтелдер

Жері байдың елі бай.

Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ.

Талаптымен таласпа.

Оқушыларға Аңыз әңгімелер мен лиро эпостық жырлар, мақал-мәтелдерді түсіндіре отырып, шығармашылық ізденіске бағыт-бағдар беру.

Шығармашылық тапсырма:


  1. Мақалдың жалғасын тап.

  2. Отау көтеру салт-дәстүрін жинақтау.

  3. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері”

 тақырыбымен танысып, сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.

 37-38 сабақ.



Тақырыбы: Спорт – сенің серігің тақырыбындағы өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

 ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?  


ІІІ. Спорттың шығу тарихы. 

Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген.



Адамның өмір сүруіне;
1.    Қоршаған орта ластығы. 
2.    Дұрыс тамақтанбау. 
3.    Тұқымқуалаушылық. 
4.    Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. 
5.    Зиянды заттарды қабылдау. 
6.    Тазалықты сақтамау. 
7.    Отбасындағы кері жағдайлар. 
8.    Адамда стресс жағдайы жиі болуы. 

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар: 


1.    Дұрыс тамақтану. 
2.    Қоршаған орта тазалығы. 
3.    Дене шынықтыру. 
4.    Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 
5.    Зиянды заттарды қабылдамау. 
6.    Жеке бастың тазалығын сақтау. 
7.    Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. 
8.    Эмоциялардың оң болуы.   

Шығармашылық тапсырмалар:

1. Тест құрастыру.

2. «Спорттың орын ерекше» тақырыбында суреттер сайысы.

3. «Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында шығарома жазу.


39-40 сабақ.

Тақырыбы: Табиғат пен адам егіз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.
Табиғат пен адам егіз деген сөздерге түсінік беру:

Біздің табиғатсыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Өздерің елестетіп көріңдерші, табиғаттың суы, ағашы, өзен - көлі, сұлулығы болмағанда не болар еді. Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

Оқушыларға табиғат деген сөзді түсіндіре отырып, олардың өз ойларын толықтырып отырыамын. Сонымен қатар оқушыларға шығармашылық тапсырма беріп, олардың білімдерін жетілдіремін.

Шығармашылық тапсырма:

  1. «Күн, Ауа, Су, Жер-Ана» тақырыбында көрініс қояды.

  2. «Табиғат аясында!» тақырыбында шығарма жазу.

  3. «Табиғаттың көркемдігі» тақырыбында суреттер салу.


41-42 сабақ.

Сабақтың тақырыбы:   Тәуелсіз елім – тірегім!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап, оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Себептер
1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы

2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше,  осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық. (Бене баянға кһз саламыз).



Оқушыларға шығармашылық тапсырма:

1.  «Кім көп біледі?»    Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

2. Топпен жұмыс «Қабырға газетін шығару.

3. «Тәуелсіздік – желтоқсан бастау» тақырыбында шығарма жазу.
43-44 сабақ.

Сабақтың тақырыбы:  Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану
Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар
А.Байтұрсынұы жайлы мәліметтер беру:

Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы- А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. 

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. 

Ақынның «Балаларды оқуға шақыру» өлеңіне түсінікбере отырып, оқушыларға білімге, өнерге құштарлығын ояту.
Маңызды оқиғалар | Жылдар | Шығармалары |

Шығармашылық тапсырма:
1. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңін мәнерлеп оқыту.


2. «Мен өскенде кім болам?» тақырыбында шығарма жазу.
45-46 сабақ.

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» өлеңіне сипаттама беру

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» өлеңінен оқушыларға ақыл-кеңес, өнер-білім, діни көзқарастарын, сана-сезімдерін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру.

Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр»

өлеңіне сипаттама беру

Бұл Шәкәрімнің жеті шу­мақтан тұратын өлеңі. “Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр” – дейді Шәкәрім. Өлең­нің осы екі жолында ақыл, жан және тән деген үш ұғым тұр. Бірінші ұғымға ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр деп, Шәкәрім нақтылы түсінік берген, бірақ бұл түсінік тағы бір түсінікті қажет етуде. Неге ақыл өлшеусіз жарық нұр және өлшеусіз жарық нұр дегеніміз не? Ақыл деген адамның қа­сиеті емес пе? Олай болса ақылды неліктен адамнан тыс, өл­шеусіз жарық нұр арқылы анықтау қажет болған.

Нұр деген физикалық мә­нін­де күннің сәулесі. Нұр деген діни санада Алланың құдіреті. Шәкәрімнің нұрды өлшеусіз және жарық дегеніне қарағанда, ол адам мүмкін­дігінен тыс шама. Жарық деген нұрдың қасиеті, нұр болған соң ол жарық болуы түсінікті. Жа­рық дүние деген ұғым осы­дан шыққан. Жарық дүние адам­дардың өмір сүруіне жа­сал­ған керемет жағдай. Жа­рық дүние болмаса, өмір, бәлкім, тіршілік те жоқ. Жарық дүние күнге қатысты. Жер пла­нет­а­сын жарық етіп тұрған – Күн. Әрине, бұл жарық нұр - өлшеусіз. Осы өлшеусіз жарық нұрдан ақыл шықпақ. Сонда ақыл күнге қатысты – фено­мен деуімізге әбден болады. Ғылымда әзірше дәлелден­бе­ген, бірақ мен ақылдың тікелей күн нұрына байла­нысты екеніне шүбәм жоқ.

Ақыл күннен өлшеусіз жарық нұр болып тарайды, бірақ мәселе оны қабылдауда. Ол мидың мүмкіндігіне байла­нысты. Мидың спектрлық қызметтеріне орай өлшеусіз жарық нұр ұғымдарға айнал­мақ. Бұл күн сәулесінің (нұры­ның) спектр арқылы түстерін анықтау сияқты тәсіл. Бүкіл жер бетіндегі сансыз түстің бәрінің анасы – күн сәулесі екені анықталғаннан кейін осы ретпен ақылды анықтау, менің­ше қиял-ғажап ой өрмегі емес, түсінікті табиғи жағдай болуы керек. Мәселе, ақылдың радио­толқындарын адам өз миы арқылы қабылдап, оны ақылға ай­налдыруында. Айталық, Платон қабылдаған нұрды сол заманда өзгелер неге қабылдай алмады. Немесе, Абайдың ақы­лы неліктен оның туыстары, жақындарында болмады. Зама­нында Мұхаммед пайғам­барымызға Құран аяттарының аят ретінде түскені, адамның өлшеу­сіз жарық нұрды қабыл­даудағы мүмкіндігі туралы айғақты дәлел емес пе?-дей отырып оқушылардың шығармашылық ізденістеріне көңіл бөлу.



Шығармашылық тапсырма:

  1. «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» өлеңін түсінікті етіп оқыту.

  2. Өлеңдегі ақыл, жарық нұр сөздеріне сипаттама беру.

  3. Осы өлеңге сүйене отырып, өз жанынан өлең шығару.


47-48 сабақ.

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңіне талдау
Сабақтың мақсаты: М. Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру. өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға көңіл бөлу, өлеңге сатылай кешенді талдау жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымды кеңейту. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, «Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Шығармашылық тапсырма:

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
Ой қозғау.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Өлеңді оқу, талдау.
М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін таратып беремін.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
2. Бірнеше оқушыға қайталап оқыту.
3. Өлеңнің мазмұны туралы түсінігін қысқаша сұрау.

Мағжан – халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі - өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен - ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.



49-50 сабақ.

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» шығармасын оқу.

Сабақтың жалпы мақсаты «Жауынгер тұлғасы» атты үзіндіні талдай отырып, Ұлы Отан соғысы, ондағы ерліктер, жауынгерлердің еліне деген патриоттық сезімдерін жеткізу. Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта білу. Жолдастыққа, сыйластық пен ізгілікке үйрету. Өз Отанын сүйе білетін елінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу.  Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту. 

Б.Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» тақырыбы жайлы қысқаша шолу.

 Оқиға қай кезде, қай жерде болған ұрыс туралы? Сол ұрыста Бауыржанның жанында небары неше жігіт болған?  Олар неден ұтты, немістер неден ұтылды?Полковник Серебряков  не себептен дивизия штабына шақыртты? Қарт генерал Бауыржан Момышұлынан нені толық баяндауын өтінді? Риза болған генерал батасын беріп аттандырып жатып, оны қандай лауазымға тағайындады?Кескілескен шайқаста Баукең жауынгерлеріне қандай талап қойды, нендей жарлық берді ?Жараланған Бауыржан неліктен емделуге кетпей қалды?   Күші басым жаудан тосылған жауынгерлерін қалай қайрады? Қобалжыған қиын шақтарда ер намысына тидіре айтқан қазақтың екі ауыз мақалы қандай?Жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан жауынгерлердің есімін кім атайды?Б: Момышұлының соғыс тақырыбына жазған тағы қандай шығармаларын білесің?

Бауыржан аталарың туралы жазған жазушыларды кім біледі?Қазақтың Қаһарман Батыры туралы қандай кинофильмдер көрдіңдер?Ұлы Отан соғысы туралы өз беттеріңмен оқыған шығармаларың бар ма? Жауынгердің  бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?


Топтық жұмыс. Тапсырмалар беремін. (5 мин) 

1. Оқушылардың ойларын тыңдаймын. 


2. Оқушылар топ басшысын сайлап, ол өз мәтінін басқа топқа түсіндіреді. Әр топтан 1 адамнан шығып мазмұндап береді. 
3. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. 
4. Оқушылар мәтінді толық қарап, мақал-мәтелдерді айту керек. 
5. Әр оқушы флипчартқа жауап жазады. 

Оқушылар нәтижесінде топтық тапсырмадан кейін өз беттерінше жұмыс жасай алады.



51-52 сабақ.

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Отан» өлеңіне мағынасын түсіндіру.

Мақсаты: 1. Мақатаев өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, отан туралы өлеңін түсіндіру, білімдерін тереңдету.

2. Топпен жұмыс істеу арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

3. Елін, жерін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын, сүйетін азаматты тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, кесте толтыру, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кесте қағаздар, М.Мақатаев суреті, өлең жазылған плакат



1. Қызығушылығын ояту. Сыныпты топқа бөлу. Тапсырма беру.

2. Осы Отан сөзінің мағынасын ашу (әр топ жазып тақтаға жапсыру)



3. Мағынаны тану

  • Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын таныстыру

  • Өлеңді оқу

  • Топтар талдайды

  • Әр топтан 1 оқушы оқиды

  • Ж. Смақов пен М. Мақатаев өлеңдерін салыстыру

4. Ой толғаныс

1. Өлеңдегі ұқсастықтар

2. Өлеңдегі ерекшеліктер

3. Мақал-мәтел айту (мағынасын ашу)



5. Отан туралы өлең шумақтарын айту.

53-54 сабақ.

Тақырыбы: «Әз наурыз» туралы ақындардың шығармалары


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Наурыз туралы мәлімет бере отырып, осы мерекеге орай наурыз туралы ән үйрету, жергілікті ақын-композиторлардың шығармашылығымен таныстыру. 


«Әз наурыз» туралы ақындардың шығармалары жайлы

қысқаша мәліметтер.

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.


Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды.

Шығармашылық тапсырма:

  1. «Наурызым, айналайын!» тақырыбында оқушыларға шығарма жаздыру.

  2. «Наурыз!» тақырыбында өлең құрау.

  3. «Әз наурыз» тақырыбында суреттер салу және оны қорғау.


55-56 сабақ.

Тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайында мағлұмат беру, қаламгердің Есіл өлкесінің көркем табиғатын танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін жергілікті жердің табиғат көріністерімен салыстыра меңгерту.Оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, тілдік қорын дамыту.Жазушы өмірін өнеге ете отырып, туған жердің табиғатын сүюге және құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, кубизм, сөздік жұмысы, кестемен жұмыс, ойтолғау, интерактивті тақтамен жұмыс.

Ақын туралы мәліметтер беру:

С.1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында дүниеге келген.1968 жылы Ақын, өлеңге алғаш қадамы 19 жасында басталған.

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы «Өмір мектебі» романының авторы. Қоғам қайраткері Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Мұғалім: - Жазушының «Өмір мектебі» романы жазушының өз басынан

өткен өмір белестері жайында сыр шертеді. «Саятшы Ораз» үзіндісінде кейіпкердің балалық шағында есінде сақталып қалған Ораз атты саятшының мергендігі, құсбегілігі мен аңшылығына қоса, қайырымдылық, мейірімділік, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерін сөз етсе, «Есіл бойында» деп аталатын үзіндіде туып - өскен жері Есіл даласының табиғат көріністерін аса көркем тілмен суреттей келіп, сол туған жерге арналған әннің шығу тарихын сыр ғып баяндайды.

Есіл даласының сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағымы, жібектей жұмсақ, жұпар иісті, бой жеткен сұлудай сылана жайқалған қалың шалғыны, жылдың өзге мезгілінде жортуылын жиілетіп, шілдеде баяу есетін желі, жанға жайлы, хош иісі бар балбыраған жеміс - жидегі, шайы шымылдықтай желпініп, қас пен көздің арасында мың құлпырып, кемеліне келіп толықсып тұрған тоғайы әсем де көркем бейнеленген.

Шығармашылық тапсырма:


  1. Сәбит Мұқанов «Есіл бойында» тақырыбын оқыту.

  2. «Есіл өзені» тақырыбында шығарма немесе өлең құрау.

  3. «Ойлан тап» ойыны арқылы оқушылардың білімдерін текскру.


57-58 сабақ.

Тақырыбы: 1 сәуір «Күлкі күні»

Мақсаты: Оқушыларға 1 сәуір «Күлкі күні» туралы мәліметтер бере отырып, шығармашылық қабілеттерін ояту.

Қысқаша мәліметтер:

1 сәуір - Күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Алайда, шығу тарихының бірнеше нұсқалары бар.

Көптеген христиан дінін ұстанатын елдер 1 сәуірде күн мен түн теңелуі мен Пасха мерекесін атап өткен. Мереке күні күллі жамағат ойын-сауық құрып, әзіл-қалжыңға толы әрекеттермен көңілдерін көтеретін. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасуда. Күлкі күнінің шығу тарихы туралы келесі әңгіме 1582 жылы Рим папасы Григорий енгізген григориан күнтізбесіне көшумен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Жаңа Жыл мерекесі 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңғы күндері тойланатын. Жаңа Жылды тойлау 25 наурыздан бастау алып, 1 сәуірге дейін жалғасатын. Мерекелік апта бойы әзіл-қалжыңға толы әрекеттер жасалып, көңіл көтерілетін. Жаңа күнтізбеге көшкен соң, бұл дәстүр өз күшін жоғалтқан жоқ. Жаңа Жылды тойламаса да, әзілге жақын жамағат ойын-сауықты жалғастыруды тоқтатпады. Кейбір деректерде күлкі күні Ежелгі Үнді елінен шыққан делінеді. Үндістанда 31 наурызда әзіл-оспақ күні атап өтіледі. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Ежелгі Рим күлкі күнінің шығуына себеп болды. Ақпан айының ортасында "Зердесіздер мерекесі" тойлана бастады. Күлкіге толы мереке сәуір айына дейін жалғасатын. Бұл мереке Күлкі құдайының құрметіне орай атап өтілетін. 18 ғасырда күлкі күні кеңінен танылып, ауқымды әзілге толы шараға айналды. Күлкі күнінде міндетті түрде өзгелермен әзілдесіп, барлығын алдау керек. Еуропадан бастау алған бұл шара уақыт өте келе әлемнің басқа да мемлекеттеріне кеңінен таралды. 1 сәуір күні әзілге толы іс-әрекеттер мен ойындарға жол беру керек. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дегендей, бұл күні үлкен-кіші, жас-кәріні бір алдап қоюды ұмытпаңыз.

Шығармашылық тапсырма:


  1. «Күлкі күні» оқушыларды актерлік шеберлікке баулу.

  2. Өз беттерінше жұмыс жасай алуға үйрету.

59-60 сабақ.

Тақырыбы: 1 мамыр «Бейбітшілік күні» әр ұлттың ынтымығы.

Мақсаты: 1-мамыр халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;

Көрнекілігі: достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, қабырға газеттері, шарлар, слайд.



Оқушыларға 1мамыр халықтар арасындағы достықты нығайту жайлы қысқаша мәліметтер беру.

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

 

Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.



 Шығармашылық тапсырма:

 1. Миллион кімге бұйырады. Сұрақ-жауап

2. «Тіл өнері»

3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

4. «Ізденген жетер мұратқа»

Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.



61-62 сабақ.

Тақырыбы: 7 мамыр «Айбынды –Отанымның сарбаздары!».


«Жырым мен елімді сүйсіндірсем» элективті  курсының бағдарламасы

Р/с

Сабақтың  мазмұны

Сағат Саны

Өткізілетін түрі

1

 Қазақ халқының ақындар мен жазушылардың өмірбаянымен таныстыру

2

 Әңгімелеу

2

Ақын-жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру

2

 Насихаттау

3

Абайдың өмірі мен әндерімен таныстыру

2

  Әңгімелеу

4

Ақын-жазушыларымыздың алғашқы қоңырауға арналған өлең-жырларын оқыту

2

Мәнерлеп оу

5

  Мұқағалидің туған жер тақырыбындағы жырлары

2

 Шығарма жазу

6

Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың туғанына 77 жыл

толуына орай, ақынның шығармаларымен таныстыру

2

 Әдеби кеш

7

Тіл тағдыры – ел тағдыры тақырыбында қалам тербету

2

 Шығарма жазу

8

Ақындарымыздың «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбындағы өлең жырлары

2

Жатқа айту

9

С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы.

2

 Кітапханалық сабақ

10

«Гүлдене бер, Қазақстаным!»

2

 Суреттер сайысы

11

Ыбырай шығармаларының басты негізі – еңбек тәрбиесі

2

 Әңгімелеу

12

Өлең құрылысы

2

 Кітапханалық сабақ

13

 Көңіл-күй лирикасы.

2

 Шығармашылық-ізденіс

14

«Фариза – поэзия падишасы»

2

Өлеңдерін жатқа айту 

15

«Ана» туралы мағлұматтар беру

2

 Өлең шығару

16

Кітап - рухани сарқылмас қазына

2

 Кітапханаға саяхат

17

М.Шахановтың өлең-жырларынан адамгершілікті дәріптеу

2

 Шығармашылық-ізденіс

18

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері


2

 Оқушыларға насихаттау

19

 Спорт – сенің серігің тақырыбындағы өлең-жырлар

2

 Шығармашылық-ізденіс

20

Табиғат пен адам егіз

2

  Шығарма жазу

21

Тәуелсіз елім – тірегім!

2

Шығармашылық ізденіс

22

Ахмет Байтұрсынұлының (Балаларды оқуға шақыру» деген өлеңін оқыту

2

 Мәнерлеп оқыту

23

Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» өлеңіне сипаттама беру

2

 Пайымдау

24

Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңіне талдау

2

 Шығармашылық ізденіс

25

Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» шығармасын оқу

2

Насихаттау

26

Мұқағали Мақатаев «Отан» өлеңіне мағынасын түсіндіру

2

Шығармашылық ізденіс

27

«Әз наурыз» туралы ақындардың шығармалары

2

Шығармашылық тапсырмалар

28

Сәбит Мұқанов «Менің мектептерім» поэмасынан үзінді

2

Өз ойларын толығымен жеткізу

29

1 сәуір «Күлкі күні» арналған

2

Қойылым

30

1 мамыр «Бейбітшілік күні» әр ұлттың ынтымағы туралы

2

Шығарма , мақала жазу

31

7 мамыр «Айбынды –Отанымның сарбаздары!» күніне орай

2

Шығармашылық ізденіс

32

9 мамыр «Ардагерлерге тағзым» тақырыбында ардагерлермен

2

Кездесулер

33

Әлихан Бөкейханов  «Әлихан жаңғырығы».


2

Шығармасын оқушыларға насихаттау

34

Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» шығармасы

2

Өз бетімен ізденіс

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет