Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Даниэльдің электрохимиялық элементі



бет46/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
2 Тәжірибе. Даниэльдің электрохимиялық элементі
Жұмыстың мақсаты: Даниэльдің электрохимиялық элементінің ЭҚК анықтау
Құрал-жабдықтар: U-тәріздес түтікше, көлемі 500мл химиялық стакандар, мыс және мырыш табақшалары, техникалық таразы, мыс сымы, ішкі кернеу 2000Ом болатын вольтметр.
Реактивтер: 10-тік калий нитраты (KNO3), 1М және 0,1М мыс сульфаты мен мырыш сульфаты (CuSO4, ZnSO4) ерітінділері, күйдіргіш натрий (NaOH), калий цианиді (KCN), этил спирті.
Жұмыс барысы:
7-ші суретте көрсетілгендей құралды жинаймыз.

7-сурет. Даниэль Якобидің гальваникалық элементінің құрылысы мен сызбасы


Көлемі 500мл стаканға 1 250мл 1М мыс сульфатының, ал екінші стаканға 2 дәл сондай мөлшерде 1М мырыш сульфатының ерітінділерін құяды. Мыс пластинкасын 3 50-тік азот қышқылының ерітіндісіне уландырып, дистилденген сумен шаяды, кептіреді де, мыс сульфатына батырады. Мырыш пластинкасын 4 қағазбен әдбен тазалап, дистелденген сумен шайып, кептіреді де, оны мырыш сульфатына батырады. Сосын пластинкаларды вольтметрге жалғайды. Электролиттік кілт 5 ретінде 10-тік калий нитратының (немесе хлоридінің) ерітіндісімен толтырылған U-тәріздес түтікшені қолданады. Түтікшенің ауыздарын қоршаған ерітіндіге К+ және NO3- иондарының еркін диффузиясына кедергі келтірмейтін, бірақ түтікшеден КNO3 ерітіндінің төгілмеуіне жол бермейтін, фильтр қағаздан жасалған тығындарымен 6 жабады. Осы кілт арқылы екі электродты бір бірімен қосады.


Электролиттік кілтті ерітінділерге батырған соң вольтметр 1,1В кернеуді көрсетеді  .
Енді екі пластинканы алып, біріншіден дистелденген суда, екіншіден спиртте шайып, кептіріп технохимиялық таразыда 0,01г дәлдәкпен олардың массаларын өлшейді. Содан соң Даниэль элементін қайтадан жинайды да, оны 30 минутқа қосады. Уақыт өткен соң ерітіндіден пластиналарды алып, оларды дистелденген сумен, сосын спиртпен шайып, кептіріп, қайтадан таразыда олардың массаларын өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет