Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет10/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Жылқы нутталиясы. Нутталлиоз - қарапайым қоздыратын қызбамен, қанның азаюымен, сарғаюмен, қан құйылумен, орталық жүйке, жүрек қан тамырлары және ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін трансмиссивтік ауру.
Нутталлиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есек, қашыр) жануарлар ауырады.
Nuttalіa equі Theіlerіdae тұқымдасына жататын қан эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні сопақ, алмұрт тәрізді және нүкте тәрізді болып келеді. Паразиттің тұрқы 1-4 мкм.. Жылқы қанында бұл паразиттер екі, үш және төртке бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест тәрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл түрлерін “мальта кресі” деп атайды. Тақ тұяқтылардың қанында нутталиялар өте ұзақ уақыт – 6 жылға дейін, ал кейбір деректерге қарағанда 18 жылға дейін сақталады. Егер жылқы қанында паразиттердің ірі және орташа түрлері басым болса, нутталиоз жіті және жітілеу түрінде байқалады, ал оның түрлері көбірек болса, аурудың созылмалы болғаны.
Нутталиоз ауруының қоздырғышын Dermacentor туысына жататын кенелер және Hyalomma plumbeum, Rhіpіcephalus bursa кенелері тасымал-дайды. Нутталиялар кене арқылы жылқыға трансфазалы жолмен таралады. Кене, балапан кене не нимфа сатысында инвазияланса, онда нутталиоздарды келесі сатылары нимфа немесе имаго таратады. Сондай-ақ, нутталлиялар кененің келесі ұрпағына трансовариалды (жұмыртқа арқылы) жолмен де ауысады. Кене мал денесінен қан сорғанда паразиттер оның сілекейімен жылқы ағзаіне өтеді. Олар лимфа бездері арқылы қанға өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген паразиттер өсіп-дамуын жалғастырып, жедел түрде бөлініп көбейе бастайды. Нәтижесінде нутталлиялар қандағы эритроциттердің 10-30 % -тін зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет