Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет11/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Кокцидиалар. Кокцидиоздар – Coccіdіa отрядында, споровиктер тобына жататын бір топ қарапайымдылар қоздыратын мал мен құстың көбінесе ішек кілегей қабатының эпителий жасушаларын зақымдайтын Қарапайымдылар тобы. Жеке мал түлігіне бұл ауруларды Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар түрлері қоздыратын болғандықтан, оларды эймериоз деп атаған жөн, ал кокцидиоз дегеніміз отряд атауынан шығатын жалпылама аты.
Кокцидиозбен, әсіресе үй қояны мен тауық көбірек және қатты ауырады. Сондай-ақ, ірі қара, қой, ешкі, күркетауық та ауырады.
Кокцидиялар ооциста сатысында ішектен сыртқа шығады. Олардың түрін айыру үшін ооцисталардың пішінін, түсін, тұрқын, микропилесінің (кішкентай тесік) бар-жоғын, споруляция мерзімін және т.б. сипатта-маларын білу шарт.
Мал мен құс ағзаінде кокцидиялар жыныссыз көбею немесе шизогония және жынысты даму немесе гаметогония сатыларынан өтіп ооцисталар түзейді де, ооцисталар ішектен нәжіске араласып сыртқа шығып, спорогония сатысынан өтеді.
Спорогония сатысынан өткен ооцисталарды мал мен құс инвазия-ланған жеммен не сумен жұқтырады, ішекке жеткен соң ооцисталардан спорозоидтар бөлініп шығады, себебі ішек сөлдерінің әсерінен ооцисталар қабығы ыдырап кетеді. Сонан соң спорозоидтар үшкір жағымен тесіп, эпителий жасушалары ішіне енеді де трофозоитқа айналады. Онда олар өсіп, дөңгеленіп көп ядролы шизонтқа айналады. Бұл шизонттардың бірінші ұрпағы. Олардың ішінде сопақша мерозоиттар пайда болады. Мерозоиттар түзіліп болған соң шизонттар ядро саны қанша болса, сонша мерозоитқа бөлініп, эпителий жасушаларын ыдыратып, ішек ішінен шығады. Босанған мерозоиттар эпителий жасушаларына қайта еніп, шизонттардың екінші, үшінші, ал эймериялардың кейбір түрлерінде, төртінші және бесінші ұрпағын түзейді.

2- сурет. Эймериялардың даму сатылары
1 – спорозоит; 2-4 – шизонттар; 5 – мерозоит; 6 – микрогаметтердің жетілуі; 6А – макрогаметтер; 7 – микрогаметтер; 8 – ооциста; 9 – спорланбаған ооциста; 10-12 – спорогания сатысы.

Гаметогония-жыныссыз көпке бөлініп көбеюден кейін келетін, көбеюдің жынысты түрі. Гаметогонияның мәні мынада, шизонттардың соңғы ұрпағынан гамонттар түзіледі. Сонан соң бұл жасушалардан макрогаметоциттер және микрогаметоциттер айрықшаланады. Бұдан кейін макрогаметоциттер ірі және аз қозғалатын ұрғашы жыныс жасушалары-макрогаметтерге айналады.


Микрогаметоциттердің ядролары көптеп бөлініп, одан пайда болған жаңа ядролар маңына цитоплазма түзіледі, мұның нәтижесінде екі-үш бишігі бар, орақ тәрізденген еркек жыныс жасушалары пайда болады. Қозғалымпаз микрогаметтер макрогаметалар денесіне еніп, оларды ұрықтандырады, оның нәтижесінде копула немесе зигота түзейді. Осыдан кейін зигота қабықпен қоршалып, ооцисталарға айналады. Ооцисталардың пішіні кокцидиялар түріне қарай сопақ, дөңгелек, жұмыртқа, эллипс және алмұрт тәрізді болады. Ооцисталар қабығы көбінесе екі қабатты, ал цитолазмасы түйіршікті болады. Кейде кейбір кокцидиялардың біржақ ұшында микропиле-кішкентай тесік пен оны жауып тұрған қақпақша және жылтыр нүкте-полярлық түйіршік болады.
Сыртқа шыққан ооцисталар цитоплазмасы түйіршікті болады. Сыртқа шыққаннан кейін ол шар тәрізденіп тығыздалады да тіршілікке қолайлы жылылық, ылғалдық және ауа жеткілікті жағдайда, төрт споробластқа бөліне бастайды. Сонан соң олардың әрқайсысының маңына қабықша түзіліп, спороцистаға айналады. Спороцисталар ішінде екі-екіден орақ тәрізденген спорозоиттар түзіледі. Олар түзілісімен спороцисталар спораға айналады. Сайып келгенде, спорогония нәтиже-сінде Eіmerіa туысына жататын кокцидиялардың ооцисталары ішінде сегіз спорозоит түзіліп, осымен оның сыртта дамуы аяқталады. Мұндай ооцисталар дамып жетілген және олар ауруға бейім малға жұқса, ауру қоздыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет