Қанның артериялық қысымы[]



бет3/5
Дата21.11.2023
өлшемі73,13 Kb.
#192562
1   2   3   4   5
Байланысты:
каннын артериялык кысымы
ICT 500 voprosy doc-1 (2)-1, Физика 7-8тжб 3-тоқс, 10 - сынып ТЖБ 3 тоқсан, 11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ, Регистрация на сайте

Қан қысымының нормасы 


Ересек адамның қалыпты қан қысымын тыныштық жағдайында ғана анықтау керек. Себебі кез келген физикалық немесе эмоционалдық күш қан қысымының көрсеткішіне үлкен әсер етеді. Адам организмі артериялық қан қысымын өздігінен бақылайды. Оған аздаған күш түскенде, бұл көрсеткіш шамамен 20 мм. сын. бағ-қа көтеріледі. Бұл күш түскен бұлшықеттер мен ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің анағұрлым сапалы болуын талап етуімен түсіндіріледі. 
Егер қан қысымының қандай көрсеткіші қалыпты екені туралы сөз қозғасақ, қазіргі уақытта медицина 91…139/61…89 мм.сын.бағ. аралығындағы көрсеткішті қалыпты деп мойындайды. Бұл орайда артериялық қан қысымының абсолютті нормасы - 120/80 мм.сын.бағ, аздап көтерілген көрсеткіші - 130/85 мм.сын.бағ, қалыпты түрде көтерілгені - 139/89 мм.сын.бағ. деп саналады. Ал бұл көрсеткіштің 140/90 мм.сын.бағ-тан жоғары көтерілуі ауытқу туралы ескертеді. 
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші:

  • 20 жас – ер адамдарда – 123/76; әйелдерде – 116/75;

  • 30 жасқа дейін – ер адамдарда 126/79; әйелдерде - 120/75;

  • 30-40 жас – ер адамдарда – 129/81; әйелдерде – 127/80;

  • 40-50 жас – ер адамдарда – 135/83; әйелдерде – 137/84;

  • 50-60 жас – ер адамдарда – 142/85; әйелдерде – 144/85;

  • 70 жастан жоғары – ер адамдарда – 142/80; әйелдерде – 159/85.

Адамның жасы ұлғайған сайын организмінде қалпына келмейтін процестер орын алады. Олар өмір бойына қан қысымының көтерілуіне әсер етеді. Адамның жасы қаншалықты үлкен болса, оның қан қысымы соншалықты жоғары болады. 

Артериялық қан қысымы: жас бойынша норма


Адамның қалыпты қан қысымы қандай? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Себебі әр адамның қан қысымы өзіне тән ерекше болады. Медициналық оқу әдебиетінде 120/80 мм.сын.бағ. түріндегі көрсеткішті қалыпты деп қабылдауды ұсынылады. 20-40 жас аралығындағы адамдарда дәл осындай көрсеткіш тіркеледі. 
16-20 жас аралығындағы қалыпты артериялық қан қысымы аздап төмен болуы мүмкін. Жалпы, тыныштық күйіндегі 100/70 мм.сын.бағ. қан қысымы физиологиялық норма болып табылады.
Қан қысымының көтерілуі ғана емес, оның төмендеуі де организм қызметінің нашарлауының белгісі болып табылады. Дәл осы себепті тонометрді қолдана білуді барлық дерлік аурудың алдын алудың жақсы әдісі деп айтуға болады. Қан қысымының өзгеру динамикасын бақылау үшін, арнайы күнделік жүргізген дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет