Қанның артериялық қысымы[]


Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек?



бет4/5
Дата21.11.2023
өлшемі73,13 Kb.
#192562
1   2   3   4   5
Байланысты:
каннын артериялык кысымы
ICT 500 voprosy doc-1 (2)-1, Физика 7-8тжб 3-тоқс, 10 - сынып ТЖБ 3 тоқсан, 11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ, Регистрация на сайте

Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек? 


Қан қысымын өлшеуге арналған тонометр аталатын құрал бар. Үй жағдайында автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған түрін қолданған ыңғайлырақ. Себебі қолмен жұмыс істейтін тонометр белгілі бір дағдыны талап етеді. 
Қан қысымын дұрыс өлшеу үшін келесі нұсқауларды сақтаған жөн: 

  • қан қысымын өлшер алдында денеңізге күш түспеуі керек;

  • шылым шегуге болмайды;

  • тамақтанғаннан кейін бірден артериялық қан қысымын өлшеу дұрыс нәтиже көрсетпейді;

  • қан қысымын өлшегенде ыңғайлы орындыққа отыру керек;

  • арқаны әлденеге тіреп отырған дұрыс;

  • қан қысымы өлшеніп жатқан қолды жүректің деңгейінде қою керек;

  • қан қысымын өлшеген кезде қимылдамау және сөйлемеу қажет;

  • қан қысымын екі қолдан да өлшеу керек (өлшеу аралығы – 10 минут).

Қан қысымының нормадан айтарлықтай ауытқуы дәрігерге жүгінуді талап етеді. Барлық диагностикалық процедурадан өткеннен кейін, тек дәрігер анықталған проблеманы емдеудің дұрыс әдісін тағайындай алады.

Қан қысымының нормадан ауытқуы: не себеп болуы мүмкін


Қан қысымының өзгеруіне әсер ететін себептер көп. Алайда келесі факторлар айтарлықтай жиі кездеседі:

  • Жүректің бұрынғы тәртіпте және қажетті күшпен жұмыс істей алмауы.

  • Қан сапасының өзгеруі. Жас ұлғайған сайын қан қоюлана түседі. Қан қоюланған сайын, оған тамыр бойымен ағу қиындайды. Қанның қоюлануына қант диабеті және аутоиммунді ауытқулар сияқты аурулар себеп болуы мүмкін.

  • Қан тамырларының икемділігінің төмендеуі. Бұған дұрыс тамақтанбау, денеге көп күш түсіру, белгілі бір дәрілік препараттар алып келуі ықтимал. 

  • Қанда «нашар» холестериннің артуының салдарынан атеросклероз түйіндерінің пайда болуы.

  • Гормондардың әсерінен қан тамылары саңылауларының күрт өзгеруі.

  • Эндокринді бездердің дұрыс жұмыс істемеуі.

Қан қысымы ауытқуының себептерінің негізгі бөлігін өз бетіңізше жойып, денсаулығыңызды анағұрлым ұзақ сақтауға болады. Дұрыс тамақтану, белсенді өмір сүру, тыныш өмір сүруге тырысу және күйзеліске түсіретін жағдайлардан қашуға тырысу тәрізді қарапайым қағидалар қан қысымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет