Ақпаратты – дидактикалық блок



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#103990
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 курс Ақпаратты блок Моноген. аурулар каз. 8f2af49281c02147e59b1fe07528061c
НЕВРОЛОГИЯ 100% ТЕСТЫ, 28 bases 23543, powelnax, liderstvo, 2, 7-9, d22f94368632b195444f5beb29991773, d22f94368632b195444f5beb29991773, ассуп к.а., MUN guide (2)
 

                   

Аутосомды – рецессивті тұқым қуалау 

Тұқым    қуалаудың    бұл    типінде  әдетте  ата-аналары    сау  (мутантты  рецессивті  геннің  

гетерозиготалы тасымалдаушылар), ауру  балаларында көрініс  береді(сибстарда): 

        


                          

 

 2-сурет Микроцефалияның  рецессивті  тұқым қуалауы. Ата-аналары – гетерозиготтар. 



 

Белгілердің  көп  мөлшерде  жарыққа  шығуымен  және әр ұрпақтан  ұрпаққа  берілуімен  

сипатталатын доминатты  аурулардан  айырмашылығы  рецессивті тұқым  қуалау  айқын  

байқалмайды,  әсіресе  ауру    бала    жалғыз    бала  болса,    ата-аналары    және    туысқандары  

сау болған  жағдайда.    



Аутосомды-рецессивті    аурулары  бар    жанұялардың    шежіресіндегі    ерекшелік  ерлі-

зайыптылардың  инбридингі  (қандас  туыстығы)  жағдайында    аурудың  көрініс    беруі 

популяциялық  жиілігімен  салыстырғанда жоғарлауы  болып  табылады.    

Бұл  қандас  туыстық  неке    жағдайында    гомозиготтарды  (ауру)  іріктеу  мүмкіндігінің 

жоғарлау    салдары    болып    табылады.  Бұл    құбылыспен    тұқым  қуалайтын  аурулардың, 

әсіресе  рецессивтік,  қандас  туыстық  некелердің  жоғары    жиілігімен    сипатталатын 

оқшауланған  популяцияларда (изоляттарда) жинақталуы байланысты.   

 

Тұқым  қуалаудың  аутосомды-рецессивті  типі  былайша  сипатталады:  1)  мутантты  ген 

бойынша  гомозиготтарда  ауру  дамуы;  2)  гетерозиготалы  ата-аналарында  аурудың 

клиникалық көрініс  бермеуі. 

 Сирек  жағдайларда,  гетерозиготты  адамдар  некесінде    ауру  бала  туу  мүмкіндігі  50  % 

құрайды,  бұл  аутосомды-доминантты  тұқым  қуалау    типіне  ұқсас  (  гетерозиготалы 

адамдар  некесінде  25%  емес),  сондықтан  бұл  құбылыс  жалған    доминанттылық 

(

псевдодоминанттылық

 ) деп  аталады. 

Жиі кездесетін аутосомды-рецессивті ауру – муковисцидоз. 

Муковисцидоз немесе ұйқы безінің кистозды фиброзы орта есеппен әр жаңа туған балаға 

шаққанда1:6000 құрайды. 

Ген 7 хромосоманың (7q31.2)  ұзын иінінде карталанған және 24 экзоннан  тұрады. 

Мутацияның  негізгі  түрі-қысқаша  делециялар  мен  бір  нуклеотидті  ауысулар.    

Мутациялардың  көпшілігін  полипептидті  тізбектің  508  позициясындағы  фенилаланин 

аминқышқылының болмауына алып  келетін (50-70 %) геннің (del F508) 10 экзонындағы 

үш нуклеотидтің делециялар құрайды. Мутациялардың жалпы саны 800-ден асады. 

Науқастардың көбінде  мутантты аллельдер (бір  геннің екі  әртүрлі рецессивті мутациясы 

бойынша компаундтар) әртүрлері  болады. 

Ген  1480 аминқышқылынан тұратын  «өткізгіштікті муковисцидоздық  трансмембраналық  

реттеуші» (ӨМТР) ақуыз синтезін бақылайды. 

Ген  өзінің  қызметін  экзокринді  бездерде  көрсетеді,  жасушалық  мембрана  арқылы  хлор 

мен натрий иондары тасымалын қамтамасыз етеді. 

Мутантты  ген  (ақуыз)  бронх  және  ішектің,  ұйқы  безі  мен  аталық  бездердің,  мұрынның 

қуысының  бөлетін  шырыштарының  секреттерінің  тұтқырлығын  жоғарылайды,  бұл  оның 

шығуына кедергі келтіреді, без жолдарының  бітелуіне алып  келеді. 

Екінші реттік инфекцияның қосылуы бездің ісінуі мен қабынуына әкеледі, тұтқыр секрет 

шамасын көбейтеді, бұл соңында созылмалы патологияға алып келеді. 

Аурудың патогенезінде  ұйқы  безінің сөлінің сулы-электролитті компонентінің бұзылуы, 

оның  қоюланып,  ішекке  қарай  өтуінің  қиындауын  туғызуы  маңызды  роль  атқарады. 

Осының әсерінен нәжіс массасының қалыптасуы бұзылады, ішектің өткізгіштігі төмендеп, 

ұйқы безі ұлпалары кистозды-фиброзды өзгерістерге ұшырайды. 

Муковицидоз  негізінен  клиникалық  үш  түрге  бөлінеді:  1)  өкпелік  (15-20%  );  2)  ішектік  

(10  %);  3)  аралас  (75-80  %).    1-4  %  жағдайларда  аурудың  абортивті    және    айқын    емес  

ағымды  түрлері  кезедседі. 

Бұл  ауру  баланың  туғаннан  кейінгі  алғашқы  айларында  дамиды,  тыныс  алу,  ас  қорыту 

жүйелерінің зақымдалу белгілерімен көрінеді (ауру түріне қарай). Ауру балалардың бойы 

өсуі тежеліп, бұлшық еттері дамымай қалады. 

Бұл  ауруды  диагностикалау  бронхо-өкпе  жүйесі  зақымдалу  белгілеріне,  ішек  қызметінің 

бұзылуы  мен  ұйқы  безі  қызметінің  бұзылуына,  науқастың  тер  құрамында  хлорид 

концентрациясы  60  ммоль/л  жоғары  болуына,  ДНҚ  талдауда    мутантты  геннің 

анықталуына  негізделген. 

     ДНҚ  диагностикасы  аурулардың  80  %  кездесетін  мутацияның  негізгі  6  түрін 

анықтайды. 




     Тікелей  ДНҚ  диагностикасы  гендегі  делеция  мен  инсерцияны  ПТР  әдісімен 

полиакриламидті 

гельде 

алынған 


фрагменттердің 

ұзындығын 

талдаумен 

гетеродуплекстерді  талдау арқылы анықталады. 

Рестрикция  сайтын  жасайтын  немесе  оны  жоятын  барлық  мутацияларды,  сәйкес 

эндонуклеазалардың қатысумен ПТР өнімінің рестрикциялау  арқылы, мутация  аймағын  

амплификация  көмегімен,  бөлінген  фрагменттерді  электрофорездік  талдау  арқылы  

анықтайды. 

ДНҚ  жанама  диагностикасы  ӨМТР  тоғыз  полиморфты  локусын  пайдалану  арқылы 

жүргізіледі,  бұл    үшін ауру  баланы  ата-анасының  әрқайсысынан  мутантты  ген  тіркескен 

аллельдерінің маркерін алуын зерттеу қажет 

 

         X- тіркесті мутациялар  (аурулар) доминантты және рецессивті типпен  беріледі. 



У-хромосомада мутациясы аталық бездер  қызметінің  тұқым  қуалайтын  бұзылыстарына  

алып  келетін гендердің аз тобы орналасады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет