Ақпараттық дидактикалық блок



бет3/4
Дата25.09.2023
өлшемі467,46 Kb.
#182290
1   2   3   4
Байланысты:
2 сабақ ақпарат блок Плазмолемма

Жай диффузияөздігінен, ешбір көмексіз заттардың концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтуі. Бұл әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар (май қышықылы, зәр қышқылы) және ұсақ, бейтарап молекулалар (Н2О, СО2, О2) өтеді.
Мембрана арқылы шектелген қуыстардың концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.
Жеңілдетілген диффузия – бұл әдісте де заттар өздерінің концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғарғы концентрациядан төменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды, ерекше тасымалдау ақуызы арқылы – транслоказаның көмегімен жүреді. Транслоказалар – өздері өткізетін заттарға азды көпті сай болып келетін интегралды ақуыздар. Мыс: эритроцит мембранасындағы аниондық арналар, қозғыш жасушалар плазмолеммасындағы К+ арналары, саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Са+ арналары. Транслоказа арқылы жай диффузия жолымен өте алмайтын заттар ғана өткізіледі, бірақ кейде кей заттар осы екі әдіс жолымен де өтеді, мыс; судың бүйрек арнашықтары және секреторлық эпителий жасушалар мембранасы арқылы өтуі. Транслоказалар бірнеше бөлшектерден тұрады, олардың әрекет ету механизмдерінің бірнеше түрлері болады. Транслоказа бөлшектері арасында белгілі бір өлшемді заттарды ғана өткізетін және барлық уақытта ашық болатын гидрофильдік арна.Транслоказа арнасы барлық уақытта ашық болмайды, оның ашылуы үшін транслоказа бөлшектері бетімен арнайы лиганданың байланысуы қажет. Транслоказаларда ешқандай арна болмайды, олар лигандамен байланысып, мембрана жазықтығында 1800 айналады да мембрананың екінші бетінде лиганданы босатып шығарады.
Белсенді диффузия – мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың концентрациясы градиентіне қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға өткізіледі. Заттардың бұлай өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жұмсауды қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі (Na+, K+, Ca+ сорғышы), не тотығу-тотықсыздану үдерісі (митохондрияларда) Н+ ионы сорғышы саналады.
Жасушааралық байланыс – жасушаның жасушамен немесе жасушаның жасушадан тыс матрицамен арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін молекулалық кешендер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет