Апталық қорытындының есебі «Ана тілің арың бұл» атты қазақ тілі пәндер апталығының өтуі туралы есебі



Дата05.02.2022
өлшемі2,07 Mb.
#23725

Апталық қорытындының есебі
«Ана тілің - арың бұл» атты қазақ тілі пәндер апталығының өтуі туралы есебі
(13 наурыз – 18 наурыз )
13 наурыз күні сағат 10. 40-де қазақ тілі пәндер бірлестігінің апталығының ашылу республика сарайында өтті. Ашылу пән мұғалімдер және оқушылар қатысты. 10-сынып оқушысы Блошенко Валерия мен 11-сынып оқушысы Рослов Игорь апталықтың ашылу салтанатын жүргізді. Апталық «Ана тілің арың бұл» атты қазақ тілі мұғалімдері ұйымдастыруымен ««Ана тілің арың бұл» атты» қойылымымен ашылды. Ашылу салтанатында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.Б.Аубакирова шығып сөйледі. Ол апталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, жоспарымен таныстырып, барлығын осы апталықта бірдей ат салысуға шақырды. 6- сынып оқушылары  тақпақтар оқыды. Апталықтың ашылу салтанаты «Жаса қазақ тілім» әнімен аяқталды. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелері негізінде көрсете білді. Бұл апталықтың негізгі мақсаты тәуелсіз, егемен ел халықтарының меймандостық, бауырмалдық қасиеттерін паш ету. Достық сезім, ынта-ықыласпен жалғасқан көш керуенді білім-білік, өнегелі тәрбиемен ұштастыру. Бұл ретте қазақ тілі пәндер бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізді.




13 наурыз күні 10-сыныпта қазақ тілі тілі мұғалімі Д.Б.Аубакирова «Тоқтар Әубәкіров» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ топқа бөлуден басталды. Сабақта слайд, интерактивти тақта, карточкалар пайдаланды. Тапсырмалар интерактивті тақтаға слайд арқылы орындатылды. Қазақ тілінде жүргізілген диалог-сұхбат та өз нәтижесін берді.Сабақта СТО элементтерін тиімді қолданды.



9-11 сынып оқушылары арасында «Қазақ тілінің білгірлері» атты танымдық сайысы өткізілді. Сайысты қазақ тілі мұғалімі Д.Б.Аубакирова жүргізді. Сайысқа әр сыныптан бір оқушылардан қатысты. Оқушылар құрылған сұрақтарға батыл жауап берді. Әр топтың оқушыларының жауабын саралай келе әділ қазылар 11 сынып оқушысы алға шықты.Сайыс қорытындысында Минаева Юлия 1 орынға ие болды. Қатысушаларға мадақтау қағазы мен кішігірім сыйлықтар сыйланды

14 наурыз күні 2-11 сыныптарда конкурстар өткізілді. Бұл конкурста оқушылар тапсырмаларды қызыға орындады. Ребустар, сканворд, сөзжұмбақтар, сандық әріптер атты конкурсттар өткізілді.

1-4 сыныптар суреттер көрмесі болды. Наурыз мейрамына тақырыбына оқушылар сурет салды.


16 наурыз күні қазақ тілі мұғалімі А.Н. Аубакирова 7-сыныпта «Наурыз мейрамы» атты ашық сабағын өткізді. Мұғалім Наурыз мейрамына байланысты Наурыз көже пісіріп әкелді. Сабақтың басында оқушылыр наурыз көже ішіп, топқа бөлінді.Жаңа сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазақтың ұлттық киімдері, ойндары, тағамдары туралы айтылды. Сабақта баяндау, ой толғаныс, пікірталас алаңы қолданды.



17 наурыз күні А.А. Бадырова 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Астанаға саяхат» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың түрі саяхат сабақ болды. Оқушылар топтық жұмыс, сабақта бейнефильм , бағалау парағы, қызықты сергіту сәті болды. Сабақ құрылымы, жоспарды құру жүйелі. Оқушылар түгел сабаққа қатысып отырды. Мұғалімнің сатылай кешенді талдауға негізделген тапсырмалары сабақта жүйелі пайдаланылды.







1 наурыз күні А.А. Бадырова 5-сыныпта «Үйшік ертегісі» тақырыбында сыныптан іс шара өткізді. Оқушылар мұнда ертегі көрсетті.



Апталықтың қорытындысы бойынша оқушылар мадақтамалармен және кішігірім сыйлықтармен марапатталды. Апталықтың қорытындысына байланысты мұғалімдер қабырға газетін дайындады.




«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Михайлов орта мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығының есебі






ӘБ жетекшісі: Аубакирова Д.Б.

2016 -2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0526
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0526 -> Топ: «балдаурен» екінші кіші топ. Білім беру саласы
0526 -> Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»
0526 -> Сабақтың атауы Сөйлем мүшелерінің байланысы Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет