Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»



Дата15.09.2017
өлшемі30,54 Kb.
#33967
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»

Сабақтың мақсаты.

1. Оқушыларды үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарларының қазақша атауларын дұрыс айта білуге үйрету. Неліктен үй жануарлары - деп аталатыныны, адамдар оларға қамқорлық жасайтынын түсіндіру

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатты, жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, өзбетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, ойын әдісі.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, қосымша суреттер, кітаптар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу.

2. Сыныпта жоқ оқушыларды анықтау.

3. Сабақтың мақсатын хабарлау.



ІІ. Өткенді қайталау.

Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау.



III. Жаңа сабақ:

Сабақ үй жануарларының суретін көрсетіп сөйлесуден басталады. Мына суреттегі не? (нелер?) Оқушылар ана тілдерінде суретте көрсетілегн жануарлардың атауларын атайды. Олардың бәрін бір сөзбен қалай аталатынын сұрау. Үй жануарлары туралы не білетіндерін сұрау.

Қой сүйеді баласын:

Қоңырым – деп,

Ештенені білмейтін

момыным – деп.

Ешкі сүйеді баласын:

Лағым – деп,

Тастан – тасқа секірген

Шұнағым – деп.

Сиыр сүйеді баласын :

Торпағым – деп,

Қараңғыға баспаған

Қорқағым! – деп.



  • Неге үй жануарлары деп аталады? Ойлан!

Үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе – көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.

  1. Сөздікпен жұмыс

Үй жануарларының қазақша атауларымен таныстыру

Сиыр – корова бұзау - теленок

Түйе - верблюд бота - верблюжонок

Қой – овца қозы - ягненок

Жылқы – лошадь құлын - жеребенок

Ешкі – коза лақ - козленок

Шошқа – свинья торай – поросенок

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру;

Сиыр, ешкі, жылқы түйе – бәрі мал. Бұл малдарды адамдар далада жаяды. Үйде жем беріп күтеді, сондықтан үй жануарлары дейміз – деп түсіндіру.

2. Үй жануарларының суреттерін және жеке сөздер жазылған қағаз тақта ілінеді, оқушылар сол бойынша сөз тіркестерін құрайды. Сөз тіркестерінен 3-4 сөйлем құрап дәптерлеріне жазады.

3. Жұмбақ шешу.

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Бірақ сақалы бар.

Ол не? (ешкі)

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Екі айнасы бар

Екі айыры бар. (сиыр)

4. «Сыңарын тап» ойынын ойнау.

Тақта алдына үй жануарларының суреттері ілінеді, оқушылар олардың адасқан төлдерін тауып қосуы керек. Әр жануардың суреттінің қасына қима қағаздарда дұрыс жазылған төлдердің аттарын тауап іледі. Сыныпта отырған оқушылар тексереді, ең сауатты оқушыны айтады.

5. Мәнерлеп оқу сайысы.

Оқулықта берілген «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу. Тақта алдына үш оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқиды. Ішінен ең жақсы оқыған оқушы анықталады.

6. Ойын «Үй жануарларын тап»

- Балалар, мен сендерге үй жануарларының аттарын айтамын, «үй жануарын» естігенде қол шапалақтау керек.

Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, кірпі, аю, ешкі, лақ, қоян, тиін т.б.

IV. Сабақты қорытындылау

Суреттегі үй жануарлардың қазақша атауларын қайталау.

Балалар, неге біз оларды үй жануарлары деп атаймыз?

V. Үйге тапсырма:

170-бет, 5 – тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау.



V. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0526
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0526 -> Топ: «балдаурен» екінші кіші топ. Білім беру саласы
0526 -> Апталық қорытындының есебі «Ана тілің арың бұл» атты қазақ тілі пәндер апталығының өтуі туралы есебі
0526 -> Сабақтың атауы Сөйлем мүшелерінің байланысы Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет