Қарағанды облысы мәслихаттың 2015 жылы 11 желтоқсандағы ХL сессиясының №453 шешімімен бекітілген


Сыртқы экономикалық тәуелділік сипаттамасы



бет3/18
Дата22.05.2018
өлшемі6,37 Mb.
#40584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2.1.1.1.2. Сыртқы экономикалық тәуелділік сипаттамасы

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитетінің мағлұматтары бойынша) 2012 жылы АҚШ-тың 5 022,9 млн.долларын құрады (2011 жылы 78,4%), 2013 жылы – АҚШ-тың 4 760,6 млн.долларын (2012 жылы 94,8%), 2014 жылы – АҚШ-тың 4 156,9 млн.долларын (2013 жылы 87,3%) құрады.

Сыртқы сауданың жағымды айырмасы 2012 жылы АҚШ-тың 2 665,7 млн.долларын, 2013 жылы – АҚШ-тың 2 429,0 млн.долларын, 2014 жылы – АҚШ-тың 2 245,8 млн.долларын құрады.

Облыстың сыртқы сауда айналымының шекті салмағы 2014 жылы өзінің жалпы республикалық мөлшерінде 4,2% құрады (республика бойынша 7-ші орында).

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымының құрылымы:

- 2012 жылы: экспорт – 82,8%, импорт – 17,2%;

- 2013 жылы: экспорт – 76,5%, импорт – 23,5%;

- 2014 жылы: экспорт – 77,0%, импорт – 23,0%.

Облыстың 2014 жылғы экспорттық-импорттық операцияларында континенттер бөлінісінде әлдеқайда шекті салмаққа Азия елдері ие (66,5% немесе АҚШ-тың 2 млрд. 763,2 млн. долл.), Еуропалық одақ елдері (16 % немесе АҚШ-тың 666 млн. долл), ТМД (15,8% немесе АҚШ-тың 656,9 млн. долл.) және Америка (1% немесе АҚШ-тың 43,1 млн. долл.).

2014 жылы Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің шамамен 100 мемлекетімен өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарын ұстанды, оның ішінде 44 мемлекеттерге өнім экспортталып, 74 мемлекеттен импортталып отырды.

2014 жылдың қорытындылары бойынша экспорт АҚШ-тың 3 201,4 млн.долларын (2013 жылы 89,1%) құрады, 2013 жылы – АҚШ-тың 3 594,8 млн.долл. (2012 жылы 93,5%), 2012 жылы – АҚШ-тың 3 844,3 млн.долл. (2011 жылы 72,5%) құрады.



1 кесте.

Қарағанды облысы экспортының құрылымындағы тауарлық топтардың үлес салмағы

Тауарлы топтың атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар

72,8

75,7

68,0

Минералдық өнімдер

11,1

12,5

23,5

Басқа тауарлар

13,2

8,6

5,2

Азық – түрлік тауарлары

2,1

2,2

2,5

Химиялық өнеркәсіп тауарлары

0,7

0,6

0,6

Дәстүрлі түрде 2012-2014 жылдар бойы облыстың экспорты мөлшеріндегі әлдеқайда жоғары шекті салмаққа металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар ие, олардан кейін минералдық тауарлар мен басқа тауарлар бар. Тізімді азық – түлік өнімдері мен химиялық өнеркәсіп тауарлары аяқтайды.

2014 жылы экспорттық операциялар бойынша негізгі серіктес-мемлекеттерге Қытай (экспорттың жалпы мөлшеріндегі 77,6%), Біріккен королдік (2,9%), Иран (8,7%), Өзбекстан (2,0%) жатады.

Сыртқы сауда айналымының жағымды айырмасы 2014 жылы экспорттың есебінен қамтамасыз етілді: жез катодтары, олардың үлесіне облыс экспортының жалпы мөлшерінің 42% келеді, темірден (39%), күмістен (5%) жұқа илемдеулері.

2014 жылы импорттың мөлшері АҚШ-тың 955,6 млн.долларын (2013 жылы 82,0%), 2013 жылы – АҚШ-тың 1 165,8 млн.долл. (2012 жылы 98,9%), 2012 жылы – АҚШ-тың 1 178,6 млн.долл. (2011 жылы 106,8%) құрады.
2 кесте.

Қарағанды облысы импортының құрылымындағы тауарлық топтардың үлес салмағы


Тауарлы топтың атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Машиналар мен жабдықтау

42,0

38,6

37,2

Химиялық өнеркәсіп өнімі

18,5

19,2

22,6

Металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар

16,6

19,7

14,2

Азық – түлік өнімдері

10,2

9,8

10,1

Минералдық тауарлар

2,7

2,5

4,9

Қарағанды облысының импорттық құрылымы, 2012-2014 жылдар мен 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы кезеңіндегі экспорттың құрылымы сияқты өзгерген жоқ, ол отандық тұтынушылар тарапынан шетелдік өнімге деген сұраныстың тұрақты болуын білдіреді.

Облыстағы импорттың негізгі үлесі Қытайға (импорттың жалпы мөлшерінде 31,6%), Германияға (13,8%), Украинаға (12,4%) тиеселі.

2014 жылы импорттағы әлдеқайда жоғары шекті салмаққа ие: жабдықтау (21%), электрожабдықтау (16,4%), транспорттық құралдар (5,6%), пластмассалар мен олардан жасалатын бұйымдар (5,1%), қара металдан жасалатын бұйымдар (5,0%), қара металдың (4,5%) илемдеулері.


2.1.1.1.3. Бағалардың тұрақтылық сипаттамалары

2012-2014 жылы инфляциялық жағдай дәлізде 7-8% сақталды.

Қарастырылатын жылдар ішінде инфляцияның негізгі тәуекелдіктері ретінде әлемдік шикізат және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздық, ішкі бәсекелестіктің дамуының жеткіліксіз деңгейі және тауарлар мен қызметтердің бөлек нарықтарындағы жоғары монополизация сияқты факторлар рөл атқарды.

2012 жылы инфляция деңгейі ақылы қызметтердің қымбаттауына байланысты 7,0% құрады, олар 12,0% артты. Азық – түлік тауарлары 6,0% қымбаттады, азық – түлік емес тауарлар – 3,4% қымбаттады.

2013 жылы инфляция 7,4% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларына – 4,7% немесе өткен жылдың көрсеткішінен 1,3 пайыз төмен, азық – түлік емес тауарларына – 3,6%, ақылы қызметтерге – 14,1%.

Облыстағы инфляция 2014 жылы 8,0% құрады. Тамақ өнімдерінің бағасы 8,2% артты, азық –түліктік емес өнім көлемі 8,1%, ақылы қызмет 7,8% артты.

Нан тағамдарының бағасы және дақыл бағасы 9,7% артты, сүт өнімдері 10,7%, жеміс пен жидектер 4,6%, қант 16,9%, алкогольдік емес сусын 9,7%, темекі құралы 28,6%, алкогольдік сусын 10,4% артты. Жұмыртқаның бағасының төмендегені байқалып отыр 22,6%.

Азық-түліктік емес тауардан киім мен аяқ киім бағасы 9,3% артқан, үй заттары және тұрмыстық техника бағасы 7,3%, жуу және тазалау құралдары 16,6%, медикаменттер 16,6% артқан.

Ақылы қызмет бағасы индексі тұрғынжай-коммуналдық қызметтің 7,1% қымбаттауы есебінен байқалып отыр, оның ішінде электроэнергия - 10%, дәргерге бастапқы қабылдау 7,0%. Көлік қызметі бағасы 19,5% артқан, оның ішінде автомобиль 25,2% Қарағанды қ. бір реттік жүру бағасының артуынан байқалып отыр 50-ден 80 теңгеге артқан. 2014 жылы қаңтар айында, темір жолда жүру бағасы 7,8% артқан.

Облыста инфляциялық процесті ұстау бойынша шара жүзеге асырылып отыр. Негізгі тамақ өніміне бағаның өсуін болдырмау мақсатында: жыл сайынғы «Жасыл керуен» бағдарламасы өткізіледі, облыстағы құс фабрикаларымен меморандум жасалды, етті қаланың ірі сауда орындарына жеткізу ұйымдастырылған, ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылған, әлеуметтік павильондар жұмыс істейді (2014 жылы – 44 павильон), көтерме жеткізушілермен, супермаркеттер, дүкендер базар басшыларымен және жергілікті тауар өндірушілермен тауарға минималды қосымша құн салу туралы және негізгі тамақ өнімдерін кешіктірмей жеткізуге, сонымен қатар сауда базарында жалгерлік бағаны өсірмеу туралы Меморандумдар жасалған, ( 2014 жылы сауда саласында 3006 Меморандум жасалды).

Тұрғындардың әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында 2014-2015 ж.ж. аралығына тауарлардың өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды жемістер мен бакалея өнімдерін 4150 тонна а көлемінде, оның ішінде картоп пен жеміс 2953 тонна а (картоп -2000 тонна а, капуста- 200 тонна а, сарымсақ - 456 тонна, сәбіз – 178 тонна , қызылша - 119 тонна а) және бакалея өнімдері 1197 тонна (күріш – 350 тонна, қант – 480 тонна , құмық -167 тонна , өсімдік майы - 200 тонна).

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыс бойынша тұтынушылық бағасы индексі қаңтар –қыркүйек аралығында 2015 жыл, қаңтар-қыркүйек 2014 жылы 0,2 пайызға төмендеді, тамақ өніміне 0,3 пайызға, ақылы қызметке 3,4 пайызға төмендеді.
2.1.1.1.4. Қарағанды облысы макроэкономикалық тұрақтылығын жетістіктеріне SWOT-сараптама

Ішкі орта

Оң әсер

Күшті жақтары:

  1. Қарағанды облысы ірі индустриалды орталық болып табылады және көптеген уақыт бойы еліміздің бас қа өңірлеріне қарағанда ЖӨӨ көлемі бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр;

  2. ЖӨӨ орташа жылдық қарқыны облыста 2012-2014 жж. 9% құрды ол инфляция деңгейі 2012 жылдан 2014 жылдарда 8% артқан жоқ;

  3. тұрғындарды әлеуметтік маңызды тамақпен қаматамасыз етуге арналған аймақтық тұрықтындырушы қор бар;

  4. сыртқы сауда сальдосы қалыпты;

  5. тұрақты және либералды бизнес-климат;

  6. жұмысыздық деңгейі төмен.

Теріс әсер

Әлсіз жақтары:

  1. Ресейлік, қытайлық бәсекелестермен салыстырғанда қазақстандық німнің бәсекелестігінің төмен болуы;

  2. Негізгі капиталға инвестицияның арту қарқыны бір жан басына шаққанда төмендеп отыр;

  3. Облыстағы кәсіпорындарда инновациялық өнім көлемі төмендеп отыр;

  4. Өңдеу өндірісіндегі еңбек өнімділігі төмендеген, әсіресе облыста ЖӨӨ (27,2%);

  5. Шикізат базасының таусылуы жаңа металдық кен орындарының аздығы, ресурс дефицитіне алып келеді;

  6. Металлургия өндірісіндегі үнемі сынулары мен тоқтап тұруға ұрындыратын негізгі қордың тозуының жоғары болуы (68,3% аймақтың өңдеу кәсіпорындарында), яғни өндірістің ескіруі мен экономикалық тиімділігінің төмендігі;

7)Шикізаттық емес тауардың экспортталу үлесінің аймақтың жалпы экспорты көлеміндегі кемуі;

8) технологияның ескіруі және өндірістің экономикалық тиімділігінің төмендігі



Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуеті;

  2. Ресей мен Украинадан біліктілігі жоғары кадрлардың көші-қоны.

Қауіптер

  1. Әлемдегі экономикалық өсудің жалпы төмендеуі және геосаяси тұрақсыздық;

  2. Бағаның төмендеуі және металға деген әлемдік сұраныстың төмендеуі;

  3. Қазақстанның ішкі нарығына Қытай мен Ресейден келетін темір импортының артуы;

  4. ҚХР металөнімдерін өндіру бойынша өз қуатын арттырып отыр және дайын металл өнімін емес қазақстандық кенді пайдаланады.

2.1.1.1.5. Аймақтық экономиканың өзекті мәселелері

  1. Облыстағы бәсекелестіктің төмендігі

a. өнімнің энергия пайдалануының жоғары болуы

b. еңбек өнімділігінің төмендігі

c. өндірістің ескіруі және технологиялық және экономикалық тиімділігінің төмен болуы

d. инновациялық және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі

2) Сыртқы факторларға байланыстылықтың жоғарылығы

3) Экономика саласының дамуының баланстылығының болмауы таукен-металлургия өндірісінің экологиялық салдары өмір сүру қолайлығын төмендетіп отыр, туристік сұранысты және ауылшаруашылық өндірісі тиімділігін кемітіп отыр.


2.1.1.2. Өнеркәсіп
2.1.1.2.1. Әлеуметтік-экономикалық мән

Өндіріс аймақтың экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады, 2014 жылы:

  • Қарағанды облысы ЖӨӨ өндіріс құрылымына неғұрлым көп үлес келіп отыр, ол 40,6% (1 182 612,40 млн. теңге);

  • Өндіріс облыстағы инвестицияны негізгі пайдаланушы сала болып отыр 52,5% (216 072, 81 млн. теңге ) негізгі инвестиция;

  • Өндірісте облыстың белсенді тұрғындарының көбі жұмыс істейді 25,4% (181,29 мың адам) барлық экономикалық белсенді тұрғындардың еңбекке жарамды жастағылары
2.1.1.2.2. Динамика

2013 жылдан бері аймақтағы өндіріс көлемінің нақты индекс көлемінің өсуі байқалып отыр:

Салада жұмыс істейтін тұрғындар сану 2013 және 2014 жылдары шамамен 181 мың адамды құрады, алайда 2-гі тоқсан соңында 2015 жылы 178,0 мың адамға кеміді.

2013 жыл қаңтар айынан 2015 жыл қыркүйекке дейін өндірісті дамытуға негізгі капиталға 547 929 млн. теңге инвестиция бағытталды.

Кесте 3.

Қарағанды облысының негізгі өнеркәсібін сипаттау динамикасы


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 ж.

2014ж.

Қаңтар қыркүйек 2015 ж.

Өнеркәсіптік кәсіпорын көлемі

млрд. теңге

1 324,7

1 444,0

952,6

Өнеркәсіп өнім көлемінің нақты индексі, алдыңғы жылға

%

102,1

103,7

108,3

ЖӨІ өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы

%

45,0

40,7

51,8*

* - мәлімет 2015 жылғы 1 тоқсан бойынша

2.1.1.2.3. Құрылым



Өндірістің негізін құрап отырғандар ол өңдеу өндірісі және таукен өндірісі, онда өнімнің барлық көлемінің 85% өндіріледі.



Сурет 3.Қарағанды облысының өндірістік өнеркәсібінің құрылым саласының өзгеру динамикасы млн. теңге

2012-2014 жылдары өнеркәсіп өндіріс шығару құрылымы:



  • Өңдеу өндірісін шығарудың үлес салмағы 12% төмендеді;

  • Таукен өндірісі үлесі 10,1% ден 19,5% төмендеді;

  • Электрмен қамтамасыз ету үлесі, газ беру, бу және ауа кондиционирлеу үлесі 2014 жылы артты (2,6%);

  • Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі қалдықты жинау мен бөлуді бақылау үлес салмағы өзгерген жоқ ( 0,1%).

Өндірістегі негізгі капиталға инвестициялау құрылымы сақталып отыр:

  • Негізгі капиталға инвестициялаудағы басым үлес (51%) өңдеу өндірісіне келіп отыр,

  • Таукен өндірісіне 27% келіп отыр,

  • Электрмен қамтамасыз етуге 17%,

  • Сумен қамтамасыз ету, субөлу, жинау, сұрыптау, өңдеу және қалдықты жоюға 5% келіп отыр.

Нәтижесінде, барлық салада кәсіпорынның негізгі қорын жаңартудың коэффиценті артып отыр. Соған қарамастан, таукен өндірісі саласы мен электрмен қамтамасыз ету саласының негізгі қорының тозуы байқалуда 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда, ол негізгі қорды жаңарту қарқынының төмендігін көрсетіп отыр.

Кесте 4.

Қарағанды облысы өнеркәсіп секторының негізгі құралы жағдайының көрсеткіштер динамикасы

Сала

2012ж.

2013 ж.

2014ж.

Таукен өндірісі және карьерді өңдеу 

Тозу деңгейі

43,9

41,7

44,5

Жаңарту коэффициенті

6,8

8,2

12,7

Жою коэффициенті

2,1

1,3

1,6

Өңдеу өндірісі

Тозу деңгейі

46

45,6

46,9

Жаңарту коэффициенті

11,5

10,7

8,2

Жою коэффициенті

0,9

1,1

1,5

Электрменқамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа кондиционирі

Тозу деңгейі

33,5

43,2

42,1

Жаңарту коэффициенті

26,5

3,2

17,1

Жою коэффициенті

0,2

0,2

0,3

Сумен қамтамасыз еиту; кәріз жүйесі, қалдықты жинау мен оны бөлуді бақылау

Тозу деңгейі

28,1

30,2

33,1

Жаңарту коэффициенті

8,2

12,6

3,8

Жою коэффициенті

2,5

0,3

1

2013-2014 жылдардағы индустрализация Картасы аясында басымдықты салаларды мемлекетік қолдау нәтижесінде 15 жаңа өндірістік нысан енгізілді, жалпы сомасы 42 589,9 млн. теңге 1 314 жаңа жұмыс орны құрылды. Облыста тамақ өндірісі мен таукен өндірісі саласындағы 4 кәсіпорын қызметін жандандырды.

2014 жылы 30% астам ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар құлдырауға ұшырады. Неғұрлым тұрақтылары ірі және орта өңдеу өндірісі кәсіпорындары болды, және сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықты жинау және оны бөлуді бақылау болды.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет