Қарағанды облысы мәслихаттың 2015 жылы 11 желтоқсандағы ХL сессиясының №453 шешімімен бекітілген



бет9/18
Дата22.05.2018
өлшемі6,37 Mb.
#40584
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2.1.1.2.4. Энергиямен қамтамасыз ету

Әлеуметтік-экономикалық мәні

Энергиясақтау бойынша шараларды жүзеге асыру бүгінгі күні өндірісті, тұрғынжай-коммуналдық шаруашылықты және көлік модернизациялаудың негізгі құралдарының бірі. Энергиясақтау мен энерготиімділік бойынша шараларды табыспен жүзеге асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қарағанды облысының бәсекелестілігін арттырады.

Аймақтағы экономиканың өсуімен энергия ресурсын тұтыну қарқынмен артып келеді, ішкі аймақтық өнімде де экономикалық даму өнім өндірісі көлемінің артуымен ресурстарды тұтынудың артуы арқылы жүреді.

Сонымен энергиясақтау Қарағанды облысының алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

2014 жылы Қарағанды облысында электрэнергия шығару 12573,9 млн.кВт.с. облыс сыртынан 3671,4 млн.кВт.с, алынды сыртқы – 1839,7 млн.кВт.с. жіберілді. 2014 жылы облыс кәсіпорындарына 12988,5 млн.кВт.ч электр энергиясы жіберілді. Жалпы жіберілген электрэнергия көлемінен 77,2% (10025 млн.кВт.с) өндіріс кәсіпорындары мақсатына келіп отыр. тұрғындардың пәтерді жарықтандыруына басқа да тұрғынжай қажеттіліктеріне 1404,6 млн.кВт.с (10,8%) электр энергиясы жіберілді. Электржелісіндегі жоғалту 1417 млн.кВт.с (9,8%) құрап отыр.

2014 жылы Қарағанды облысында жылу энергиясын шығару 13,1 млн.Гкал құрады оның 10,7 млн.Гкал жылу электрстанцияларына және 2,4 млн.Гкал – қазандықтарға келеді. 2014 жылы облыс кәсіпорындары 15,7 млн.гкал жылуэнергиясын шығарды. Тұрғындарға жалпы жіберілген жылу энергиясы көлемінен 3,7 млн.Гкал (23%), кәсіпорындар мен ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктері 2,2 млн.Гкал (14%) кетті.

Сонымен, Қарағанды облысының энергиятұтынуын сараптау мынаны көрсетіп отыр, энергия ресурстарын негізгі тұтынушылар өндіріс секторы болып табылады, оның ішінде электр және жылуэнергиясы өндірісі.

Тұрғынжайсекторы шамамен 10,8 % электр энергиясын тұтынады және 23 % жіберілген энергия көлемін тұтынады.

Аймақта 71 % тұрғын жай қоры тиісті жағдайда, оның 28,6 % жөндеуді қажет етеді және 0,4 % апаттық жағдайда тұр.

Қарағанды облысының коммуналдық секторындағы инженерлік жүйенің тозуы мынандай жағдайда:

- жылумен қамтамасыз ету 61% нормативтік жағдайда және 39% жөндеуді қажет етеді. Жылумен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 2 801 км;

- электрсақтау 61,2% нормативтік жағдайда және 38,8 % жөндеуді қажет етеді. Электрмен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 27 844 км;

- газбен қамтамасыз ету желілері облыста жоқ.

Облыста энергия қорғау бойынша және энерготиімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жүзеге асырылып жатыр:


  1. Қарағанды облысының 2011 - 2015 жылдарға арналған кешенді түрдегі энергиясақтау бойынша кешенді жоспары.

  2. Энергиясақтау-2020 кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген, 29 тамыз 2013 жыл № 904.

Энергиясақтау саласында Елбасы ішкі жалпы өнімдегі энергия кетіру көлемін 10% 2015 жылы және 25% 2020 жылы төмендету бойынша міндет қойылды.

2014 жылғы салынған қаржы көлемі 1 313 млн. теңгені құрады, энергетика кәсіпорындарда 3 млрд. 363 млн.теңге және өндіріс секторы кәсіпорындарында 1 млрд. 796 млн.теңге .

ТКШ модернизациялау Бағдарламасы аясында

- 4 жылда 190 жөнделді сомасы 2,7 млрд.теңге , оның ішінде 2014 жылы 63 үй 844,5 млн.теңгеге жөнделді.

- 2011 жылдан 2014 жыл аралығында 123 көппәтерлі тұрғын үйлерде энергоаудит жүргізілді, оның ішінде 2014 жылы 23 МЖД 13 млн.теңге сомасына энергоаудит жүргізілді. Энергоаудит қорытындысы бойынша үй тұрғындары жөндеу жүргізу жұмыстаны көлемін анықтау үшін қорытынды нәтижесін алды.

Бағдарлама аясында 2015 жылы облыстағы бюджеттік ұйымдарда жоспарды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 1 млрд. 337 млн.теңге қаржы салу жоспарланып отыр өнеркәсіп өндірістерінде 1 млрд. 796 млн.теңге энергетика кәсіпорындарында ол сома шамамен 6 млрд. теңге .

Осы қаржыға энергия сақтау шамдарын орнату бойынша шаралар жоспарланып отыр, автоматтандырылған жылу бекеттерін (АЖБ), пластик шыныпакеттер алу шатыр мен кіру топтарын толығымен жөндеу, жылумен қамтамасыз ету жүйесін ауыстыру реттеуші аппараттар құру және коммуналдық қызметті есептеу құралдарын құру жоспарланып отыр.

Өндіріс пен энергетика нысандарында сыртқы және ішкі жарық беруді модернизациялау жоспарланып отыр, ескірген жылу беру жүйесін алмыстыру, ескірген технологиялық құралдарды жаңа энергия тиімділеріне ауыстыру сонымен қатар өндіріс йикылын оптималды жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Әр энергия беруші ұйымдар ЖШС «Қарағанды Жарық», ЖШС «КРЭК» және АҚ «ЖРЭК» инвестициялық бағдарлама аясында 100% тұтынушыларды құралдандыру және электрэнергиясын автоматтандыру жүйесін құру шаралары жоспарланып отыр (ЭБЕАЖ).

Сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалалары әкімдігі «Мэрлар Келісімен» қол қойды. Бүгінгі күні аталған әкімдіктер тұрақты энергетикалық даму бойынша әрекет ету Жоспары жүргізілуде. (ТЭДӘЕЖ), ол энергоресурсты кеміту шараларынан көрінетін болады.

Тұрақты түрде энергетикалық даму бойынша әрекет ету Жоспарын бекіткеннен кейін (ТЭДӘЕЖ) энергияны үнемдеу бойынша шараны жүзеге асыру үшін қала «Мэрлар Келісімі» қаржылық көмек көщіне қолжеткізеді, гранттар,субсидиялар мен несиелер.

2.1.1.2.5. Жергілікті құрамды дамыту

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының жүйе құрушы кәсіпорыны жалпы көлемі 434,2 млрд. теңгеге қазақстандық құрамдағы тауар, жұмыс және қызметті сатып алды, ол 290 млрд. теңгені құрады немесе 66,8 %: - тауар бойынша – 159,7 млрд. теңге немесе 53,9%; - жұмыс пен қызмет бойынша – 130,2 млрд. теңге немесе 94,3% болды.

Республикадағы 116 жүйе құрушы кәсіпорыннан Қарағанды облысы қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметті сатып алу бойынша 1 орын алып отыр.

2013 жылы Қарағанды облысының жылу өндірушілерін қолдау бойынша шаралар Жоспарына Қарағанды облысының Өндіріс және индустриалдық-инновациялық даму Басқармасы мен АҚ «ҰК «КТЖ» «Жаңа импортты алмастырушы өндірісті дамыту бойынша Орталық» арасында қол қойылды, ол 2013-2015 жылдарға арналған.

АҚ «АрселорМиттал Теміртаудың» Шығын (эксплуатациялық ) материалдары құрылды, ол 415 тауарлық позициядан тұрады сонымен қатар ЖШС «Корпорация қазақмыс» ол 2471 тауарлық позициядан тұрады. Аталған шығын материалдары Қарағанды облысының, Астана, Алматы қаласының құрылыс индустриясына бағытталды, облыс кәсіпорындары палатасына импорттыалмастыру мүмкіндігін қарастыру үшін жөнелтілді.

Жергілікті тауар өндірісін танымал ету үшін Қарағанды облысының өндіріс және индустриалдық-инновациялық даму Басқармасы 2014 жылы Қарағанды облысының өндірушілерін 12 әр түрлі конкурстық-көрмелер оның ішінде аймақаралық және халықаралық көрме конкурстар ұйымдастырылды.

2014 жылы 23 қазанда Республикалық «Қарағанды облысының өндірісінің даму перспективалары» Форумында Қарағанды облысының жүйе құрушы кәсіпорындары (АҚ «АрселорМиттал Теміртау», ЖШС «Қазақмыс корпорациясы») және Шығыс Қазақстан облысы (ЖШС «Қазцинк») арасында келісімге қол қойылды аймақтағы 41 тауар өндірушілермен сомасы 13 млрд. 268,2 млн. теңге келісімге қол қойылды.

Форум аясында Қарағанды облысы әкімдігі жергілікті құрамды дамыту қызметтестігі туралы меморандумға ЖШС «Самұрық-Қазына Контракт» және жобаны жұзеге асырушы басты жалгер «Абу-Даби Плаза» арасында қол қойылды.

Қазақстандық құрамды дамыту бойынша қызметтестік туралы қол қойылған Меморандум аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы филиалы арасында көпфункционалды кешен «Абу-Даби Плаза» салу үшін келісімшарт жасалды, облыстағы сегіз кәсіпорынмен жалпы сомасы 748,6 млн. теңгеге келісімдер жасалды: ЖШС «Баутас», ЖШС «ККК Бетон», ЖШС «КазСтройИнвест-2030», ЖШС «КарГидроПроект», ЖШС «Утилизация», АҚ «Караганданеруд», ЖШС «Каскад Партнерс» және ЖШС «КАЗНЕРУД».

2014 жылы 7 қарашада ұлттық компания «Астана ЭКСПО- 2017» делегациясы Басқарма төрағасымен бірге Қарағанды облысына келді, онда облыстың бірнеше кәсіпорындарына барды, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп көрмесі өткізілді.

Аталған шара барасында АҚ ҰК «Астана ЭКСПО 2017» мен Қарағанды облысы әкімдігі арасында және аймақ кәсіпорындары арасында өзара қызметтестік туралы 6 меморандумға қол қойылды.

2014 жылы Қарағанды облысының Сауда Палатасы 877 сертификат терді «СТ-KZ».

Жүйе құрушы кәсіпорындардан басқа Қарағанды облысының 92 астам ірі кәсіпорындарына мониторинг жүргізіледі. 2014 жыл қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 109,6 млрд. Теңге болатын тауар, жұмыс пен қызмет сатып алды оның ішінде отандық тауар өндірушілерден , жалпы сомасы 95,6 млрд. Теңге немесе 87,2% болатын тауар, жұмыс пен қызмет сатып алды.Өткен жылмен салыстырғанда өсі 5,1% құрап отыр.

2015ж. 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев облыс әкімдігі мен ұлттық компания арасында жергілікті құрамды дамыту бойынша қызметтестік меморандумына қол қойды, жалпы сомасы 4 млрд. 958,6 млн. теңге. Қол қойылған Меморандумдар нәтижесі бойынша бүгінгі күні ұлттық компаниялар 756 келісімге қол қойды сомасы 7 348,5млн млн. теңге - (148,2 % орындау).

Сонымен қатар, жүйе құрушы кәсіпорындар мен облыс тауар өндірушілері арасында өнім жеткізу бойынша өзара қызметтестік туралы саны 43 меморандумға қол қойылды жалпы сомасы 48 млрд. 433,1 млн. теңге. Бүгінгі күні 241 келісім жасалды жалпы сомасы 45 млрд. 587,5 млн. теңге (94,1% орындау).

«Қазақстанда жасалған» акциясына қатысты Елбасының тапсырысын орындау мақсатында Қарағанды облысы әкімдігі аймақтағы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандық өндіріс тауарларын қолдау бойынша шаралар Жоспары жүзеге асырылуда («Қазақстандық өнімді сатып ал» акциясы»).

Қарағанды облысының көтерме және бөлшек сауда нысандарында Қазақстандық өндіріс тауарының логотипін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні облыс қалалары мен аудандарда «Қазақстандық өнімді сатып ал» акциясын 1 134 дүкен өткізді, 8 мыңнан артық логотип орнатылды, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Медиа-жоспарға сәйкес республикалық және облыстық БАҚ эфирынан жергілікті кәсіпорындар өндіретін тауарды жылжыту бойынша материалдар беріліп тұрады.

«Қазақстанда жасалған» акциясы аясында шаралар республикалық және облыстық БАҚ кең таратылып отыр. Акция басталғаннан бері 70 астам материал берілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы 2 шілдеде Астана қ. Индустриализация Күнінде Елбасының қатысуымен «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» форум көрмесі өткізілді, онда облыстың әр түрлі саласынан 15 кәсіпорын қатысты .



«Қазақстанда жасалған» Форум көрме аясында АҚ «Жергілікті құрамды дамыту бойынша Ұлттық агенттік «NADLoC» Қарағанды облысының 6 кәсіпорыны өнімдерін бірдей логотиппен орналастыру туралы меморандумға қол қойылды.

2.1.1.2.6. Өндіріс өнімінің артуының жетістіктеріне SWOT-сараптама




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары :

  1. ИИДМБ аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру;

  2. Металлургия-метал өңдеу саласындағы аздаған экономикалық әлеует, машинажасу және фармацефтика және химия өндірісіндегі инновациялық әлеует;

  3. Анық байқалатын экспортбағытталушы салалар-көшбасшылары (қара және түсті металлургия);

  4. Таукен өндірісі мен машинажасау қуатының жоғары жүктемесі;

  5. Машина жасау зауыттарының әлеуеті жоғары; мамандар, санок паркі, зауыт алаңдар;

  6. ТҰК болуы;

  7. Энергосақтау саласында мемлекеттік саясаттың прнинциптері мен механизімін енгізу;

  8. Республика кәсіпорындары ішінен 116 жүйеқұрушы кәсіпорыннан облысымыз қазақстандық тауар мен қызметті сатып алу жағынан 1 орын алып отыр.

Әлсіз жақтары:

  1. Қосымша құн бағасы шегі жоғары қнімнің үлесінің кемдігі;

  2. Негізгі қор қарқынының аздығы;

  3. Ескірген дәстүрлі және энерго-, еңбек- және материалсыйымдылығы жоғары өндірістің басымдығы

  4. Машинажасауқұрылыс индустриясындағы еңбек өнімділігінің кемуі;

  5. Жәңіл өнеркәсіптегі кәсіпорын қуаты жүктемесінің төмендігі (18 -35% жыл);







Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Минералды шикізаттың көп қорының болуы

  2. Экономикалық белсенді тұрғындардың санының артуы

  3. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік қолдау көрсету

  4. Машинажасау және металөңдеу салаларын дамыту үшін ино-инновациялық элементтерінің кешенінің болуы, әлеуетті арттыру (ЖШС «Технопарк «Сарыарқа», СЭЗ «Сарыарқа» (АҚ «Қарағанды -Инвест»).

  5. Индустриалды инфрақұрылымды дамыту (ЖЭО-4 Қарағанды қ. салу, ЖЭО – 2 Жезқазған қ.)

  6. Қазіргі заманғы кәсіби білім беру үшін ресурстар кешенінің болуы

  7. Химиялық өнімге үлкен сұраныстың болуы

  8. Құрылыс материалдарына деген үлкен сұраныстың болуы




Қауіптер

  1. Әлемде экономикалық өсудің баяулауы, геосаяси тұрақсыздық

  2. Металлға деген әлемдік сұраныстың төмендеуі

  3. Құрыштың Қазақстанға Қытай мен Ресейден импортталуының артуы

  4. Аймақтық экономиканың салалық диспорпациясындағы техникалық дамудағы артта қалушылық әшкі нарықтың сыртқы нарыққа тәуелділігі;

  5. Экономикалық өсудің баяулары салдарынан құрылыс саласының көлемінің кемуі
2.1.1.2.7. Аймақтық өндірістің өзекті мәселелері

1. Өндірістік өнімді өзіндік құны мен сапасына қатысты ішкі басқарылатын позициялардың әлсіздігі.

2. негізгі қордың тозуының жоғарылығы

3. өндірістік қуаттың жүктелуінің төмендігі

2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен


2.1.1.3.1. Ауыл шаруашылық

АӨК өзегі ауылшаруашылық өнімін өндіру болып табылады, 2014 жылы Қарағанды облысының ауыл шаруашылық өнімі 5,6% ол елдегі ауылшаруашылық өнімінен 8 орын алып отыр:

  • Қарағанды облысының ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығына 3,3% (95 579,30 млн. теңге ) көлемі келеді;

  • Ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы 3% (12 500,23млн. теңге ) негізгі капиталға инвестициялау;

  • Ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығында барлық экономикалық белсенді тұрғындар ішінен жұмыс істейтін жастағы 8,8% (60,89 мың адам ) жұмыс істейді.

Салада ішкі жалпы өнім көлемінің артуы бойынша тұрақсыздық артып отыр.

Кесте20.
Қарағанды облысының ауыл шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіші

Баптың атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар-қыркүйек 2015 ж.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, оның ішінде

млрд. теңге

142,4

143,2

110,5

өсімдік шаруашылығы

63,3

55,7

43,7

малшаруашылығы

79,1

87,5

66,8

Ауылшаруашылығының нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға, оның ішінде

%

111,9

99,7

100

өсімдік шаруашылығы

126,8

92,8

94,7

малшаруашылығы

103,8

104,9

103,4

* - мәліметтер қаңтар-маусым айы 2015 жылғы

Ауылшаруашылық өнімінің НКИ төмендеуі 2014 жылы өсімдік шаруашылық өнімін шығаруды 12% климаттық жағдайға қатысты кемітумен байланысты.

Ауылшаруашылықты дамытудағы артық болатын негізгі бағыттар –малшаруашылығы, ол ауылшаруашылық саласының ішкі жалпы өнім көлемінін 60,9% алып отыр (2014 жыл). Екінші бағыт- дәнді дақыл егу.

Аймақта ауылшаруашылықты табыспен дамытудың басты факторларының бірі ауылшаруашылықта пайдалануға жарамды жер ресурстары болып табылады. 2014 жылы Қарағанды облысының ауылшаруашылық өндірісінде барлық жер пайдаланушылары 12 948,4 мың гектар, ол 1 651,7 мың гектарға 2012 жылдан көп.

Жыл сайын ауылшаруашылық культурасын егу алаңы жыл сайын өсуде, 2014 жылы 1030,7 мың гектар болды.2013 жылы 103,4%, 2012 жылмен салыстырғанда, ол уақытты жалпы көлем 959,1 мың гектар болды - 107,4%.

2014 жылы ылғалды қорғау технологиясында жердің жалпы алаңының 67,1% қолданылды, ал 2015 жылы 80,7%.

Сонымен қатар ауылшаруашылық алаңдарында егіс құрылымын тамшылатып суаруды қолдана отырып және басқа да технологияны қолдана отырып диверсификациялау жүргізілуде.

Ауылшаруашылық дақылдарын жалпы жинау және жеміс беруі көбінесе табиғи климаттық жағдайға және басқа да факторларға тәуелді болып қалып отыр. Себебі 2012 жылы дәнді дақылдың және бұршақтың ішкі жалпы жинауы 434,5 мың тонна а, 2013 жылы 840,2 мың тонна болды, ал қолайсыз 2014 жылы бар болғаны 650,8 мың тонна болды. Сараптама көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы техникамен жабдықталған ауылшаруашылық кәсіпорындары ауа райына көп тәуелді еме, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиялары бар және өсіру ауданына сәйкес келетін сұрыптары бар.

Малшаруашылық өнімінің артуы мал басын арттырудағы, мал өнімділгі мен құс өніміндегі агроөндірістік кешеннің жұмыстарын толыққанды арттыруға ықпал етіп отыр. Себебі, ІҚМ барлық санаттар бойынша мал басы 2013 жылы -443,3 мың бас, 2014 жылы 467,1 мыңға жетті. 1 қазан 2015 жылы -487,9 мың басқа жетті.

Жылқы санының өсуі байқалып отыр 2013 жылу 185,2 мың бас , 2014 жылы - 231,7 мың бас және 1 қазан 2015 жылы - 253,4 мың бас .

Құс саны өсіп отыр 3144,8 мың бастан 3 464,7 мың бас 2014 жылы және 3533,6 мың бас 1 қазан 2015 жылы – 487,9 мың бас .

Шаруашылық санаттары бойынша: шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарында ІҚМ басы артып отыр, ауылкәсіпорындарында құс саны артты қосалқы шаруашылықтар тек жылқы басын өсіріп отыр.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығы бойынша соңғы 3 жылда өнім шығарудағы динамика (қызмет) байқалмайды: 142 864,8 млн. теңге 2013 жылы, 143 812,9 млн. теңге 2014 жылы және 110 779,7 млн. теңге қаңтар-қыркүйек айында 2015 жылы (НКИ тиісті мерзімде өткен жылы 100% тең болды).

Өсімдік шаруашылығында ішкі жалпы өнім (қызмет) шығару төмендегені байқалып отыр (услуг): 63 333,9 млн. тенгеден 2013 жылы 55 738,8 млн. теңге 2014 жылы және 43 668,3 млн. теңге қаңтар-қыркүйек айлары 2015 жылы (НКИ 94,7% тең). Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда өнім шығару көлемі едәуір төмендеген.

Мал шаруашылығында ішкі жалпы өнім (қызмет) шығару қарқыны өсуі байқалып отыр: с79 108,3 млн. теңгеден 2013 жылы 87 539,1 млн. теңге 2014 жылы 66 826,0 млн. теңге қаңтар-қыркүйек айында 2015 жылы (НКИ өткен жылғы тисті мерзімде 103,4% тең болды).

Өндіріс көлемін арттыру және малшаруашылық өнімін сатуды арттыруға себеп малшаруашылығын өсірудегі мемлекеттік қолдау болып отыр. Тек 2014 жылы малшаруашылығы бюджеттен 2,2 миллиард теңге субсидия алған. «Облыс шаруашылқытарының ірі қара мал етін экспорттауды дамыту» жобасы аясында 2014 ж. 1271 шетелдік селекциядағы асыл тұқымдық мал еті сатып алынды.

Аталған жобаны жүзеге асырудың басында жоспардағы 10 000 бастан 2011 жылдан 2014 жылда 6 000 мас басына Жаңаарқа, Нұра, Қарқаралы, және Шет аудандарында мал бордақылау алаңдары құрылды. «Сыбаға» жобасының негізгі бағдарламасы тауарлық табын құру, малдың генетикалық әлеуетін және өнімділік сапасын арттыру болып табылады. Жоспарды жүзеге асырудың басталған уақытынан бері облыста 22 мыңнан артық ұрғашы мал және 969 бас асыл тұқымды бұқа сатылып алынды. Ауылшаруашылық мал тұқымын асылдандыруға бағытталған мақсатты жұмыстардың арқасында асыл тұқымды мал басы базасы құрылды. Асыл тұқымды мал сатып алуға субсидиялар бөлінеді және селекциялық жұмыстар жүргізу мен асылдандыру жұмыстарына, шетеллік селекциядағы малды әкелуге, сонымен қатар бұқаны күтуге субсидия бөлінеді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Кедендік одақ реестрінде облыстың 3 ет комбинаты бар. Етті экспортқа сату басталды, Ресейге 66,2 тонна ет жөнелтілді.

Облыс бойынша 14 жоба АҚ «НУК «КазАгро» қатысуымен өткізіледі сомасы 16 млрд. 247 млн. теңге.

2.1.1.3.2. Тамақ өнімі өндірісі

Тамақ өнімі көлемі 2014 жылы 86 793 млн. теңгеге жетті және 9,1% жалпы өңдеу өндірісінің көлеміне жетті. Жалпы алғанда тамақ өнімі өндірісінің көлемінің артуы байқалып отыр өзіндік құны да артқан, 2013 жылдан бастап артып отыр.

2013 жылы НКИ 99,4%, 2014 жылы - 104,3%, 9 айда 2015 жылы - 105,5%.

Салада өндіріс көлемі кеміген: 41,5 мың долл. АҚШ 2013 жылы өндірістілік 27,3 мың долл АҚШ немесе 34,2% болды.
Кесте 21.

Қарағанды облысының тамақ өнімдерінің негізгі экономикалық көрсеткіштері



Баптың атауы

 

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар тамыз 2015ж.

Өнім өндірісі көлемі

млн.теңге

79 243

86 793

63 824

НКИ

%

99,4

104,3

105,5

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары

41,5

27,3




Өңдеу өндірісінің үлес салмағы

%

8,3%

9,1%

8,74%

2014 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімі өндірісі құрылымында ұн тарту өндірісі көп орын алып отыр (27,2%), өсімдік және мал майы (17,1%), крахмал және крахмал өндірісі (17,0%), етті және ет өнімін өңдеу мен консервілеу (13,9%). Облыста ет өнімі және тамақтық субөнімдер, маргарин осыған ұқсас өнімдер, ұн, дәнді дақылдар ірі тартылған ұн, сүт өнімдері көлемі артып отыр.

Облыста етті және көже өнімдерін, маргарина және ұқсас өнімді өндіру көлемі, ұн және дәнді дақылды ірі тартылған ұн өнімдері сүт өнімдері өндіріс көлемі артқан.

2013 жылдан 2014 жылы малға арналған дайын жем, қайта өңдеу балықты консервілеу, шаян тәрізді моллюсканы басқа да тамақ өнімін өндіру кеміген сонымен қатар басқа да тамақ өнімдері макарон, кеспе, кускус және ұқсас ұн тағамдарын, жаңадан консервіленген балық, майонез және соус, шоколад және шоколадқұралдарын шығару көлемі кеміген.



2015 жылы қаңтар қыркүйек айында ет және көже өнімін шығару көлем артты өңделген сұйық сүт, шоколад, шай майы макаорн өнімін шығару көлемі артты. Ал маргарин, оған ұқсас өнімдер, колбаса, сүт өнімдері, сыр, ірімшік шығару көлемі кеміп отыр.

Кесте 22.

Негізгі тамақ өнімінің негізгі түрлерін өндіру , млн. теңге


Тамақ өнімі

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар қыркүйек 2015 ж.

Маргарин және ұқсас өнімдер

тонн

49 087

50 710

33 618

Ұн және дәнді дақылдар мен өсімдіктер; қоспалар және майдалап тартудан жасалған өнімдер

тонн

450 418

557 685

403 900

Колбаса ұқсас өнімдер, көже өнімдері немесе мал қаны өнімдері

тонн

4 767

4 824

3 627

Сүт өнімдері

тонн

19 398

21 587

16 358

Ыстық нан

тонн

80 854

74 753

54 316

Ет және тамақ өнімдері

тонн

17 759

16 122

12 394

Сыр және ірімшік

тонн

1 372

1 634

1 279

Шоколад, кондитерлік өнімдер шоколад және қанттан жасалған өнімдер

тонн

2 737

3 167

1 895

Дәнді дақылдар, ірі тартылған ұннан жасалған өнімдер дәнді дақыл өнімдері

тонн

348

1 500

936

Өңделген сүт және сұйық қоймалжың кілегей сүт

тонн

10 816

9 646

7 179

Шай майы

тонн

307

290

241

Макарон, кеспе, кускус және ұқсас ұн өнімдері

тонн

1 413

999

710

Сонымен қатар, кәсіпорындар өз қуаттарын толығымен пайдаланып отырған жоқ. Барлық негізгі өнім түрінің өндірісі 60% жүктемеден асқан жоқ.




Сурет 10. Негізгі тамақ өнімін өндіру барысында орташа жылдық қуатты пайдалану, 2014 жылы , %

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет