Қарапайымдылар


гастрозоид, цистозоид, гонозоид



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
гастрозоид,
цистозоид, гонозоид
деп аталады. Олар шоғырланып кормидия деген топтарды түзейді, әрқайсысының 
арасында буын аралығы болып, оларды түрі өзгерген тақта жауып тұрады.
Құрылысы мен физиологиясы.
Сифонофоралардың көпшілігінің колониясы ұзын сабақша тәрізді, 
особьтары оның бүкіл бойында реттескен (Physophora туысында), қалғандарының сабақшасы қысқа, 
особьтары (зооидтары) оның астыңғы жағына бекінген (Physalia туысында).

Энтодермамен астарланған гастраль қуысы сабақшаның ішін бойлап, жеке орналасқан зооидтармен 


байланысып, олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Колонияның алдыңғы тұйық төбесі ішке қарай 
ойысып газға толған кеңістікке айналады. Бұны ауа торсылдағы немесе пневматофор деп атайды. 
Пневматофор - түрі өзгерген медузоидты формасы, гидростатикалық аппарат қызметін орындайды. Егер 
пневматофор газға толған болса, онда сифонофораның денесі жеңілдеп судың ең жоғарғы бетінде жүзіп 
жүреді, ал қолайсыз жағдайда газды сығып шығарады да, жануар су түбіне шөгеді. Газды бөліп шығаратын 
пневматафораның түбіндегі безді клеткалар, ал оның бұлшықет талшықтарының жиырылып -
жазылуынан газдың көлемі көбейіп не азайып тұрады.
Пневматофораның астындағы сабақшада жүзу коңыраулары немесе нектофоралары орналасқан. Олар 
медузоидты формалы, тек ауыз тесігі, қармалауыштары, сезім мүшелері редукцияланған. Шатыршасы 
жиырылып, сифонофораның қозғалысын реттеп, оны алға қарай жылжытады. Колонияның ас қорыту 
қызметін қоректендіруші полиптер немесе гастрозоидтар орындайды. Олар гидранттарға ұқсас, әрбір 
гастрозоидта күшті атқыш клеткаларымен (атқыш батареяларымен) жабдықталған қозғалмалы ұзын 
қармалауышы немесе жіпшесі болады. Соның көмегімен ұсақ жәндіктер гастрозоидтың гастраль қуысына 
түсіп, қорытылып колонияның барлық особьтарына таралады. Жіпшесі қорғаныс қызметін де атқарады.
Сифонофоралардың жыныс особьтары немесе гонозоидтары медузоид және гонофора құрылысты, жақсы 
дамыған. Колония бойында аталық пен аналық гонозоидтары кездессе, бұлар қос жыныстылар немесе тек 
аталығы, не аналығы - дара жыныстылар болып келеді.
Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткалары суға шығарылып, ұрықтанған 
жұмыртқадан планула личинкасы дамиды. Ол күрделеніп, бүршіктену нәтижесінде зооидтар пайда болып 
колонияға айналады. Сөйтіп сифонофоралар әр түрлі особьтарынан (зооидтардан) құралған полиморфты 
колониальды жануарлар. Олардың особьтары реттесіп орналасқан: жоғарыда пневматофора оның астында 
нектофоралары, қалғандары топтасып кормидия түзейді. Әрбір кормидия гастрозоид, цистозоид және 
гонозоидтардан тұрады.
Экологиясы.
Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде көп кездеседі. Пневматофора мен 
нектофораларының көмегімен бүкіл колония судың ішіңде қалқып жүзіп жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет