Қарапайымдылар


МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде 
жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы.
Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидты полиптерге 
ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына 
қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы 
бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. 
Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.

Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің 


жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан.
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал 
қуыстың бір жақ немесе екі жақ шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады, солардың көмегімен су және 
қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай 
қозғалуымен жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, 
арнайы септа деп аталатын перделері арқылы камераларға бөлінеді 
Септалар - гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан дамып, энтодерма клеткаларымен 
астарланған. Олардың әрқайсысында бойлай орналасқан жуандау бұлшықетті білеуі (валик) болады.


Көбеюі және дамуы.
Маржан полиптері жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Кейбір жеке 
тіршілік ететін актиниялар ұзына бойы бөліну, ал колониялы формалары бүршіктену арқылы көбейеді. 
Көпшілігі дара жыныстылар. Жыныс клеткалары септаның энтодерма мен мезоглея аралығында дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет