Қарапайымдылар


Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бұлшықет, талшықты және



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бұлшықет, талшықты және 
без клеткалары.
Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы 
эпителиальды-бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді 
көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды- бұлшықет 
клеткаларының призмалық немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының 
немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсақ жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде 
қорытады.
Гастральдық қуысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді 
клеткаларынан бөлініп шыққан ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз 
тесігі арқылы сыртқа шығарылып отырады. Гидраның ас қорытуы клетка ішілік және клеткадан тыс немесе 
қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп 
аталады.
Эктодерма және энтодерма қабатында орналасқан эпителиальды - бұлшықет өскіншелерінің 
жиырылуына байланысты гидра бір қалыпты қадам басу немесе тоңқалаң асу жолымен қозғалады.
Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.
Көбеюі мен дамуы.
Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену 
арқылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып 
(гидраның құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен бөлініп, субстратқа бекініп, дербес 
тіршілік ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен қапталып
тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты гаструла 
сатысында ересек түріне айналады. 
СИФОНОФОРАЛАР КЛАСС ТАРМАРЫ - SIPHONOPHORA
Сифонофоралар жылы теңіздерде еркін жүзіп тіршілік ететін ерекше колониялы жануарлар. Колония 
құрайтын особьтары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтар деп атайды.


Зооидтар колонияның полиптік және медузоидты особьтары, атқаратын қызметіне қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет