Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
кокцидиялар отряды 
- Coccidiida және 
қан споралылар
- Haemosporidia. 
Кокцидиялар отряды - Coccidiida
Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек 
эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. 
Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды 
зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған. 
Оның астында түтікшелі фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. 
Пелликуламен бірге олар зоиттың қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді 
фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар 
арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка 
мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, 
клеткаларға ортақ бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, 
т. б. Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және 
спорогония жолдарымен дамиды. 
Қан споралылар отряды - Haemosporidia
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан 
клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада 
емес, қан сорғыш насекомдардың яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы 
паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады. 
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне 
қанмен бірге макро және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогаметоциттер пісіп-жетіліп 
макрогаметаға айналады, ал микрогаметоциттердің ядросы көпке бөлініп, пісіп - жетіліп қозғалғыш майда 
микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота құрады. Зигота 
қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп 
қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро 
бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған 
(10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан 
кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа 
ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар 
да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте күрделі 
және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек 
масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі - безгек масасы, ал аралық иесі - адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа 
анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру 
адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы 
плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне байланысты. Неғұрлым безгек жиі қайталанса, соғұрлым 
қауіпті. Безгек ауруын адамнан адамға анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек масаларының түрлері 
ғана таратады. Солардың ішінде Қазақстанда көп тараған An. maculipennis, An. hyrcanus т.б. Безгек ауруына 


қарсы шаралардың бірі - масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды 
дәрілермен емдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет