Қарапайымдылар


СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA
Сәулелілер тек теңізде ғана тіршілік ететін қарапайымдылар, 7000-нан аса түрлері белгілі, көпшілігі 
жылы теңіздерде кездеседі. Олар өзінің түрлі сыртқы пішінімен (формасымен), әсем сәулетәрізді 
минеральды ішкі қаңқасының құрылысымен және цитоплазмада айырықша қабық - орталық капсуланың 
болуымен ерекшеленеді. Орталық капсуланың цитоплазмасы органикалық тері мембранасы арқылы екі 
бөлікке - капсула ішіндегі және капсула сыртындағы цитоплазмаға бөледі.
Капсула ішіңдегі цитоплазма тығыз, түйіршікті болып келеді, бір ғана немесе көп ядролар орналасқан, ал 
капсула сыртындағы цитоплазма жұқа көбіктенген, онда вакуольдер, қоректік бөлшектер, шырыш пен май 
тамшылары орналасқан. Цитоплазмалар бір-бірімен капсула түтікшелері арқылы байланысады. Көп 
жағдайда цитоплазмада симбиозды тіршілік ететін бір клеткалық балдырлар кездеседі. Олар сәулелілерді 
оттегімен қамтамасыз етеді.
Сәулелілерде екі түрлі жалған аяғы болады. Біріншісі - капсула ішіндегі цитоплазмадан түзілген капсула 
түтікшелері арқылы сыртқа шыққан жалған аяқтары, екіншісі - капсула сыртындағы цитоплазмадан түзілген 
жалған аяқтары. Осы жалған аяқтары бір-бірімен байланысып күрделі тор құрайды да, қоректік заттарын 
ұстау қызметін атқарады. Бұдан басқа көптеген сәулелілерде аксоподия деген жалған аяқтары болады. Олар 
тарамдалмаған, тік болып келеді. Аксоподиялары мен қаңқасының инелері денесінің су қабаттарында 
қалқып жүруіне мүмкіндік береді. Сәулелілердің санаулы түрлері ғана жынысты жолмен көбейеді, ал 
көпшілігі жыныссыз жолмен екіге бөліну арқылы көбейеді.
КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA


Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда тіршілік етеді. Кейбіреулері теңізде де кездеседі. Денелері шар 
тәрізді. Цитоплазма екіге бөлінген: тығыз ұсақ түйіршікті ішкі эндоплазмаға және вакуольді сыртқы 
эктоплазмаға. Орталық капсуласы және минеральды қаңқасы болмайды, тек кейбір теңізде тіршілік ететін 
түрлерінде кремнеземнен құралған тор тәрізді қаңқалары болады. Жыныссыз жолмен көбейеді, кейбіреулері 
ғана жынысты жолмен көбейеді. Түрлері өте аз. Негізгі өкілдері - Actinosphaerium eichhorni,
Actinophrys sol. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет