Қарым-қатынаста жетістікке жету 1-сабақ: Мақсаты



Дата19.12.2016
өлшемі111,51 Kb.
Қарым-қатынаста жетістікке жету

1-сабақ:

Мақсаты: Тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, берілген сөздерді суреттеу арқылы шығармашылық жұмыс орындау.

Міндеті: Адам бойындағы жақсы қасиеттерін көру, адами құндылықтарын бақылау.

Қажетті құралдар: Ақ парақтар, қарындаш, өшіргіш.

Берілген сөздер: қоғам, ауыл, қала, көрініс, көпір, аспан, өзен, күн, ағаш, тас, әрлі-берлі қозғалыстағы адамдар.

Суретті шығарма көрінісі.

«Осындай қазақ інің, қазақ ағаң,

О баста аңсағаны таза қоғам.

Адамдар арасында ғұмыр кешіп,

Адаммен араласпау азап оған».

Қорытынды: Олай болса, «Жақсылықты да, жамандықты да жасайтын - адам», «Адамнан асқан құндылық жоқ».
2-сабақ: Өз жан дүниеңе қара

Мақсаты: Өзімшіл, қырсық-қыңыр, мінезі қиын, жан-жағына зияны тиіп жүретін жандарға көмек көрсету.

Міндеті: Басқа адамдарға өз уақытымызды, күш қуатымызды, көңілімізді бөлу, жағдайын жасап көру.

Тапсырма: а) Өзім дегенде... ( әңгіме түрінде)

Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды. «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жалығар емес. Бұл өзіне сенгендік емес, керісінше өзін ғана ойлаушылық. Өмірде өзін ғана ойлайтындар опық жейді. Жетістікке жету жолындағы кедергі болатын қасиет осы- адамның өзімшілдідігі. Атақты психолог А.Адлер былай деген екен: «Айналадағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде ең үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен зиянын тигізеді. Міне, өмірде жолы болмайтын қырсық адамдар осындай адамдардың арасынан шығады.»



ә) Өзге дегенде...

Адамның ішінде оны түрткілеп тұратын бір сайтани ой болады. Бұл ой оған былай деп сыбырлайды:

«Неге бұл істі сен ғана істеуің керек? Таста, басқалар істесін», «Сен өз міндетіңді атқардың, қалғаны сенің ісің емес, осы істегенің де жетер!», «Сен оның айтқанын орындама, басынып алады!» және т.б.

Бұл сыбырға ергендер әрдайым елмен тайталасып, салғыласып, ұрысып-керісіп жатады. Ал ұрыс бар жерде ешқандай береке жоқ. «Күл болмаса бүл болсын» дейтін мұңсыз адамдар осындайдан шығады. Өйткені мұндай адамдар «Мені бұл нәрсе қызықтырмайды, маған бәрібір», -дейді. Әрине, мұның бірде-бірі еш абырой әпермейді.



3-сабақ: Әркімдікі өзінше дұрыс

Мақсаты: Обьективті түсінік қалыптастыру.

Міндеті: Берілген тапсырманы «көрініс» арқылы жеткізе білу.

Өмірде адамды түсінуден қиын нәрсе болмаса керек. Әркім өзінікін дұрыс деуден бір танбайды. Біреуге «Сенікі дұрыс емес, қателесесің»десең, онымен арадағы жігің ажырай түседі. Дәл солай басқалардың да саған «Дұрыс емес, қателесесің» деуін ұнатпайсын.

Бір тақырып төңірегінде таласып қалған екі шәкіртін ұстазы жеке-жеке тыңдаған екен. Біріншісі өз пікірін айтып болғанда: «Сенікі дұрыс»,- депті. Екінші шәкірт бұған келіспеген кейіппен өз пікірінентанбайды. Ұстаз оған да: «Сенікі дұрыс»,-дейді. Ұстаздың бұл жауабына аң-таң қалған басқа бір шәкірт: «Ұстазым, қалай ғана екеуінікі бірдей дұрыс бола алады?». Сонда ұстаз былай депті: «Сенікі де дұрыс». Сондықтан әркімді обьективті түрде түсінген дұрыс, сонда басқалар да сені түсінетін болады.

Нәтижесінде «Адамдармен түсінуден артық қандай жетістік керек?»



4- сабақ: Не қаласаң, сол болады.

Мақсаты: Адамдармен жақсы қарым-қатынас құруды қалау.

Міндеті: Ренжімеу, өкпелемеу, ұрыспау, ашуланбау.

Тапсырма: Адам өмірі оның қалауына байланысты. Сен адамдармен жақсы қарым-қатынас құруды қалаған болсаң, оны құра аласың. Егер қаламасаң, мың жерден олар саған жақындаса да ынтымақ орнамайды. Сен егер біреумен ұрыссаң онымен жақсы қатынасты доғаруды қалағаның болып табылады. Сонымен сенің қалауың: ренжімеу, ұрсыспау, өкпелеспеу, ашуланбау болуға тиіс.



Ойын: «Егер қаласаң, қалауыңды түзе!»

Шарты: Екі жаққа сөз ілінеді, әркім өз қалауы бойынша ілінген сөздің жанына топтасды.

Ілінген сөздер: «Ол өзі сондай тамаша жан, бір ренжігенін көрген емеспін». «Ол өзі сондай қырсық жан, бір күлгенін көрген емеспін»

Мұндай сөздің сіз туралы айтылғанын қаламас па едіңіз?

«Егер қаласаң, қалауыңды түзе!»

5-сабақ: Жасқаншақтық

Мақсаты: Ашылу, алға ұмтылу, жылжу.

Міндеті: Жасқаншақтықты жою, ел алдына шығу, бар өнерін көрсету.

Тапсырма: Сіз сахнадасыз: өз өнеріңізді көрсету

Әркімнің жаратылысы әр қалай.Біреу ашық, біреу жасқаншақ келеді. Жасқаншақ бір жағынан жақсы болып көрінуі мүмкін. Өйткені ондай адамдар сырттай инаббатты болып көзге ұрады. Бірақ әдептілік жасқаншақтықта жатқан жоқ.

«Үндеместен үйдей пәле шығады» деп халқымыз бекерге айтпаған. Жасқаншақтық мінездің жетістікке жетер жолда тигізетін кері әсері бар. Сондықтан адам өз бойындағы мұндай мінезінен құтылу керек. Ал мінезді өзгертуге, жаңа мінезді қабылдауға болатынын бүгінгі психолог мамандар айтуда. Неғұрлым ашылсақ соғұрлым алға жылжисың. Сондықтан мейлі, сенің даусың бар ма, жоқ па, сахнада өнер көрсете алсаң жасқаншақтығыңды жеңгенің. Негізгісі сен ел алдында өзіңнің бар өнеріңді көрсет, ұнап-ұнамауы міндет емес.

6-сабақ: Басқа түскен қатып қалмайды.

Мақсаты: Сенімді сөндірме, үмітті жағу.

Міндетті: қиындыққа мойымау, өз қадірін кетірмеу, өмірден өз орнын табу.

М.Селигман: «Адам өзінің үмітотының қалмағанына, өшкеніне сенсе, депрессия деген сонда болады».

Адам өмірінің үміттен тұратынын ұмытпайық. Әркім келешегіне үміттене қарайды. Ғұмыр біткенде ғана бұл өмір сөнбек, әлі талай өмір сүресің емес пе?

Өмірден күдер үзгендер бастарына нендей пайда әкеледі дейсің. Ел-жұртқа әңгіме болып, өз қадірін кетіргеннен басқа.

Алла алдында еш қадірі жоқ шайтан ғана жаннатқа барудан күдер үзсе керек. Сондықтан «үмітсіз сайтан»дейді халқымыз. Олай болса үмітоты жанады, жана берсін.

Тапсырма:


  1. «Басқа түскен қиындық қатып қалмайды» деген сөздің авторы кім?

  2. Досыңның басына қиын іс түсті...

Әрі қарай осы қиындықтан шығаруға үміт жолдарын көрсетіп әрекет ет.

7-сабақ: Адамның досы-адам

Мақсаты: Адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіру.

Адамдар бірін-бірі құрметтеп сыйлап, қолдау көрсетіп, демеу жасап, көңілдерін аулау жолдарын табу керек.



Міндеті: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну. Жақсы қарым-қатынас орнатуда жетістіктерге жету.

Бұл жалғанда адамға адамнан басқа дос, жолдас жоқ. Дүние де, байлық та, атақ та, даңқ та адамға жолдас бола алмайды. Адамдар бірін-бірі құрметтеп, сыйлап, қолдау көрсетіп, демеп жіберіп, көңілдерін аулау керек. Сондай адамдар арасы дәнекерленеді, алшақтық болса жақындайды.



Тапсырма: Бүгінгі сабақта өткен материалдарды әр топ өз аттарына байланысты бекіту және қорытындылау.

Топ аттары: Құрметтеу. Түсіну. Сыйлау. Қолдау. Демеу. Көңілден шығу. Жетістік. Құндылық.

Қорытынды: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».

Нәтижесі:

а) Өзімшілдік пен қырсық –қыңырлықтан арылу;

ә) Зиян әкелетін дағдыдан арылып, аңдысып-бағысу, есептеспегеннің дұрыс екеніне көз жеткізу.

б) Сондай бір «Тамаша жан» иесі болу.



Жұмысқа қабілеттілікті қалыптастыруға

арналған жаттығулар
1-жаттығу. Қаттысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.

Нұсқау: «Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жавлғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауыстырып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар», -деп айтамын, сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы керек. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қойған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді.»

Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытынды жасалынады.



2-жаттығу. Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады.

Нұсқау: «Мен санақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градуске бұрылыс жасап секірулеріңіз керек. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма – барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығының жүздері бір жаққа қараған кезде санақты тоқтатады. Жалпы жаттығу топты біріктіреді, көңіл-күйді көтереді.

Қорытындыланады.

3-жаттығу. Қаттысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқау: «Біздің алдымызда біріге шешу қажеттілігі бар тапсырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз. Бұл тапсырманы біз төмендегі жолмен шешеміз: мен бір,екі, үш деп санаймын- үш деген кезде саусақтарымызды бір мезетте ашамыз. Жаттығудың ойдағыдай орындалғанын анықтауға көп уақыт кетпейді. Егер нәтижесіз болса, жаттығуды қайталаймыз. Түсінікті ме? Қанекей, бастайық ».

Жаттығу әртүрлі өтуі мүмкін. Кейде ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін топ жаттығуды отыз рет, ал кейде төрт-бес рет қана қайталуы мүмкін.



4-жаттығу. Жаттығу жұппен орындалады. Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады.

Нұсқау: «Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін, уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін».

  1. тапсырма. Бір –бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.

  2. тапсырма. Әрқайсыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда ... көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншісі мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Рөлдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.

  3. Тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».

Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты, ал қай жері қате екендігін анықтауға беріледі.

  1. тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз».

Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топ мүшелері шеңбер құрап отырып, әрқайсысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.

Аталмыш жаттығу оны талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайсысы орындау барысында қиындық тудырды?» «Қандай әсерде болдыңыз?» деген сұрақтармен қорытындыланады.



5-жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқау: «Әрқайсыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарыңды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейіні сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз (немесе есіңізге түсіріңіз). Сіздің әңгімеңізді тыңдаған (оқиға, мысал) топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек».

Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа «Сіздің ойызша, қандай қасиет туралы айтылды?» және т.б. сұрақтар қойылып қорытынды жасалынады.



6-жаттығу. Қатысушылар екі қатарға сап түзеп тұрады.

Нұсқау: «Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі жөнінде бойынша сап түзеуіміз керек. Яғни, менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек. Бастайық». Екінші тапсырма: шашының түсі қап-қара саптың басында, ал түсі ашықтар саптың соңын тұруы керек. Және саптың басында 1- қаңтар, соңынды 31 желтоқсанда туғандар тұруы керек.

Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер тапсырма екі топта орындалса, оларға бір-бірінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға болады.


Өзара тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

  1. Амандасу рәсімі.

Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.

  • Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында бір-бірімізге жақсы тілек тілейміз.

  1. «Мен кіммін?» ойыны

Мақсаты: тренингтік қарым-қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қарай ашық сөйлеуге, өзіндік «мен- тұжырымдамасын» айқындауға, өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесіп, оларға талдай жасай алуды дамыту.

Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады.



Біз өз танысуымызды жалғастырайық. Сіздің қиын жағдайдан шығуыңызға бар болғаны 1-2 минут қана уақытыңыз бар. Сіз

Аутегенді жаттығу.



  1. Ыңғайлы отырып, көзді жұмып, терең жаймен дем алыңыз.

  2. Төбеңізді алтын нұрға бөленіп тұрғандай елестетіңіз. Терең, баяу дем алып, деміңізді сыртқа шығарыңыз. Бар зейініңізді жарқырап тұрған төбеңіздегі күнге аударыңыз.

  3. Мойныңызға зейін қойыңыз, ол да алтын нұрға бөленіп тұр деп ойлап, сол алтын нұрғазейін салып 5 рет баяу тыныс алып, деміңізді сыртқа шығарыңыз.

  4. Алдыңыз ақ нұрға бөленіп, кеудеңізге шуақ шашып тұр деп ойлап, өзіңізді сағым арасында, әдемі гүлдердің ортасындамын деп елестете отырып, деміңізді сыртқа шығарыңыз. Өзіңізге -өзіңіз қазір мен көзімді ашқанда өзімді сергек сезінемін деп айтыңыз. (2 рет).

Каталог: soch37 -> wp-content -> uploads -> sites -> 130 -> 2015
2015 -> Бастауыш сыныптарға арналған құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың өздігінен танып білу дағдыларын дамыту» Абдрахманова Б. М. «Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебі «Жастары білімді елдің жүзі жарық
2015 -> 11 – сынып оқушыларына Ұбт-ға дайындалу мақсатында ұйымдастырылған тренинг жаттығулары мен кеңес берулері Мақсаты
2015 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрліп павлодар қаласы білім беру бөлімі
2015 -> Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі
2015 -> Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет