Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa»* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан)



бет7/29
Дата19.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#139930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Қаржы сурак жауап
СРС ТИТУЛЬНЫЙ
Қаржылық саясаттың түрлерін: салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, мемлекеттік қарыз алу, сыртқы экономикалық саясатын және оларға сай келетiн салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің, мемлекеттiк-кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сыртқы экономикалық, сақтық механuзмдерiн бөлуге болады.

  • Қаржылық стратегия – экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып, ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және ipi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыратын курс.

  • Қаржылық тактика назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардағы және елдiң, өңiрдiң, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқамaны нақтылайды.

  • Қаржылық саясаттың барлық әртүрлілігі кезінде оның мазмұны мынандай стадияларды дәйекті жүзеге асырғанда көрініп білінеді:

    1) экономикалық заңдардың әрекетін, экономиканың жай-күінде, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму перспективаларын әзірлеу негізінде елдегі қаржы дамуының негiзiнде қаржының ғылыми негiзделген тұжыpымдaмaсын әзірледі;
    2) экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттepiн негiздей отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжыpымдay;
    3) белгiленген iс-қимылдарды қаржылық механизм арқылы экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғыртумен немесе түзетумен нақтылы жүзеге асыру.

    28.Қазiргi жағдайда қаржылық саясаттың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:


    1) шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржысының сферасында рыноктық қатынастарды нығайту жөнiнде шаралар жүргізу;
    2) дағдарыстық жай-күйдi жою және қаржы жүйесiн сауықтыру;
    3) халықты әлеуметтiк қорғау жөнiнде шаралар кешенiн жүргізу.

    29. Қазiргi кезеңде қаржылық саясаттың көмегiмен шешiлетiн басты мiндет­тердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:


    а) елдiң дамуының әрбiр нaқты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
    ә) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндiрicтiң сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгiлi бiр мақсаттарға бағыттау;
    б) экономикалық дамудың белгiленген бағыттарын орындау үшiн тиiстi қар­жылық механизмдi жасап, оны үнeмi жетiлдiрiп отыру.

    30. Қаржылық саясатты жүргiзгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:



    • барлық қатысушыларының мүдделерiн caқтay;

    • қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

    • кipicтер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;

    • қаржылық резервтердi жасау

    • мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет