Қаржының пайда болуы мен дамуы 1 тақырып. Қаржы ғылымының алғаш шығуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



бет24/25
Дата27.07.2020
өлшемі73,46 Kb.
#75618
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қаржының даму тарихы
Қаржының даму тарихы
8.Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық- Алматы 2008

  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

  3. Омирбаев С.М финансы Учебное пособие для вузов-Астана,2003

  4. Искаков У.М. и др. Финансовые рынки и посредники. – Алматы: Экономика, 2005

  5. Көкебаева А.М., Ерманкулова Р.И Қаржы оқу құралы- Түркістан-2005

  6. ҚұлпыбаевС.К Баязитов Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы- Алматы. Мерей,2001

  7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие-Москва, 2000



3. 10-Тақырып. Қазіргі Қазақстандағы салық салудың даму кезеңдері

2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы салық салуды реттеудің мәні, қызметтері және қағидаларымен, салық салуды реттеудің түрлерімен студенттерді таныстыру.

3.Лекция мазмұны. Салық жүйесінің даму тарихы. Салықтар – бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер. Тарихтан бүгінгі күнде тек қана салықтың жеке түрлері жетті, яғни ертедегі мемлекеттердегі салықтар жиынтығы ретіндегі салық жүйесі туралы толық мағлұматты білмейміз. Салықтың ежелгі түрі – құдайы беру бес кітапта келесідегідей жазылға: «Ағаш жемістері және жердегі тұқымның әрбір ондығына құдай ие». Осыған байланысты салықтың алғашқы ставкасы табыстан 10 %-ы мешіт қызметкерлеріне берілді, кейінірек мемлекетпен алынатын салықтар пайда болды. Салықтарды алудың әдістер мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетіән қаражаттарын жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді. Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) бұл елде мемлкеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болу, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды. Үшінші кезең – қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген тәртіптерінің бәрін өз қолына алады. Биліктің аймақтық ұйымдары мемлекеттің көмекшлік рөлін атқарады. Алғашқы салықтар «auxilia» (көмек) деп аталатын, уақытша сипатта болды. Сонымен ерте Грецияда еркін азаматтар салықтар төлеген жоқ. Ертедегі Римнің алғашқы өмір сүру кезеңінде бейбітшілік уақытта салықтар алынған жоқ, бірақ соғыс уақыттарында азаматтар табысына байланысты салықтар енгізілді.

Испаиияда орта ғасырларда «Аль-Кабала» деп аталатын табыстың барлық түрлеріне 10 % салық енгізу аудандардың бос қалуына, яғни тонаушылық салықтарды төлегесісі келмеген тұрғындар, негізінен американдық колонияларға кетуіне әкеп соқтырды. Батыс Европа тұрғандары өздерінің басшылар салатын салықтарын парасатты деп санады. Осы уақытта дұроыс салық саясаты патриотизмді тәрбиелейді: Испанияның Ұлы арнада кемелері Англияға жақындағанда, ағылшындар испандықтармен соғыста жеңіске жету үшін қаржы жинады, себебі қатаң испандық салық жүйесі енгізілетінін және құлдықта болатындарын білді. Англия мен Шығыс американдық колониялар арасындағы тәуелсіздік үшін соғыста халықтармен байланысты болды. Англияның американдық колонияларының тұрғындарына қалыптасу кезеңінен салықтық жеңілдіктер жасалған жоқ. Англия өздерінің американдық қол астына қарайтын колония тұрғындарын үнділерден қорғайтын әскерлеріне жағдай жасау мақсатында салықтарды жоғарылату қажет деп шешкенде соғыс басталып, Англия өзінің колонияларын жоғалтты. АҚШ өзінің тәуелсіздігін иеленді. Қазақстан территориясында салықтар мен салық салудың дамуы өзіндіқ әдістемелік теориясына ие, бұл мүмкін көшпелі тайпалар көшпелі емес халықтарға қарағанда меншік, айырбас және ақша формаларын ерте дамытады деген К. Маркстің тұжырымдамасына байланысты шгығар. Ертедегі орта ғасырлық (батыс түрік және түркеш қағанаты) мемлекеттің дамуы кезеңінде жеке меншік көрінісі ретіндегі әскери міндеттілік туралы мәселе жазбаша мәселелерде шектелген. Соған қарамастан негізгі әскери міндеттіліктің бірі соғыстық (басқаша айтқанда «қан салығы») оған байланысты вассальды тайпалардың барлық еркектері – сюзерене тайпасының сұранымына енгізілгені белгілі. Құл-тайпалар бұл вассал-тайпалары, олар сюзерен тайпасынан тері, жүн түрінде алым төлеуге міндетті болды. Қарағандықтар мемлекетінде маңызды әлеуметтік-саяси институт  болып  әскери  тайпалық  жүйе болып табылады.  Хандар  өздерінің  жақындарына, бұрын  мемлекетке  төленетін, тұрғындардар жиналатын  салықтарды  иеленуге құқық береді. Бұл  жағдай  «икта»  деп аталып, ал оны  ұстанушы  араб терминімен «мухта», немесе «иктадар» деп атады. Икта  институты Қазақстанның   оңтүстік  және  оңтүстік-шығыстың шаруашылық  және саяси  өмірінде   маңызды роль атқарады. Икта мазмұны және  иктадарлардың құқықтарын белгілеу нақты  анықталады Низам-Аль-Мульканың «Иктасы бар  мукта өзінің заңды  салымын ғана жинауы тиіс, ал  халыққа байланысты  оларға ештеңе бұйрық берілмеген» деген сөзі айтылған. Вакфтық  жерлерден (мұсылмандық дін басылардың жерлері) мемлекет пайдасына салықтар алынған жоқ. Отырықшы  елдерден сыбағаластық  алынды: жиналған өнімнің салық түріндегі  белгілі бір бөлігі. Х-ХІІ  ғасырларда  комендациялар институты  кеңінен тарады:  ұсақ  меншік иесі  жерлерін басқа  феодалдар  мен шенеуліктердің  зарлығынан  сақтау мақсатына  байларға  қамқорлыққа  берді, ол үшін белгілі салық  мөлшерін төледі. Салық салуда  күрделі  өзгерістер  моңғол шапқыншылығы  кезеңінде  жүргізілді: олар бірінші болып  орталықтандырылған   мемлекеттік билік ұсынысын  енгізді, сәйкесінше қазақ даласына да ортақ  салық жүйесі енгізілді.  Моңғолдар Қазақстан  территориясында  дифференциалды  салықтар жүйесін бекітті:  құлшыр-лан  үйінің пайдасына салықтар, хардж-отырықшы  аудандардың жер салығы, зекет-малдан  салық,  әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін  натуралды сипаттағы  тагар салық, авариз-күтілген  салық. Шыңғыс хан  империясында тұрғындардың басрлығы өздерінің табыстарынан 10%  мөлшерінде  салық төлеуге  мәжбүр болды.   Зерттеушілер  моңғолдармен белгіленген салықтың 20 түрін есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет