АрманғА ҚУҒан жетер


ОЛ - ҚЫЗМЕТКЕР ЕМЕС, ҚАЙРАТКЕР БОЛДЫ



бет9/9
Дата12.11.2016
өлшемі2,98 Mb.
#1591
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОЛ - ҚЫЗМЕТКЕР ЕМЕС, ҚАЙРАТКЕР БОЛДЫ

  • Қазақстан тарихында есімін алтын өріппен жазатын мемлекет кайраткерлерінің бірі, бірі емес бірегейі Нүртас Оңдасынов. Біз сондай кайраткердің жүріп өткен өмір жолын біршама көрсетуге талпындық. Әрине, бүдан Нүртас Оңдасыновтың бар болмысы, атқарған ісі, тарихтағы орны, қайраткерліғі, азаматтығы, бәрі айтылып, ашылып болды деген пікір калыптаспауы керек. Керісінше, Ондасынов өмірі мен қызметі әлі зерттелмеген, тіршілігінің күнгейі мен көлеңкелі жактары ашылмаған мемлекет жөне коғам қайраткері десек те болады. Ал оған қоса Ондасынов 25 жыл омірін арнаған арабша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктер де өзінің шын бағасын ала алмаған зерттеу еңбектері. Зейнеткерлікке шығып, жан бағып жата бермей, жанпидалықпен еңбек етіп, тіл ғылымына орасан зор үлес қосқан бірден бір мемлекет кайраткері - ол.

  • Рас, ак-караны аныктамай, талай қыршынды қынадай қырып кеткен 1937 жылдан кейін, бар жоғы 34 жаста

  • “тақка” келіп отыру кім-кімге болса да киын еді. Ел билігін ұсынып, өуелі Мирзоян, сосын Скворцов колка салғанда, екі ретінде де: - өмірлік төжірибем аз, ондай лауазымды кызметті аткаруға өзір емеспін деп, келісім бермеген. Неге? Бұл біреулердің ұйкысьш бұзып, маза бермей, колы жетпей, армандап жүрген бағы мен тағы емес пе еді?! Ондасынов ондай бактан неге кашты?

  • Иө, гөп мынада еді. Үкімет баскарудың артында халык міндетін, халык тағдырын мойнына алудан қорку бар, қоркудың артында жауапкершілік, жауапкершіліктің ар- тында сығалап үят деген “Үлы кісі” тұр. Бірақ, үшіншісінде бірінші хатшының өктемдеу айтқан: “Сіз бен біз партияның солдатымыз, қайда жүмсаса сонда барамыз” - деген сөзі то- сылтқан. Халық айтқан “Қоркуда да қуат бар” - деп, бір үміт, бір күдік жетегенде, нар төуекелмен ел билігін қолға алған.

  • Қолымыздағы мол мұра - колжазба-кұжаттар ішінен Оңдасынов қолымен жазылған “Туған коллектив” - деп, тақырып қойған макаланы кезіктірдік. Онда ол “Жалғыз ағаш орман болмайды”, Халық Комиссарлар Кеңесінің жұмысын біз көп болып атқардық. Коллективте іскер, білімді, халыққа жаны аши білетін нағыз таза азаматтар еді” дей келе:

  • “Мен Халық Комиссарлар Кеңесі, кейіннен (1946 ж.) Министрлер Кеңесінің коллективін дайымы есімде сақтап келемін. Асылы жеке адам болсын, бір тұтас коллектив болсын оның қадір-қасиетін, қолынан не келеді, не келмейді дегенді анықтайтын - сын сәт, сын оқиға!

  • Міне, біздің коллективтің сондай бір сараланып, сомда- нып көрінген кезі - Үлы Отан соғысының каһарлы жылдары. Біз ол тұста мейрам, демалыс, курорт, санаторий дегенді мүл- дем ұмытып кеткендей жұмыс істедік. Жолдастардың бөрі де қажырлылықпен, құштарлықпен, үйымшылдықпен ең- бек ете білді. Олар көбіне-көп жұмыста ұзак отыратын да, үйлеріне сөл тьшьнып қайту үшін ғана баратын. Сүрапыл соғыс жылдарында әрбір Совет адамы үш-төрт азаматтың жүмысын атқарып жүрді десем артық айтқандық болмас еді.

  • Сол он үш жыл ішінде Қазак ССР Министрлер Советінде Иван Семенович Климентьев, Ыбырайым Төжиев, Төлеген Тәжібаев, Шынқожа Бөрібаев, Сейітқали Жакыпов, Нүрдөулет Күзембаев, Дмитрий Александрович Сырцов, Александр Васильевич Тулинов, Жамалбек Шалабаев сияқты азаматтармен қызметтес болдым. Сол кезде республиканың Халық Комиссарлар Советі деп аталатын

  • /

  • бұл коллектив онда онша үлкен емес, өйтсе де ьштымақшыл, тьшымсыз, ізденістен танбайтьш шьнарма піылық коллектив еді.

  • Жүмыс үстінде өздерін көрсете алған азаматтар дербес жауапты кызметке батыл көтеріліп отырды. Тек Министрлер Советінің коллективінен Ө.Д.Адамбаев, Я.Е.Морозов, А.М.Рыбаков, М.С. Сапаргалиев, Д. А.Сырцов, Л.Е.Төжібаев, А.В.Тулинов, Ж.Т.Шалабаев жөне баскалары Үкімет мүшелері, ал, Ш.Б.Бөрібаев, С.Ж.Жакыпов, С.Е.Ержанов, Н.К.Күзембаев облыстық совет атқару комитеттерінің председательдері болып көтерілді.

  • Қажырлы зерттеу жүргізу арқасында кейбір жолдастар кандидат жөне доктор деген гылыми атақтарга ие болды. Бүлар коллективтің мақтанышына айналды. Олардың арасынан Д.А.Қонаев жөне Т.Төжібаев жолдастар Қазақ ССР Ғылым академиясыньщ академиктері болып сайланды.

  • Біздің қымбатты Хамза Әбілғазин, Ахмет Аманжолов, Ж.Ү.Бегімбетов, К.Л.Бенклиянц, А.М.Басин, В.И.Вяжевич, М.З.Иванов, М.Ж.Жарасов, П.П.Кияткин, М.И.Пршин, С.И.Рудый, М.М.Рутман, В.А.Степанов, М.П.Татаренко, И.М.Хымерев, И.Д.Яковлев, өздерінің адал да шығармашылык еңбектерімен көп жылдар бойы коллективтің қүрметтісі бола білді.

  • Министрлер Советінің аппаратынан біраз азаматтар өз еріктерімен майданға аттанды. Олар коллективтің сенімін абыроймен атқарды, сүйікті Отанының алдындағы патриоттық борыштарын бүлжытпай орындап шықты. Танк командирі Шалабаев Орынбек Отан үшін аяулы өмірін қүрбан етті. Ол 1945 жылы апрель айының ақырғы күндерінің бірінде Берлин қаласында ерлік үстінде шейіт болды. Ал, Шеглов С.М. жеңіспен ©зінің туған коллективіне қайта оралды.

  • Көп жылдар бойы Халық Комиссарлар Советінің - Министрлер Советінің Іс басқарушысы Дмитрий Александрович Сырцов болды. Ол жүмыс жағынан өзіне де, істес жолдастарьша да қатал, совет заңына жетік, өзінің ісіне шебер адам еді. Он үш жылдан астам уақыт ішінде республика Үкіметінің қабылдаған қаулы-қарарлары жөнінде жоғарғы заң орындарынан бірде-бір ескерту болған емес. Қазақстан Үкіметінің бүл абыройында Сырцов жолдастың айтарлықтай еңбегі бар.

  • Тарих Төлеген Төжібаев туралы бір-екі ауыз сез айтуды талап етеді. Төкең - белгілі мемлекет қайраткері, көрнекті

  • ғалым, Қазақ ССР Сыртқы істерінің тұңғыш министрі. Төлеген Төжібайұлы бірнеше рет СССР делегаңиясының кұрамында Біріккен Үлттар Үйымының жұмысына катынасты, Үндістандағы СССР елшілігінде жауапты кызмет атқарды.

  • Туған коллективтегі, яғни, Халық Комиссарлар Кеңесіне келген кұннен бастап, менің орынбасарларым болып тағайындалған Иван Семенович Климентьев пен Ыбырайым Төжиевтің еңбектерін ерекше атағым келеді. Иван Семенович мамандығы жағынан жоғары білімді агроном болатын. Ол Халық Комиссарлар Кеңесіне келген кұннен бастап өзінің дарынды ұйымдастырушы екенін бірден көрсетті. Ол табиғатындағы аса кіпшіейіл, адамгершілігі мол еңбекқор коммунист еді. Оның осындай касиеттері коллективтің құрметіне бөледі, айналасьшдағыларды тез мойындатты. Біздің сорымызға Иван Семенович кемеліне келген шағында - 1941 жылдың аяғында жауапты қызмет үстінде апатқа үшырады. Оның жарқын бейнесі туыстарының ғана емес, Отаныньщ болашағы үшін бірге күрескен пікірлестерінің, барлык адал достарының есінде мәңгі сақталып қалады.

  • Совет басшы қызметкерлерінің ішінде совет жүмысынан төжірибесі көбірек Ибрагим Төжиев жолдас еді. Ол - дарынды инженер, техника ғылымдарының кандидаты, республикадағы ең үлкен Қарағанды электростанңиясын салды. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеттің хатшысы болып сайлануымен байланысты 1955 жылы партия жүмысына ауысты...”

  • XX ғасырдьзд Қазақстан тарихына аттары алтын өріппен жазылғандардың бірі емес, бірегейі - Қаныш Сөтбаев пен Дінмүхамед Қонаев. Осы екі түлғаның бірінің - үлкен ғылымға, екіншісінің - үлкен саясатка келуіне себепкер болған Оңдасынов екенін қазір біріміз біліп, біріміз біле бермейміз. Ол былай болған.

  • Соғыстың басталған түсы. Елде өнеркөсіпті жедел - дамыту күн төртібіне көтерілген кез. Сол кездегі Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Нүртас Оңдасынов өндірісі енді-енді көтеріліп келе жатқан, қойнауы түрлі-түсті металға бай кенді Алтайға Лениногорға іс-сапармен келеді. Сонда үзын бойлы өдеміше келген, өзі ©те сауатты, білімді жас инженер Қонаевпен кездеседі. Ол біраз күн қасында болып өңгімелеседі, пікірлеседі. Оңдасынов өз бойындағы әдетіне басып өндіріске байланысты түсініп-түсінбей жүрген

  • сан сауалдарын қояды. Мінезі салмакты, жауабы байсалды жас инженер ұнап қалады да, Алматыга келісімен Қазакстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Н.Л.Скворцовка сапар барысын баяндай келіп, өнеркөсіпті баскаратын білімді, білікті маман тауып келгенін, тез арада Халық Комиссарлар Кеңесіне шақыру керектігін айтады, өтініш етеді. Себебі, Оңдасыновтьщ өзіне осындай білікті маман ауадай кажет болып түрган тұс еді.

  • Одан арғыны Д.Қонаев баяндайды.

  • “ - 1942 жылы маусым айының 6-сы күні таңертең Қазак ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің табалдырыгын аттадым... Ешқайда бұрылмастан, ең өуелі Халық Комиссарлар Кенесінің Төрағасы Оңдасыновтың алдынан өттім. Сосын Скворцовта, одан кейін Шаяхметовте болып, міндетімді айқындап алдым.

  • Скворцовтан, Оңдасыновтан шыққан тұста мен сол күннен бастап ауыр өнеркөсіп көсіпорындарына тікелей байланысты аса күрделі де киын іске біржола койып кеткелі түрганымды анык түсіндім...

  • Менің өріптестерім, Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрагасы Нұртас Оңдасынов қызмет бабымен ұзақ жол сапарга шыгып қайтатын. Өмір өз міндетін ұсынады, соган орай талап қойылады.

  • Комиссарлар Кеңесінің отырыстары тұрақты түрде өтетін. Онда облыстық атқару комитеттері төрагаларының, халық комиссарларының, бас басқарма жөне көсіпорын басшыларыньщ есебі тыңдалатын. Кезекті белгі согу емес, істің жайы егжей-тегжейлі талданып, талқыга түседі жөне бүгінгі қаралған мөселеге ертеңгі күн төртібі сөйкес келе бермейтін. Өнім өндіру жоспарыньщ орындалуы, өнеркөсіп жөне мөдени-өлеуметтік объектілердегі кұрылыстың барысы, тауар айналымы жоспарының жай-күйі... міне, осындай жүздеген мөселе өңгіме өзегіне айналатьш. Үр да жық сын емес, не айтылса да өткір, әділ өрі ашық айтылады. Сылап-сипап шығарып салу жоқ, өркім істен нөтиже шығарльщтай жауапкершілік арқалап аттанатын.

  • Халық Комиссарлар Кеңесіндегі жұмыс сағат тоғызда басталып, түнгі үш-төртке дейін жалғаса беретін... Сол жылдары жаксы мен жаманды таныдым, ел кадіріне жетіп, жер қасиетін ұқтым, білгенімнен білмегенімнің көп екеніне көзім жетті. Нұрекеңнің “үйренуден жалықпа” деген сөзінің қадіріне жетіп, төжірибе жинақтадым.

  • Бір күніне бір күні үқсамайтын әмірді терең түсінуге,

  • сан сауалдарын қояды. Мінезі салмакты, жауабы байсалды жас инженер ұнап қалады да, Алматыга келісімен Қазакстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Н.Л.Скворцовка сапар барысын баяндай келіп, өнеркөсіпті баскаратын білімді, білікті маман тауып келгенін, тез арада Халық Комиссарлар Кеңесіне шақыру керектігін айтады, өтініш етеді. Себебі, Оңдасыновтьщ өзіне осындай білікті маман ауадай кажет болып түрган тұс еді.

  • Одан арғыны Д.Қонаев баяндайды.

  • “ - 1942 жылы маусым айының 6-сы күні таңертең Қазак ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің табалдырыгын аттадым... Ешқайда бұрылмастан, ең өуелі Халық Комиссарлар Кенесінің Төрағасы Оңдасыновтың алдынан өттім. Сосын Скворцовта, одан кейін Шаяхметовте болып, міндетімді айқындап алдым.

  • Скворцовтан, Оңдасыновтан шыққан тұста мен сол күннен бастап ауыр өнеркөсіп көсіпорындарына тікелей байланысты аса күрделі де киын іске біржола койып кеткелі түрганымды анык түсіндім...

  • Менің өріптестерім, Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрагасы Нұртас Оңдасынов қызмет бабымен ұзақ жол сапарга шыгып қайтатын. Өмір өз міндетін ұсынады, соган орай талап қойылады.

  • Комиссарлар Кеңесінің отырыстары тұрақты түрде өтетін. Онда облыстық атқару комитеттері төрагаларының, халық комиссарларының, бас басқарма жөне көсіпорын басшыларыньщ есебі тыңдалатын. Кезекті белгі согу емес, істің жайы егжей-тегжейлі талданып, талқыга түседі жөне бүгінгі қаралған мөселеге ертеңгі күн төртібі сөйкес келе бермейтін. Өнім өндіру жоспарыньщ орындалуы, өнеркөсіп жөне мөдени-өлеуметтік объектілердегі кұрылыстың барысы, тауар айналымы жоспарының жай-күйі... міне, осындай жүздеген мөселе өңгіме өзегіне айналатьш. Үр да жық сын емес, не айтылса да өткір, әділ өрі ашық айтылады. Сылап-сипап шығарып салу жоқ, өркім істен нөтиже шығарльщтай жауапкершілік арқалап аттанатын.

  • Халық Комиссарлар Кеңесіндегі жұмыс сағат тоғызда басталып, түнгі үш-төртке дейін жалғаса беретін... Сол жылдары жаксы мен жаманды таныдым, ел кадіріне жетіп, жер қасиетін ұқтым, білгенімнен білмегенімнің көп екеніне көзім жетті. Нұрекеңнің “үйренуден жалықпа” деген сөзінің қадіріне жетіп, төжірибе жинақтадым.

  • Бір күніне бір күні үқсамайтын әмірді терең түсінуге,

  • адамдардың табиғатын тануға, күнделікті күйбең тірліктен өмірлік мәні бар маңызды мөселелерді айыра білуге, жүктелген міндеттің жауапкершілігін барынша сезіне түсуге бет бүрган жылдар болды.

  • Біздің өркайсысымыз үшін бүл үлкен мектеп болды, кашанда күр аттай сергек жүруге, жинакы әрі төртіп сақтауга тәрбиеледі. Халық Комиссарлар Кеңесі мен Министрлер Кеңесінде қызыл кеңірдектесіп қалатынбыз. Жүз жыртысу емес, бір-бірімізге деген сый-күрметімізді сақтай отырып, сыпайы сөйлеуге, бірак өділін, ақиқатын айтуга, сөйтіп, істің жайын зерделеп дүрыс шешім жасайтьшбыз. Біздің өркайсысымыз үпгін бүл үлкен мектеп болды.

  • Оңдасынов еңбек үйымдарын жиі аралауга, қайнаган өмірді өз көзімен керуге үмтылатын. Әсіресе, ауыл шаруашыльны еңбеккерлерінен кол үзбей, солардьщ тыныс- тіршілігіне ерекше мән беретін. Жүмысты жанын салып істейтін. Және орынбасарларын жинап өңгімелесіп отырганда: “Менің бойымдагы бар жақсы касиетті алып қалыңдар, ал жаманьшан бойларьщды аулақ салыңдар”, - дегенді кайталаудан жалықпаушы еді.” - дейді, агынан ақтарылган Дінмүхамед Қонаев, өзінің “Өтті дәурен осылай” кітабында.

  • Содан Қонаев табаны күректей он жыл Оңдасыновтың орьшбасары болады. Осылай Ондасыновтың “үстаханасынан” шьщдальш іныққан ол ақырында Қазақстан Республикасын отыз жыл басқарды.

  • Өзін орынбасарлыққа шақыртқан Оңдасынов екенін ол кісі зейнеткерлікке шыққан соң, талай жылдардан кейін Қонаев өзгелерден естиді. Ол кезде Оңдасынов Мөскеуде түратын. “Өзіме бірде-бір рет айтпай, базына жасамай, міндетсінбей өткен Нүрекеңнің парасатына таңқалып, осы уақытқа дейін маган неге айтпадыңыз дегеніме: “Е, орынбасарлыққа шақыртсам Сен үшін емес, халқым үшін шақырттым да” деп мені сөзден тосылтып тастап еді дейді өткенді еске алган Қонаев тагы бірде.

  • Оңдасынов Үкімет басында отырган он үш жыл ішінде жоғарыдан - Мөскеуден түскен бүйрықты бүлжытпай орындайтын орындаушы-қызметкер емес, халық мүддесі үшін республика ішінде небір ірі-ірі мөселелер мен бастамалар көтеріп, оны шеше алған - Қайраткер дәрежесіне кетерілді. Тарихи шындықты жоққа шығара алмаймыз, ол - Коммунистік партия саясатымен карулана

  • отырып, әуелі социализмді, сосын коммунизмді орнатпак болған “ақжүрек” буынның өкілі. Сенімі - социализм, мүраты — халқын білімді, ғылымды, мөдениетті ету.

  • Алайда, кім кімге де баға берерде оның социализм бе, өлде калитализм бе, тағы да қандай бір “измге” қызмет еткендігше қарап емес, халқына, ел-жүртына пайдасы қай дәрежеде болды, не жаксыльпс әкелді? - сол таразының басын басып түруы керек шығар. Жаңа өмірдің басында барынша белсенділікпен ел басқарған: Мирзоян, Скворцов, Шаяхметов, Юсупов, Исаев, Қазақбаев, Оңдасьшов, Тәшенов, Бейсебаев... Қонаевтар өмірі мен ел басқару қызметі социализм түсьша тура келгеніне олар кінөлі емес. Егер .мақсат кінә іздеу болса, оны ел басқарудағы өрекеттерінен, қызмет-хәлінен, сол кездерде шыққан қаулы-қарарлардың дүрыс-бүрыстьнынан қарастыру керек. Мемлекет басқару он үйі бар ауылға аулынай болу емес, ол - мөселесі мен қарама кайшылығы шаш етек күрделі дүние. Оның үстіне сенің тағдырың Мөскеуде отырған “старший браттарға” байланысты болса” сорыңның қайнағаны.

  • Айталық, соғыс жылдарында тылдагы еңбекті майдандағы жеңіске бағыштап, бағыттай алған Қазақстанның сол кездегі республика басшылары: Скворцов, Оңдасынов, Қазақбаев еңбегі, үйымдастырушылық қабілеті әлі тарихта ашылып, өз орнын да, бағасын да алған жоқ. Тарихтан орын алу деген не? Ол жөн-жосықсыз мақтау- марапаттау; жіберген кемшілікті көзді жүмып қойып көрмеу емес. Кеткен кемшілікті де, жеткен жетістікті де бар шындығымен баяндау, айту, түсіндіру, сосын одан ғибрат алу.

  • Кейінгі кезде керек емес қазақи қағидаға салып: “Қойыңдар, өруақтың артынан топырақ шашуға болмайды!” - деп, көсемситіндер табылып түр. Ондай көсемсу ауыл-үйдің, ағайын-туыстың арасындағы тату- лықты сақтау үшін жарап қалар. Ал, мемлекет басқарған, халық тағдыры колында болған, мемлекеттің ішкі жөне сыртқы мөселелерін шешкен түлғаларға ол қазақи қағида жүрмейді, олай көлгірсу келмейді. Онда тарих бүрмаланады.

  • Біз ақыл-ойымызды, ар-үятымызды қалай пайдалансақ, тарих солай жазылады. Ал, біз бүгінде ақылды, білімді ел көшіне ілескен жоқ па едік!?

  • Қазақстандағы басқарған көп басшының ішінен Оңдасьшов тіршілік мөнін күнкөрістен биік қойған, шын мәнінде халқына адал қызмет еткен пір түтар түлға. Бүл

  • ол туралы асқақтата айтылған пікір емес. Ол - ніындық. Мұндай пікірді онымен өрілтес, кызметтес болғандардьщ бәрі ұялмай, көзіңе тік карап тұрып айта алады. “Нұрекеңдей Үкімет басшысы болған емес, талабы күшті, ісіне тиянақты, айтқан сөзінен, кабылдаған шешімінен танбайтьш адам еді. Біз оны төраға демей, хозяин дейтін едік” - деп, сол кезде Оңдасыновтың кол астында нарком болған Сайлау Қайнарбаев, Қазтай Едігенов, Атымтай Қисанов пікірлері бір арнаға күяды.

  • “Оңдасынов халыкка адал кызмет етті, ары да, колы да таза” дегенімізге кейде кейбіреулер: “Е, ол заманның талабы, төртібі солай болды ғой” - деп ділмарсиды. Талап, тәртіп қай заманда да болған, бола береді. Қазір жок па? Мәселе талап пен тәртіпті кімнің калай түсішп, калай орьшдауьшда, арына, ұятына байланысты. Ол кездің басшылары тәртіпті өздерінен бастады. “Балық басынан шірімеді!” Ешкімнің ала жібін аттамай, мемлекет қамбасына қол салмай, ойлағандары халық қамы болды. Сондьщтан да қираған шаруашылық, тұралаған тұрмыстың, тез арада көнін көтеріп, аяғына тік тұра бастағаны.

  • Оңдасыновтың өзі: “Тағдыр маған ел баскаруды, халык үшін кам жеуді сыйлапты. Ондай сый алған адам өз отбасының мүддесінен гөрі ел, халық мүддесін жоғары қоюы керек. Ел баскару білгенге - мехнат, білмегенге - қанагат. Маған мехнат болды, себебі, ең ауыр кезең - соғыс, күйзелген шаруашыльщты қайта қалпына келтіру жылдарында ел басқардьш. Сол кезде халкымньщ жағдайы күні-түні есімнен шыккан емес, кайтсем жағдайын жақсартамын, көркейтемін, кем-кетігін келістіремін деумен өмірім өтті...” дейді.

  • Адамдықтың, адалдықтың ақ туын бір рет те жерге түсірмеген жанның шын сөзі бүл.

  • Академик Рахманкұл Бердібаев: “... адамдықтьщ алғы шартьшан аумаған: ел сенімін кіршіксіз атқарып, артына сөз ертпей, атағына нұксан келтірмей зейнеткерлікке жүзі жарқьш шьщқан Кеңестік кезеңдегі казак басшыларының бірі емес, бірегейі Нүртас Ондасынов болатьш” - деген пікір айтады. Осьшдай зиялылар айтқан пікірлер мен әріптес, қызметтес болғандардың сөзі болмаса Оңдасыновтың тарихтағы орны өлі толық ашылған жоқ деп, жоғарыда да айтқанбыз. Ол енді, өрине, тарихшылар парызы, міндеті.

  • Бірақ, бізді тосылтып, ойландыра беретін кезең - 1951- 1954 жылдар аралығы. Табан астынан Оңдасыновты

    Үкіметті басқару жұмысынан босатып, Мөскеуге Жоғары партия мектебіне окуга жіберуде не сыр бар? Қалың елге жұмбактау болып калганымен, жогары саяси орта шет жагасын білетін. Білетіндердің бірі - кырык сегізінші жылдан елу бірінші жылга дейін Оңдасыновтың ең жас көмекшісі болган, бұл күнде сексеннің сеңгіріне шығып отырган Олжабай Темірханов аксақал. Бірақ жиырмага жетер жетпесте көмекші болған Олжабай аға бір қанша жерден түрлі сүрақтар қойғанымызбен мандытып ештеңе айта алмады. ■

    Өзі де: “... ол кезде жаспыз ғой, әйтпесе Оңдасыновтың әр әрекетін, ісін, бес ауыз болса да бәтуөлі сөзін қағазға түсіріп жүрмеймін бе? Қартаямыз, ол күндер тарихқа айналады деп ойладық па? Бәрі жастықтың салдары ғой. Ал, білетінім, өмірі ешкімге дауыс көтеріп үрыспайтын, аса байсалды, салмақты адам еді. Сезін де ақырын сөйлейтін, сондықтан тапсырма алатын кезде қасына жақьш барып отыратьшбыз. Кәңілі толмаса “бүлай болмайды ғой” деп, қайта түсіндіріп, қағазыңды алдыңа итере салатын. Онысы тура таяқпен үрғандай әсер ететін. Іс-сапарға кеткенде расы керек, ол кезде емін-еркін сайрандап-ақ калатынбыз...



    • Олжабай аға, Оңдасьшовты табан астынан неге оқуға жіберді? Жасы үлғайған шағында...? - деп, басқаға жауап ала алмаған соң осы бір сүрақты төтесінен қойдық:

    • Иә, ол кезде қоғамда ғалым, жазушыларға “үлтшы- сыңдар, ескіні көксейсіңдер...” деғен, түрлі жала жабу басталмады ма?! Біраз орыс ғалымдары, жазушылары осы жаламен сотталып та кетті. Соның лаңы бізге де келді. Мөс- кеу - Орталық Комитет Қазақстанның саяси басшыларын сынға алды. Содан өзін қорғау үшін бірінші хатшы Шаях- метов әуелі Керімбаевты алып тастады. Сосын идеология хатшысы Омаровты алды да, орнына Астраханьнан Сужи- ковты шақыртты. Ешқандай жүмысына кінө қоя алмаған соң, Шаяхметов өз басын сауғалап, Оңдасыновты “саяси білімін көтеру керек” деп, ұсыныс жасап, окуға жібертті.

    Артынша Шаяхметов тарихшы Бекмахановты, Абайтанушы Мұқаметхановты пленумда өлтіре сынады, ақырында олар сотталып кетті. Әуезов кетті еврей достарын жағалап, Сәтбаев шықты жүмыстан... не керек жау жоқта жау табылып, ұлтшылдықтан ұлтжандылықты ажырата алмай, талай адамның обалына қалды. Бүған кінөлі, ең бірінші — Шаяхметовтің білімінің аздығы болса, екіншіден, айналасындағы адамдардың ой таяздығы, ұлтының болаша-

    ғын ойлай алмайтын ұр да жык мінездерінен, білімсіздік- терінен еді” - деді Олжабай аға өз топшылауын түйіндеп.

    Рас, Оңдасынов айналасында жағымпаздар үзак жүре алмайтын. Жағымпаздығын әшкерелеп, жексүрындыкка айналдырғанда өздері-ак тайып тұрады. Өз ісіне адал, таза, өділ адамды - Ондасыновты биліктен әдейі кетірмеді ме екен?


    • деген сауал бізді де мазалайтьш. Сол ойымызды Олжабай аксакал пікірі толыктырып, аша түскендей. Жүмысынан кінәрат таба алмай, акырында саяси сауатын көтеруді сылтауратып, сырғытып жіберген Шаяхметовтің ондагысы, саяси “үлы” шараларын іске асыруға кедергі болмасын, карсы түрмасын деген пиғылынан болса керек.

    Акырында, казак айткандай: “Өтіріктің күйрығы бір-ак түтам” деп, өділетсіздік жолы одан да кыска екені көп үзамай дөлелденді. Қазакстан КП Орталык Комитеттің бірінші хатшылығына П.К.Пономаренко сайланды. Ол казак интеллигенңиясына жасаған орынсыз озбырлығы үшін Шаяхметов пен Сужиковты жүртшылык алдында катты сынға алды. Екеуі де кызметтен кетті...

    Бұрындары Оңдасынов Үкімет басында отырғанда да Әуезов туралы неше түрлі сыбыстар сыпсыңдап жететін. Оның біреуіне де күлак аспай, кағыс калдыратын. Себебі, ол шалкар білімді, кабілет-карымы үшан-теңіз осы бір жанды іштей Үлы тұтатын. Оның үстіне алдынан сабак алған үстазы. Талай жерде талайлардан өзінің арашалаған сөттері де болған...

    Қазак Ғылым Академиясының жеке шаңырак көтеріп, оның басшысы, түңғыш президенті Қ.Сөтбаевтың болуына біраз еңбек еткен, үйыткы болған Оңдасынов екенін ешкім жокка шьпара алмайды. Сол Сөтбаевқа пленум, активтерде Оңдасынов кетісімен ашыктан-ашык тиісу басталды: - алашорданың сөзін сөйлеген, байфеодалдьщ тұкымы, ескінің саркьшшагы... Мұндай “бағалар” Орталык Комитеттің өзінен


    • Шаяхметовтен шыға бастады. Акыры республика ғылымынъщ дамуына зор үлес коскан, аты өлемге танылған ғүлама ғалым Қаныш Сөтбаевты орнынан алып тынды.

    Ал, Оңдасынов кашанда, кай жерде де Сәтбаев бастамаларьш колдап, корғаштап, кезі келгенде қолпаштап отыратын. Алғаш екеуі Мәскеуде кездесіп, Сәтбаевка қалайда-қалай қазак ғылымын көтеру керек дей отырып: “қаражаттан кам жеме, мен осы орында отыратын болсам каражатсыз қалмайсың...” деғен уәдесін орындаған. Көзге үрып түратын осындай қамқорлық Сәтбаев “бәсекелесте-

    рінің” кызғанышын ояткан. Оны Оңдасынов та, Сөтбаев та талай байкаған. Бірак, ондай пасық дүниенің бас көтеруіне Оңдасыновтьщ өділдігі, принципшілдігі бас көтертпеген, жол бермеген. Оңдасынов ешкімнің бүлтаң-бүлтағына көнбейтін, халық үшін пайдалы іс болса бастап кететін, пайдасыз болса боска каражат шашпайтын.

    Саясат, билік басында отырғандардың өздеріне осындай “қолайсыз, ыңғайсыз” адамдарды ығыстырып, жағаға шығарып тастау төсілі әр замандарда болған, бола беретін көрінеді ғой. Сол кездегі “жағаға шығып калғандар” қатарында Ондасынов та бар болып түр. Оның оқуға кетуі жәй кетіс емес, кульщпен көмкерілген, айламен астарланған


    • кудалау. Ендігі жерде оны таразыға салып, ақ-қарасын аньщтау тарихшылар міндеті. Біздікі өз пікіріміз. Пікір - түжырым, теория бола алмайды, бірак оған қорек болуға жарайды.

    Ал, адамды адал, таза өділ болуға бастайтын — нөпсіні тию. Нөпсі тойса күпті ететін, тоймаса күпірлікке соқтыратын, содыр мінез туғызатын жаман пиғыл. Нөпсінщ алдын кес-кестеп, кердеңдеп келуіне Оңдасыновтың қанағатшыл касиеті жол бермеді. Ақырында бойьшдағы төрт таған - Адалдық, Ақыл, Қанағат косыльш Бакытқа бөледі. Артьшда жаксы сөзі мен ісі калды.

    Бүгінде бәріміздің де үлгі-өнеге аларльщ, балаларымызға айтып, жастарымызға түсіндіретіндей өнегелі сөзі - үш аньны қалды, Ондасыновтың:

    “Біріншіден, қанша жыл қолымда билік болса да, біреуден бір тиын да пара алмадым - Қолым таза!

    Екіншіден, үштіктің бірі болып, біреудің сыртынан қол қойған емеспін, яғни, ешкімнің қаны мойнымда жоқ - Арым таза!

    Үшіншіден, адамдарды атага, руға, жүзге бөлген де, тіігген ешкімнің епщашан жүзін сүраған да емеспін - Жүзім таза!”


    • дейді.

    Тағы да үш анық - өзінің үш қателігін, өкінішке де өзі айтып кеткен.

    “Біріншіден, “Сөз өнері - дертпен тең” деп Абай босқа айтпаған екен. Мен де дерттімін бүл күнде. Сөз төркінін іздеу қандай қызық, қандай ғажап, қандай сиқырлы! Тек өкінерім



    • жүргелі пойызга билет алып қойған жолаушыдай копандаймын да отырам. Уакытымның аз калғанына, жасымның тым үлғайып, бастаған сөздіктерімді жалғастыратын шөкірт төрбиелемегеніме өкінемін.

    • “Шөкіртсіз ұстаз - тұл” деген осындайдан айтылса керек.

    • Екіншіден, зейнеткерлікке шыккан соң Мәскеуге емес, Алматыға көшуім керек еді. Елден ұзап, үнемі сағынышта жүремін, баска ортаны өгейсимін.

    • Үшіншіден, өйелді орыстан алдым. Өмір бойы сыйластыкта өткен өйелімді ол үшін жазғыра алмаймын. Өкінерім балаларымды “жоғалтып” алдым, олар казакы рухтан, түсінік-түйсіктен, тәлім-тәрбиеден, салт-дөстүрден макүрым калды.

    • Өз өмірімде, өр жылдарда ана тілі, халык дәстүрі, салт- санасы туралы көптеген мақалалар жаздым. Кейбір мақалаларым қазақстандық басылым беттерінде пікір-талас туғызып, ашык әңгімелер болды.

    • Әль-Фараби бабамның айткан мына бір қағидасы үнемі есімде жүреді. Бірде бір замандасы ғүлама ғалымнан:

    • — Алманың артықшылығы қып-қызыл болған түсінде ме, өлде бал татыған дәмінде ме? — дегенде, ол ойланбастан: — Алманың артықшылығы - Дөнівде, - деген екен. Сол сияқты жатып тіл, дөстүр, салт-сана туралы мақала жазсам әлгі Дөнді - үлт үрығын жоғалтып алмасақ екен деген уайымнан жазамьш.

    • Үлт үрығы - тілі, дәстүрі, салты! Осыдан нәр алған адам ғана өз ұлтының өкілі бола алады” - дейді, Оңцасынов өткен өмірдің өкінішін жасырмай, ағынан ақтарылып.

    • Қайран қартым: “балаларымды жоғалттым” дегенде жүрегі қан жылап түрады екен-ау. Балаларына өз үлтының үрығын еге алмай, оларға - обал, өзіне - күнә жасағанын үға тұрып: “Бұл қателігім үшін халқымның алдында басымды иіп, мың бір мәрте кешірім сүраймын” дегенді айтқан да Ондасынов болатын.

    • Бірезу болма өзімшіл,

    • Мінінді тапса,

    • Кім сынап,

    • Аяғына бар жығыл!

    • Бүны айтқан данышпан Шәкәрім!

    • Қателікті мойындау, кешірім өтіну өркөкірекке емес даналарға үялайтынын Шөкөрім айтып, Ондасынов дөлелдеп түр. Дүниедегі кесапат атаулының бөрі - сол қателікті мойындай алмайтын, текірек каққан өр кеуденің кекірегінен екенін ойлана отьфьш өзің де мойындайсьщ. Міне, Ондасьшов өмірінен ғибрат түтар, сабақ алар да түсың осы.

    • Осындай қилы-қилы өмір жолы бар, Қазақстан үшін

    • кызметі ұшан-теңіз, мемлекет жөне когам кайраткері Нүртас Оңдасынов 2004 жылдың 26 казанында туғанына 100 толады. Осыны елеген елдестері, жерлестері, Үкімет каулысы шыкпай жатьш-ак, Түркістан каласьшьщ ортасынан Нүртас Оңдасынов кешенін ашты. Салынып жаткан “Дарын” мектебіне Нүртас Ондасынов есімін беруді жоғарғы жактан сүрап, хат жазып, өрекеттеніп жатыр.

    • Сол кездегі аудан әкімі Өмірзақ Әметүлы Түркістан қаласы орталығынан “Нүртас Оңдасынов кешенін” салуды үйғарып, бастама көтерді. Оны түркістандықтар, мектеп оқушылары, түрлі мекеме қызметкерлері қызу қолдап, асар жасап, ақырында алты ай істелетін шаруаны алты күнде бітіріп, кешенді арнайы ашты. Әсіресе, Оңдасыновтың ауылдастары, туған-туыс, ағайындары асаршыларға түскі тамақтарын тегін үйымдастырып, елдік танытты.

    • Кешенмен бірге музей үйі де ашылды. Сонау 1905 жылы салынған ескі үй соңғы кезде қараусыз, азып-тозып түрған болатын. Пайдаланудың реті келіп түрғанын байқай қалған аудан өкімі каражаттың жолын карастырып, ауданда аурухана үйін салып жатқан бизнесмен-кәсіпкер аян Темірөліге қол үшын беруді сүрайды. Атыраулык Аян өзі жас болғанмен әкесінен естіген, Оңдасыновтьщ жақсы істері мен адамгершілік қасиеттерінен хабары бар ол музей үйін күрделі жөндеуден өткізіп, жылу орнатып, ішін жабдықтап беруге уөде береді. Айтқандай-ак, мемлекет қайраткерінің туған күніне әзір етті. Халықта “Байлығына сүйсінбе, игілігіне сүйсін” деген сөз бар екен. Ал, Аяндай жастың осындай игілікті ісіне калай сүйсінбессің!

    • Бүл өзірге біткен іс. Ал, алда Нүртас Оңдасыновтың жүз жылдық мерейтойы. Оған дейін Алматы, Астана көшелеріне Ондасынов есімі беріледі, Түркістандағы “Дарьш” мектебінің қүрылысы бітіп, кітаптары шығады, деректі фильм түсіріледі... Бүл - Үкімет қаулысындағы шаралар. Ал, аталмыш кітап, сол тойдың жол-жоралғысы.

    Арманға қуған жетер 3

    Совнарком Төрағасы


    • Ауылдагыөзгеріс 23

    • Өнеркәсіпті дала 87

    • Білімдіел—биікел 102

    • Өнердіңөрісалганкезі 115

    Гурьевте өткен жеті жыл 136

    Артымда қалсын сөзім деп 154



    Ол — қызметкер емес, қайраткер болды 162
    Каталог: uploads -> files
    files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
    files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
    files -> Шахмардан есенов
    files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
    files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
    files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
    files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
    files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет