Армысыз, әз Наурыз! Мақсаты



бет2/3
Дата10.05.2023
өлшемі17,55 Kb.
#176405
1   2   3
Байланысты:
наурыз снераий дұрыс
Дағды химия
Алдар көсе:
 Наурыз құтты болсын! Қоян жылы елімізге бақ - береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.

Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)


Тазша бала :
Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.

(Сахнаға Қыдыр баба шығады. Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)


Қыдыр бабаның батасы:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!

Ән __________________


Жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.
Көрініс. Күнмен түннің теңелуі

Күн
Армысың түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, жаңа әлемдегі жаңа жас Қазақстанның дамуына қосар азамат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңмен ажарлансын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет