Армия генералы с.Қ. НҰрмағамбетов атындағЫ «жас ұлан» республикалық мектебі



бет4/4
Дата03.12.2016
өлшемі1,42 Mb.
#3015
1   2   3   4



Кеңес мүшелері:

Нұрғисаев М.Б. ,

Байзрахман Ж.У.

Роман Н.З.





Нұрмағамбетовтар отбасының кіші ұлы әскери қызметке баруды еш жоспарламаған.Сағадат армия генералы болуды емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған. Бұл пәндерге деген ықыласы ерекше болатын! Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп бере алатын. Сол кезде картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде бүкіл әлемді шарлайтынын білді дейсің бе?.. Қырық бірінші жылы соғыс оның мұғалім болсам деген арманына тосқауыл қойды. Соғыс, әскер, әскери іс... Оның бүкіл өмірінің мәніне айналған іс. Майданға жазылу үшін келген мұрты шықпаған бозбалаларға әскери бөлімшедегілер: "Алдымен мұрындарыңды сүртіп алыңдар!"— деп күлкі ететін. Бірақ зерек Сағадатты бірден байқап, саяси ағарту қызметкерлері курсына жіберді. Келесі жылы әскери училищеге бөлді. Оқу тез қарқынмен жүрді: соғыс өз дегенін істетті. Келесі жылы Ақмола облысының Қосымауылынан шыққан кешегі бала өзінің пулеметшілер взводымен Солтүстік Кавказдағы Курка өзеніндегі неміс қорғанысын талқан етті. Қайтпас жүректілік пен қырағылық, ағасының өлімі үшін кек алу сезімі мен әрбір солдаттың өмірін сақтап қалуға деген қамқорлық, үлкен жауапкершілік пен балалық қызбалық оның бойында араласып, өзгелерді тыңдатуға мәжбүрледі. Донецкіге өткен бойда-ақ ол пулеметшілер ротасын басқарды. Днепрді алды, онан соң Украина, Бессарабия, Белоруссия, Полыпаны азат етті... Берлинге ол комбат болып кірді. "Батяня-комбат" деген ән сөздері есіңізде ме? Ол болса жасы жиырмадан жаңа асқан батяня?! Ал батальонда 3 атыс ротасы, пулеметшілер ротасы, артиллериялық батарея, шаруашылық взводы... Барлығы 250-300 адам. Адамдар, қару-жарақтар мен танкілердің үлкен тобын жас комбаттың бір ғана сөзі қозғалысқа келтіретінін елестете аласыз ба? Сіз оның орнына сіздің қамқорлығыңызды қажет ететін бозкүйек өз балаңызды қойып көріңізші. Бірақ біздің де ұлдарымыз өзге қиын шыңдарды алуда. Тек заман басқа және армия да бұрынғыдай емес. Армия бұрынғысындай қалды. Талап та бұрынғыдай, тек күшеймесе азайған жоқ. Армиядағы басты қағида — дара басшылық. Барлығы заңға, тәртіпке бағынуы керек. Жаттығу алаңында, мәселен, уақыт секундқа дейін есептеліп қойылған. Оның өз мөлшерлері бар: 10-15 секунд — оқ атылады. Уақытты жіберіп алдың ба — өлгенің. Бұл біреудің әпербақандығы немесе назы емес. Аман қалу заңы. Әскери адам уақытты Бұлжытпай естіп, өлімге немесе жеңіске апарып соғатын қауіп-қатерді дөп басуы тиіс.



Атадан қалған өсиет нақылдар


АНА ТІЛІН АРДАҚТА   

 

  Көшеде бояу ерін салқылдаған,



Былдырап орысшылап жырқылдаған,

Ұмытып ана тілін, салт – санасын,

Не қалды тілімізде жыртылмаған

 Отбасы түсініксіз жатқан балдыр,

  Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр – мылдыр.

Оқысаң алып кітап шым – шытырық,

Опырмай, сандырақ па, бұл не бұлжыр?!

 Ержеткендер сөйлейді орысшылап,

  Кім отыр сөз құрылысын қынап – сынап,

  «Мамасы» мен «папасы» шұршіт болып,

 Күйдірді – ау, шүршітшілеп, бала жылап.

                                                                                                      




Өмірбаяны

 Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Баруыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

         Бауыржан 7 жылдық пектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.

         Туған ауылына оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылы, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек  «Волокаламское шоссе» повесін жазды.










Ұлан Қалқаман Б.

Журналист

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Осы орайда мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Рақат Садбекқызынан сұхбат алдым.

-Қазіргі заманда кітаптың маңыздылығы қандай?

-Халқымыз кітапты аса құрметтейді және оған үлкен мән береді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз қүнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді.

-Мектебіміздің кітапханасын-



да қандай жетістіктер бар?

-Кітапханамызда оқырмандар-ға арналып компьютер залында 7 компьютер орнатылған.

Ұландарымыздың электронды оқулықпен жұмыс жасауына және интернетке шығуына мүмкіндік бар.

Ұландардың патриоттық санасын ұлғайтуға арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі.
-Мектебіміздің кітап қоры жайында не айтасыз?

-Кітап қорынан басқа ұландарымыз күнделікті жаңалықтарды газет-журналдар арқылы танысып отырады.

Кітапханамыздың кітап қоры – 17 555 дана;

Оқулық қоры – 10 906 дана;

Газет-журналдар – 66 дана.

-Кітапханаға оқырмандардың келуі қаншалықты?

-Күніне кем дегенде 35-40 ұлан кітапханаға келеді. 7-10 ұлан компьютермен жұмыс істейді,15-20 ұлан өзімен кітап алады, ал қалғандары оқу залында әр түрлі энциклопедиялар мен газет-журналдар оқиды.

- Ұландар қандай кітапты оқиды?



-Көбінесе мектеп бағдарламасы бойынша көптеген кітаптар алады. Мысалы:калссикалық әдебиеттер: А.Құнанбаев , Ы. Алтынсарин, М.Мақатаев, А. Пушкин және т.б. Ұландар одан басқа спорт және әскери тақырыптарды қызығып оқиды. Әр пәндерден анықтамалық кітаптар алады және газеттерден жаңалықтар оқиды.


Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің кітапхана меңгерушісі

Қожахметова Рақат Садбекқызы






Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады.


Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

 

Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.



 

Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.

 

Әкесі қой баға білмегеннің,



Баласы қозы баға білмейді.

 

Кеме келсе, қайық судан шығады.



 

Сақтықты соқырдан үйрен,

Кішілікті түйеден үйрен.

 

Сын түзілмей, мін түзілмейді.



 

Бабасы еккенді, баласы орады.

 

Апасының киген тонын сіңлісі де киеді.



 

Елгезек екі айтқызбайды.

 

Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.



 

Жақсылық еккен алғыс орады.

  

Үлкен бастар, кіші қостар.



 

Шыбық тимес, шыңқ етер.

 
Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.

 

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.



 

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

 


Ине өткен жерден жіп өтер.

 

Ел болам десең бесігіңді түзе.



 

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

 

Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.



 

Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.

 

Бесіктен белі шықпаған.



 

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

 

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.



  

Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

 

Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.



 

 Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

 

Алдыңғы арба қалай жүрсе,



Соңғы арба сонда жүрер.

 

Ағайынға қарап бала өсер,



Қарағайға қарап тал өсер.

 

Тісі шыққан балаға,



Шайнап берген ас болмас.

 

Жорғаның тері кеппес,



Жылауықтың көз жасы кеппес.

 

Құс жеткен жеріне қонады.



 

Тауда туған баланың,

Екі көзі таста болар.

Ашаршылықта туған баланың,

Екі көзі аста болар.

 

Ағаны көріп іні өсер,



Апаны көріп сіңлі өсер.

 

Жеті атасын білмеген – жетесіз.



 

Сүтпен кірген мінез.

Сүйекпен кетеді.



«Намыс» Жас ұландарға арналған танымдық журналы №1 Астана-2015ж


ЖАС ҰЛАН

Ақпан №1, 2015 февраль



Жас ұландарға арналған танымдық журнал

2015 жылдан бастап шығарылады



Меншікті иесі

Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы республикалық

«Жас ұлан» мектебі

Жетекші:Ермағамбет Г.Ө.

Бас редактор:Амангеді С.С.

Төрағасы: Орынбасаров Н.Ж.

Журналист:Калхаманов Б.

Дизайнер:Мақсатұлы Д.

Кеңес мүшелері:

Нұрғисаев М.Б. ,

Байзрахман Ж.У.

Роман Н.З.



Редакцияның мекен-жайы

Астана қаласы , Қорғалжын тас жолы

Телефон/факс 8(7172)57-92-81

Эл.мекен-жай:zhasulan.mil.kz

vk.com/baha0702

Жарияланған материалдар редакцияның пікірін білдірмейді. Қолжазбалар және суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды



Позиция редакции не обязательно совпадает мнением авторов. Рукописи и фотоснимки рецензируется и не возвращаются







Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет