Қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



бет5/6
Дата19.05.2017
өлшемі1,7 Mb.
#16381
1   2   3   4   5   6

22. ВВГ, ДВГ және СВГ кезінде дезинфекциялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      285. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар алдын ала дезинфекцияланбай және бөлшектелмей жойылады (өртеледі, қиратылады).
      286. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазартылады, кептіріледі, оралады және стерильденеді.

      287. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде дезинфекциялық ерітіндіге батыру немесе ультрадыбыстық және басқа да жуу машиналарына салу жолымен жүргізіледі.

      288. Қуысы бар медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, шырыштың, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Бөлінетін бөлшектер бөлінген күйінде өңделеді.

      289. Дезинфекциялық ерітінділер ластануына, түсінің өзгеруіне немесе тұнбаның пайда болуына қарай ауыстырылады.

      290. Биологиялық сұйықтыққа қатысты бекіту әсері бар дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланған кезде құрал-сайман алдын ала бөлек суы бар сыйымдылықта жуылады, кейіннен ол залалсыздандырылады.
      291. Жуатын ерітінді егер ерітіндінің түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы пайдаланылады. Стерильдеу алдында өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттардың қалдықтарына оң сынаманың жоқ болуымен бағаланады.

     292. Құрал-сайманды стерильдеу алдында тазалау және стерильдеу медициналық ұйымның әр бөлімшесіндегі арнайы бөлінген жерде немесе орталық стерильдеу бөлімшесінде жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған жағдайда стерильдеу алдында өңдеу жүргізілмейді.



23. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау
және олардың асқынулары (пневмониялар) кезінде
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      293. Халықтың ЖРВИ (ТТА, АЖРИ), тұмау және олардың асқынуларымен (пневмониялар) сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жыл бойы мониторинг түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді қамтиды.

      294. ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмониялар) эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар 1 қазаннан бастап 1 желтоқсан аралығындағы эпидемия алдындағы кезеңдерге және 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуір аралығындағы эпидемиялық маусымға бөлінеді.


  295. Тұмау, ЖРВИ, ТТА және АЖРИ-ды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жыл бойы жүргізіледі, оның мақсаты амбулаториялық және стационарлық науқастардың тұмаумен сырқаттанушылығына мониторинг жүргізу, халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау болып табылады.
      296. Эпидемия алдындағы кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:

      1) денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;


      2) төсек қорының қажетті көлемін, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, қызуды төмендететін құралдар, иммундық модульдеуші дәрі-дәрмектер, витаминдер мен минералдар), қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықтың және құралдардың, дезинфекциялау препараттарының, жеке қорғаныш құралдарының резервін құруды көздей отырып, медициналық ұйымдардың эпидемиялық маусымда сырқаттанушылықтың көтерілуі кезінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын адамдарды қабылдауға дайындығы;
      3) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарындағы вирусқа қарсы препараттар мен құралдардың резерві мынадай есеппен құралады:
      МСАК ұйымдарында кемінде 10 науқасқа;

стационарларда – кемінде 35 науқасқа;

      4) медициналық ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, халыққа қызмет көрсету саласының, туристік фирмалардың персоналына, көші-қон полициясының, шекара және кеден қызметтерінің қызметкерлеріне тұмаудың клиникасы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар және нұсқамалар өткізу;
      5) медицина қызметкерлеріне, денсаулығына байланысты тәуекел тобына жататын 60 жастан асқан адамдарға, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балаларға, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балаларға, балалар үйлері, сәбилер үйлері балаларын, қарттар үйі контингентін және мүгедектерді, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдерді жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу.

    297. Эпидемиялық кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:


      1) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды), сондай-ақ биоматериалды тұмауға және басқа да ЖРВИ вирустарына зерделей отырып, оларға байланысты өлім-жітім жағдайларын есепке алу;

      2) аумақтар, жас ерекшелік, тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылыққа және олардың асқынуларына (пневмонияларды), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылыққа жүйелі түрде мониторинг (1 қазаннан бастап апта сайын, 1 желтоқсаннан бастап күн сайын);


      3) халықты жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша тұмауға қарсы иммундауға мониторинг;

      4) медициналық ұйымдар ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар), сондай-ақ олардан болған өлім-жітім жағдайлары туралы ақпаратты аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына береді;

      5) тұмауға қарсы иммундау, ЖРВИ және тұмау, ТТА және АЖРИ бойынша күнделікті және апталық есептілік нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

      6) жергілікті атқарушы органдарға ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар) мен олардан болған өлім-жітім, өңірдегі айналымдағы вирус типтерінің белсенділігі және тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күресудің қажетті шаралары туралы ақпарат жүйелі түрде беріліп отырады;

      7) тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
      8) медициналық ұйымдарда (МСАК мен стационарлар), балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

     298. ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың апталық бақылау деңгейі немесе сырқаттанушылық көрсеткіштері өткен аптамен салыстырғанда 1,5 немесе одан да көп есеге артқан кезде аумақтарда шектеу іс-шаралары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен белгіленген тәртіп бойынша енгізіледі.

  299. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
      300. Емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсеткіштер:

      1) 14 жасқа дейінгі балаларда, 65 жастан асқан адамдар мен жүктіліктің кез келген мерзіміндегі жүкті әйелдерде аурудың өтуі орташа ауыр және ауыр, асқынған түрлерімен өтетін ЖРВИ және тұмау;

      2) орташа ауыр және ауыр өтетін ЖРВИ және тұмау белгілері, жүрек-қан тамыр, өкпе, бөліп шығару, эндокриндік жүйе тарапынан қоса жүретін созылмалы аурулары мен гематологиялық патологиясы бар науқастар.
      301. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер олардың сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мүгедектер үйлерінде, жатақханаларда, казармаларда тұруы болып табылады.
      302. Зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдарды алуды, сақтауды және жеткізуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен оқытылған медициналық ұйымның медицина қызметкері қамтамасыз етеді.

      303. Тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың зертханалық диагностикасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі. ЖРВИ-мен (ТТА, АЖРИ), тұмаумен және олардың асқынуларымен (пневмониялар) ауыратын науқастардан алынған материалды зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық вирусологиялық зертханалары жүргізеді.


      304. Эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде зертханалық зерттеу үшін биоматериал алуды ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемия алдындағы және эпидемиялық маусымдарында ай сайын клиникасы айқын ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын кемінде 10 науқастан әр медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері жүргізеді; шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

     305. ТТА және АЖРИ шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі кезінде шолғыншы орталықтардың тізбесін, олардың жұмыс кестесі мен ШЭҚ шегінде жұмысты ұйымдастыруға жауапты адамның функционалдық мiндеттерiн шолғыншы өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқын қорғау комитеті департаменттерінің (бұдан әрі - ТҚҚД) басшылары айқындайды және бекітеді.

306. Осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ТТА жағдайларын ШЭҚ кезінде үлгілер алуды шолғыншы орталықтар айына кемінде бір рет; АЖРИ – стационарлардың қабылдау бөлімдерінде іріктеудің репрезентативті қағидатын қамтамасыз ете отырып жүргізеді.

"Инфекциялық аурулардың алдын алу 


бойынша санитариялық-эпидемияға 
қарсы (профилактикалық)    
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар" 
санитариялық қағидаларына  
2-қосымша           

Вирустық гепатиттерді сыныптау, вирустық гепатиттермен
ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу және диспансерлеу
Жіті вирустық гепатиттерді сыныптау
      1. Берілу механизмі бойынша вирустық гепатиттер мыналарға бөлінеді:
      1) энтеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:
      - А жіті вирустық гепатиті;

- Е жіті вирустық гепатиті.

2) парентеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:

      - В жіті вирустық гепатиті;

      - Д жіті вирустық гепатиті;

- С жіті вирустық гепатиті.

3) этиологиясы анықталмаған вирустық гепатиттер.

3. Жіті вирустық гепатиттердің (бұдан әрі – ЖВГ) түрлері:


      1) субклиникалық – аурудың клиникалық белгілері жоқ, науқастардың қанында аланинаминотрансферазаның (бұдан әрі – АЛТ) көп болуымен вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;

2) инаппаранттық – клиникалық-биохимиялық белгілердің толық болмауымен өтеді, бірақ адам организмінде иммунологиялық, функциялық және морфологиялық өзгерістер байқалады. Вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;

3) манифестік – жіті вирустық гепатитке тән субъективтік және объективтік клиникалық белгілер негізінде диагностикаланады. ЖВГ-нің манифестік түрлерінің сарғаю алдындағы (продромалдық), сарғаю (өршіген) және сауығуды қамтитын циклдық ағымы бар. Сарғаю алдындағы кезең тұмау тәрізді, астеновегетативтік, диспепсиялық, артралгиялық және аралас синдромдармен білінетін клиникалық симптомдар жиынтығымен сипатталады. Ауру өршіген кезеңде тері қабаттары мен шырышты қабықшалардың сарғаюы, гепатомегалия пайда болады;

      4) типтік сарғаю циклдық – аурудың 3 кезеңінің нақты ара жігін ажырату арқылы сарғаюдың цитолиттік синдромдармен үйлесуі;

5) холестатика компоненті бар типтік сарғаю – сарғаю барынша қарқынды, жоғары билирубинемия, елеусіз трансаминаземия, сілтілік фосфатаза (бұдан әрі – СФ) көрсеткішінің жоғарылау үрдісі бар. Аурудың сарғаю кезеңі айтарлықтай ұзақ болады;

6) типтік емес сарғаю (холестатикалық) – сирек, орта жастан асқан науқастарда байқалады. Сарғаю терінің қатты қышынуымен қарқынды болады.

Гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, СФ мен гаммаглютаминтранспептидаза жоғарылайды. Сарғаю кезеңінде эритроциттер мен субфебрилитеттің шөгу жылдамдығының арту үрдісі бар;

7) типтік емес сарғаю белгісі жоқ – аурудың әлсіз білінетін жалпы көріністерінде бауырдың ұлғаюы арқылы және оның функцияларының бұзылуының субъективті белгілері кезінде сарғаюдың толығымен болмауымен сипатталады. Вирустық гепатиттердің өзіндік маркерлері АЛТ деңгейінің жоғарылауымен үйлеседі. Көбіне олар А вирустық гепатиті кезінде байқалады;


      8) жіті циклдық – 1-1,5 ай ішінде вирустың репликациясы (көбеюі) тоқтайды, ол организмнен шығарылады да толық санация басталады. А және Е гепатиттері үшін бұл аурудың типтік ағымы. В, С және Д гепатиттері кезінде – ықтимал варианттардың бірі болады;

9) ЖВГ-нің жіті прогредиенттік ағымы – вирустың белсенді репликациясы фазасы 1,5-3 ай сақталады. Инфекциялық процестің аяқталуы күрделі: не сауығумен аяқтала отырып не организмнің санациясы, не созылмалы ағымға айналуына әкеледі. В, С және Д гепатиттері кезінде негізінде прогредиенттік ағым болады. А және Е гепатиттері кезінде ауыр преморбидтік фонында созылмалы түрі байқалады, алайда науқас толығымен аурудан айығады.

4. ЖВГ-нің ағымы жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде болуы мүмкін:
      1) жеңіл дәреже – уыттану болмайды немесе ол аз ғана білінеді. Сарғаю жеңіл. Протромбиндік индекстің (бұдан әрі - ПИ) шамасы қалыпты нормада. Ішіндегі жалпы билирубин 80-85 микромоль/литрден аспайды.
      2) орташа дәреже – бірқалыпты білінетін уыттану симптомдарымен сипатталады. Сарғаю орташа білінеді. ПИ 60%-ға дейін төмендейді. Ішіндегі жалпы билирубин 100 - 180 микромоль /литр шегінде.

3) ауыр дәреже – орталық жүйке жүйесінің айқын уыттануы, ұйқының бұзылуы, желігу немесе ұйқышылдық, селқостық, анорексия, қайталап құсу, геморрагиялық синдром, қарқынды сарғаю, тахикардия, диурездің тәуліктік азаюы, ПИ 55%-дан төмен болады. Жалпы билирубин 180 микромоль/литрден артады, жалпы билирубиннің 1/8-ін еркін фракция құрайды. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндер артады. Көбіне ауыр ағым В және Д гепатиттері кезінде байқалады. А, С және Е гепатиттері кезінде ауыр түрлердің үлесі (жүкті әйелдерден басқа) айтарлықтай аз.

5. Қатерлі ағым бар – фульминанттық гепатит. Массивті және субмассивті бауыр некрозы бар фульминанттық (қатерлі) гепатит.

Аса жіті нұсқа бауыр комасының дамуымен және аурудың 1-8 күндерінде өліммен аяқталумен ЖВГ-ның шынайы фульминанттық ағымына сәйкес келеді.


     Жіті нұсқасы – ұзақтығы аурудың басталуынан бастап 28 күнге дейін.
      Жітілеу (субмассивтік) нұсқа, мұнда бауыр некрозының алдында энцефалопатияға дейінгі 15 күн – 12 апта мерзімінде ЖВГ-ның қалыпты ағымы болады.
      6. Асқынған ЖВГ – жіті бауыр энцефалопатияның және жаппай геморрагиялық синдромның дамуы бар жіті бауыр қызметінің жеткіліксіздігі:

1) ісік және бас миының ісінуі

2) жаппай асқазан-ішектен қан кету;

      3) жіті бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жіті тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі;

4) жайылған қайталама инфекция.

      Вирустық гепатиттердің нақты этиологиялық диагнозы тек науқастың қан сарысуында өзіндік маркерлерді анықтау жолымен ғана белгіленеді.


Созылмалы вирустық гепатиттерді сыныптау
      7. Созылмалы вирустық гепатиттердің түрлері:

  1. дельта агенті бар В созылмалы вирустық гепатиті;

  2. дельта агенті жоқ В созылмалы вирустық гепатиті;

  3. С созылмалы вирустық гепатиті.

8. Вирустық гепатит фазалары: асқыну және ремиссия.
А вирустық гепатиті

      9. Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнді құрайды (диапазоны 7-50 күн).


      10. АВГ-нің берілу жолдары:

      1) тұрмыстық-қарым-қатынас (отбасыларда және ұйымдастырылған ұжымдарда);


      2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);

      3) парентералдық – сирек.


Е вирустық гепатиті
      11. Е вирустық гепатитінің (бұдан әрі – ЕВГ) инкубациялық кезеңі орташа 40 күнді құрайды (диапазоны 20-60 күн).

      12. ЕВГ-ның вирусының берілу жолы – су арқылы.

13. ЕВГ кезінде эпидемиялық процесс:

      1) судан пайда болған эпидемиялық өршулер 7-8 жыл аралықтармен;


      2) аурудың шұғыл сипатымен;

      3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;


      4) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен сипатталады.
      14. Аурудың өрши бастауы жаз айларына тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі болып табылатын жерасты суының барынша ластануына байланысты.
В вирустық гепатиті
      15. В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін).

      16. Сарғаю түрлері 5 жасқа дейінгі балалардың 10 %-да, 5 жастан асқан балалар мен ересектерде 30-50%-да тіркеледі.

      17. ВВГ вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.

18. Жұқтыру жолдары - парентеральдық (қан құю, сілемейлі қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде беріледі.


Д вирустық гепатиті
      19. Д гепатитінің вирусы – ақауы бар, оның көбеюі үшін В гепатиті вирусының болуы қажет, сондықтан ДВГ мынадай түрде өтеді:
      1) коинфекция (ВВГ мен ДВГ бір мезгілде жұғуы);
      2) суперинфекция (ДВГ-нің ағымдағы ВВГ инфекциясына, әдетте созылмалы болған кезде қабаттасуы). ДВГ жіті және созылмалы болады
      20. Асқынулар мен нәтижелері: көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және үдемелі бауыр циррозы жиі дамиды.
С вирустық гепатиті
  21. СВГ инкубациялық кезеңі орташа 180-210 күнді құрайды (14-тен 780 күн аралығында ауытқумен).

22. Инфекция көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлері бар науқастар.

23. Жұқтыру жолдары ВВГ-ге ұқсас.

24. Сарғаю түрлері жағдайдың 10-20%-да орын алады.


ЖВГ ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу
  25. Энтеральдық гепатиттермен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша (орташа-ауыр және ауыр түрлері, ілесіп жүретін патологиясы болған жағдайда жеңіл түрлері) парентеральдық гепатиттері бар науқастардан бөлек жүргізіледі. Науқастарды ауруханаға жатқызу (оқшаулау) үшін эпидемиологиялық айғақтар жоқ, себебі көбіне жағдайлар аурудың өршуі кезінде анықталады. Осы кезеңде науқастар қоршаған ортаға вирус бөлуді тоқтатады және эпидемиологиялық қауіп тудырмайды.
  26. ЖВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер клиникалық айғақтары бойынша инфекциялық аурулар стационарларына, 30 аптадан бастап жүкті әйелдер және босанған әйелдер перзентханалар мен бөлімшелердің оқшауланған палаталарына (бокстарына) жатқызылады.

27. ЖВГ-мен ауырып жазылған науқастарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауығудан кейін, клиникалық-зертханалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.


Диспансерлеу
28. ЖВГ-мен ауырған науқастарды диспансерлеу клиникалық көрсеткіштер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе емдеген дәрігер науқастың қолына берген жазбаша ұсыныммен аумақтық денсаулық сақтау ұйымының инфекциялық аурулар кабинеттерінде жүзеге асырылады.
      АВГ-нің орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырғандарды диспансерлік бақылау үш ай, ВВГ-мен – алты ай, жіті СВГ-мен – созылмалылықтың жоғары ықтималдығын ескере отырып, тұрақты жүргізіледі (оның ішінде биологиялық-химиялық сынамалардың қалыпты көрсеткіштері кезінде және қанда вирус репликациясы болмаған кезде).

Созылмалы вирустық гепатит – ЖВГ нәтижелерінің бірі, алты ай бойы және одан көп айға рұқсат бермейтін бауырдағы диффузиялық қабыну процесі.


      ЖВГ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеу (әсіресе НВsАg болғанда) Д инфекцияның ықтимал суперинфекциялануына байланысты көрсетілген.
      Диспансерлік бақылау ұзақтығы жалғасатын гепатит пен ферментемия клиникасының болуымен анықталады.

Вирустық гепатиттер реконвалесценттері сақталатын ферментемиялармен ауруханадан шыққаннан кейін бір айдан соң қаралған кезде диспансерлік есепке қойылады.

Есептен шығару клиникалық белгілер болмаған кезде жүргізіледі.
      ЖВГ-мен ауырған адамдарға стационардан шыққаннан кейін алты ай бойы антирабиялық вакцина мен сіреспеге қарсы анатоксиннен басқа профилактикалық егуге болмайды (айғақтар бар болса).

29. Қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері алынғанда, хирургиялық операцияларға және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмысқа жіберілмейді.

«Инфекциялық аурулардың     
алдын алу бойынша санитариялық- 
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және 
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»    
санитариялық қағидаларына     
2-қосымша             
      

Эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру
және жүргізу алгоритмдері
1. МСАК медициналық ұйымдарында эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:

1) аумақта және ғимаратта кіреберісте тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілер» ұйымдастыру және жабдықтау;

2) ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдар арнайы бөлінген бөлмеге оқшауланады, содан соң сүзгінің мейіргері дәрігерді шақырады;
      3) дәрігер қарағаннан кейін сүзгі мейіргері дәрігердің нұсқауын орындайды (зерттеуге сынама алады, инъекциялар жасайды және басқалары) және пациент одан әрі амбулаториялық емдеуге немесе стационарға жіберіледі;
      4) келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;

5) қосымша телефондар орнату және тұмауға күдігі бар және ауыр, орташа ауыр түрде өтетін ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету және оларды ауруханаға жатқызу үшін автокөлік;


      6) үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік, жанар-жағармай материалы, тіркеу орнының ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, 7 күнге еңбекке жарамсыздық парақтарын беру және басқалары);
      7) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларының (пневмониялар) белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға күн сайын патронажды қамтамасыз ету, уақтылы емдеуге жатқызу арқылы үйге шақырту бойынша бірінші кезекте қызмет көрсету;

8) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде медициналық ұйымдардағы жұмыс күнінің уақытын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұзарту;


      9) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар амбулаториялық науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттардың қорын құру;

10) әрбір 3 сағат сайын бетперделерді ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету. Көп рет қолданылатын бетперделерді пайдалануға және бір рет қолданылатын бетперделерді қайтадан пайдалануға жол берілмейді;

11) адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;

12) санитариялық тораптарды сұйық сабыны бар дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз майлықтармен, қолданылған бетперделер мен майлықтарды жинауға арналған педалі бар қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;

13) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18 Цельсий градус температуралық режимді қамтамасыз ету;

14) тұмауға күдікті науқастардан материалды уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) алуды, «салқындату тізбегі» талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;

15) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;

16) пациенттер болатын жерлерде ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты орналастыру (стендтер, брошюралар, үнпарақтар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы жөнінде бейнематериалдар көрсету және басқалары).


      2. Медициналық ұйымдарда (стационарлар, перзентханалар мен бөлімшелер) эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:

1) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде соматикалық бөлімшелердегі төсектерді инфекциялық ауруларға арналған төсек ретінде қайта бейіндеу жоспарын бекіту;

2) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар науқастарды емдеу үшін препараттардың, сондай-ақ дезинфекциялық препараттардың тізбесіне сәйкес дезинфекциялау құралдарының қорын жасау;

3) тұмауға және басқа да респираторлық вирустық инфекцияларға күдігі бар науқастардан уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) материал алуды, «салқындату тізбегі» талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;

4) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;

 5) ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын бетперделер, халаттар, қолғаптар) қамтамасыз ету; әрбір 3 сағат сайын бетпердені ауыстыру есебімен қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету; олардың қайта қолданылуына және көп рет қолданылатын бетперделердің қолданылуына жол бермеу;

 6) медициналық қызметкерлердің стационар бөлімшелерінде жүруін және шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде келушілердің санын шектеу арқылы медициналық персонал үшін бетперде режимін енгізу;
      7) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18 градус Цельсий; босандыру блогының үй-жайларында кемінде +220С температуралық режимді қамтамасыз ету;

8) палаталарды терезе ойықтары арқылы күніне кемінде 3 рет желдету;


      9) ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғыларды пайдалану;
      10) стационарда пациенттер мен қызметкерлер арасында тұмау жағдайларын белсенді ерте анықтауды ұйымдастыру;
      11) ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар пациенттерді жеке үй-жайларға немесе блоктарға (палаталар, бокстар, бөлімшелер, секциялар) оқшаулау;
      12) тұмаумен ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді, тұмаудың белең алу себептерін тексеру және оны шоғырландыру бойынша шаралар қабылдау.

3. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:


      1) болмау себептерін анықтау және балалардың сырқаттану жағдайлары туралы аумақтық медициналық ұйымдарға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізу;
      2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық аурулар белгілері бар оқушылар мен педагогтарды сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысымның алдында таңертеңгілік сүзгі ұйымдастыру және жүргізу;
      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда сұрау, сырттай қарау, көрсеткіштері бойынша – қызу өлшеу арқылы әрбір ауысымдағы сабақ басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгі ұйымдастыру; әрбір қабатта немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысын ұйымдастыру;

4) таңертеңгілік сүзгіде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) уақтылы сабақтан (жұмыстан) шеттетуді ұйымдастыру, медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберу;

5) бір күннің ішінде ауырған балаларды ата-аналары келгенге дейін тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;
      6) шұғыл жағдайларда балаларды медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу;
      7) медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмекпен (термометрлер, қалақшалар, бетперделер, тұмауға қарсы препараттар) қамтамасыз ету;

8) үй-жайларда +18-тан +220С-қа дейін температуралық режимді қамтамасыз ету;

9) ерекше бейінді үй-жайларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану;
      10) үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы оқу кабинеттерінде; мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды басқа үй-жайларға шығару кезінде желдету режимін күшейту;
      11) санитариялық тораптарды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен/сулықтармен қамтамасыз ету;

12) пайдаланылған бетперделер мен сулықтарды жинау үшін педальмен жарақталған қоқыс жәшіктерін орнату;

13) оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыру;
      14) ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде жаппай және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу.

«Инфекциялық аурулардың     


алдын алу бойынша санитариялық- 
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және 
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»    
санитариялық қағидаларына     
3-қосымша             
      

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет