Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде



бет22/54
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#87339
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Диплом Арт-терапия
91691978, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1. Өзін-өзі тану. Өзінің жекелік тұрғыдан өсуін табысты ұйымдастыру үшін әрбір адам өзінің мүмкіндіктерін, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап алу қажет, яғни, өзін-өзі тану, оған: өзін-өзі бақылау, өзіндік сана, өзіндік қатынас, өз-өзіне анализ жасау және өз-өзін бағалай білу жатады. Толығырақ тоқталып кетер болсақ: өзін-өзі бақылау – адамның өзін бақылауы. Өзіндік сана – адамның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, жеке тұлға (яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және мінез-құлығын) ретінде ұғынуы және бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теориялық ойлау деңгейіне көтеріледі. Өзіндік қатынас – өзін-өзі анықтау. Өзіндік анықтау – өзін бағалау. Бұл термин, әдетте, индивид өзі туралы ақпарат алатын жеке адамның бағалау тәсілдеріне қатысты қолданылады. Өзін-өзі аңғару – адамның өзін аңғару күйі. Өзін-өзі байқау – 1) адамның өзінің мінез-құлқын, өзін бақылауы; 2) интроспекцияның синонимі. Өзін-өзі жетілдіру – өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын, сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс. Өзін-өзі ұстау – адамның өз іс-әрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға қабілеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық процестерді саналыеріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу – тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші. Өзіндік бағалау – адамның өзінің сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау адамның іс-әрекетіне тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін-өзі бағалау, ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.
2. Өзіниеттену. Өзі ниеттену адамға кәсіби мамандандырылған және жекелей өзін-өзі дамытуға іштей ниеттенуіне әсер етуші әдістерді қолдана білуді жобалау. Бұл жерде Н.Р.Битянова мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетеді: өзін-өзі сынай білу, өзін-өзі стимулдау, ерік түрлері (өзіне бұйрық беру, өзіне міндет жүктеу, өзін мәжбүрлеу) .
3. Кәсіби және жекелік тұрғыдан өсуді программалау. Өзін-өзі жетілдіруде қажеттіліктен нақты іс-әрекетке өту мақсат пен міндеттерді айқындау және осы іс-әрекеттің әдістері мен жолдарын анықтауды жорамалдайды.
4. Өзін-өзі ұсыну (көрсете білу). Н.Р.Битянова өзін-өзі көрсете білу техникасының негізгі үш элементін бөліп көрсетеді: біріншіден, ұйымдастыру-басқарушы түріндегі тәсіл, екінші ақыл-ойдың дамуына бағытталу, үшінші –психикалық жағдайын өзі реттей алу.

С ызба 1



Өзін-өзі тану” курсының психологиялық ерекшеліктері


Амансың ба, алтын Күн? Амансың ба, Жер Ана ?! Аман болсаң қуанам!


“Өзін-өзі тану” курсының әр сабағы осындай қызықты амандасу рәсімдерімен басталады. Бұл курстың негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортамен ізгілік қатынасын орнату және өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Курс бойынша сабақтардың құрылысында өзіндік ерекшеліктері мен психологиялық ғылым негізімен тығыз байланысты. Ұсынылған материалды қабылдау барысында студенттердің: қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, алған білімнің тәжірибеде қолдануға үйренеді, өзіне-өзі бақылау жасай, өз ісін бағалай біледі: өзінің көңіл-күйін сезінеді, айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.
Осының барлығы қазіргі білімге қойылатын талабына сай. Өтетін сабақтар мазмұнды, жан-жақты танымды болғандықтан студенттер қызығушылықпен қатысады. Жүргізуші өзінің шығармашылығымен, шеберлігімен, мейірімділігімен әрбір студенттің ішкі жан дүниесін ашып, өзіне деген сенімділігін нығайтып, бойларына, ізгілік, әдептілік жайлы психологиялық жағдай туғызу үшін “Тыныштық сәті”, “Көңілашар” деген кезеңдері болады. Сабақтың бұл кезеңінде студеттің көңіл-күйіне әсер ету, қиялдауы, әуенді сезінуі, түсінуіне әрекет жасап ерекше мағына береді.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Қазіргі заманда топтағы әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттердің бірі болып табылады.
Басқалармен өзара құрметке, коммуникацияға, ынтымаққа негізделген қарым-қатынас құрғысы келетіндердің бәріне осы қасиеттер қажет. Бұған қалай жетуге болады? Біздің өміріміздің бәсекелестік рухта өтуі де қиындық келтіреді.
Бәсекелестікте ұтылғандарға қарағанда жеңімпаздар аз болады. Қалай болғанда да жеңілудің болатынын түсіну өзіңе деген сенімсіздік пен әр түрлі үрей туғызады. Нәтижесінде жеңімпаздар, жеңілгендер озбыр бола бастайды, сөзсіз олардың басқа адамдармен қарым-қатынасы қиындай бастайды. Бәсекелестік бізді психологиялық жағынан тұйық етеді. Ерте ме, кеш пе өз күшімізге деген сенімділігіміз жойылады.
Ынтымақтастық адамдарды байланыстырады, ал бәсекелестік адамдарды оқшаулайды. Дегенмен соңғы жылдары ынтымақтасу идеялары танылуда. Жаттығулар мен ойындар жарысу принциптерін ынтымақтасу принциптерімен мүмкіндігінше орын ауыстыруға көмектеседі. Ойындар мен жаттығулар топта жұмыс істеуге үйренуге, өзіндік сананы дамытуға, өзінің және басқаның даралығын бағалауды үйренуге мүмкіндік береді – яғни, күрделі көпбаспалдақты міндеттерді бірігіп шешетін сапаларды қалыптастырады. Жаттығулар тек топ мүшелерінің бір-біріне деген қызығушылығын ғана туғызбай, сонымен бірге әркімнің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастырады, басқа адамдармен өзара әрекет дағдысына машықтандырады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің топтың дамуына, сонымен қатар жеке адамның дамуына психологиялық әсерінің алғышарты – топты құрудың нәтижесінде топтағы қарым-қатынас процесінің сапалық өзгерісі және әрбір жеке адамның өзін-өзі тануға белсенділігін арттыру. Тренингке қатысушылардың маңызды кезеңінің бірі олардың белсенді позициясы. Тренингтің негізгі мазмұны оған қатысушының өзі қатысып отырған топ арасында өзін нақты көре алуы. Сондықтан маңызды ереже ретінде тренингтің өту шеңберінде ғана жағдайды талқылау шектеледі және пікірін жеке өзі айтады. Тренингтің ерекше атап өтетін тұсы топтың эмоциялық әулетіне назар аударуы. Топтағы қарым-қатынас шектеулі уақыт аралығында, топ дамудың нақты кезеңдерінен өтетіндей ұйымдастырылады. Ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа кәсіби проблемаларды шешу іскерлігін жаттықтырады. Негізгі рольдік ойындар жан-жақты психологиялық мәнге ие және мазмұнына қарамастан кез-келген психологиялық проблемаға қолданылды. Қазіргі экономикалық жағдайда бізге құнды болып табылатын мынадай адамгершілік қасиеттер қажет: шығармашылық энергия, беріктік, қайсарлық, сонымен бірге командалық рух, әлеуметтік-жауапкершілік сезімі және азаматтық батылдық. Экспериментальдық бөлімде қарастырылып отырған тапсырмалар осы сапаларды дамытуға көмектеседі.
Қарым-қатынастың барлық тәсілін толық қолдану ойдағыдай жақындасудың қосымша көзі болып табылады. Сөйлеумен бірге қарым-қатынастың сөзсіз (вербальды емес) “тілін” бөліп көрсетуге болады. Сөзсіз қарым-қатынасқа сипау, көру (көздің түйісуі) , ымдау, біреудің ішкі дүниесін сезіну (үндемеу) жатады. Қарым-қатынас мәдениеті осы тілдерді білуге, жағдайға қарай оларды қолдану іскерлігіне, өзара әрекет бағытында оларды қолданудың психологиялық заңдылықтарын түсінуге ниеттенеді. Мысалы, сипап жанасу өзара жақындасудың дамуына ықпалын тигізеді, әріптесінің бағалауына әсер етеді.
Сөзсіз қарым-қатынас тілін дамыту (сипау, көру, ыммен) жаттығулары қатысушылардың коммуникациялық мәнерлілігін күшейту тәсілдерін арттырады, сөзсіз қарым-қатынас тілін жағдайға байланысты қолдануға және бір түрінен екіншісіне өту мүмкіндігіне жаттықтырады. Бұдан басқа, психогимнастикалық жаттығулар жағдайлардың дамуына мүмкіндік жасайды, осылайша үйреншікті тілді қарым-қатынастан қол үзіп, психолог қатысушыларды бір-бірімен өздері үшін жаңа тәсілдермен қатынасты табуға мәжбүр етеді. Әсіресе, сипау қатынасының элементтерімен сөзсіз қарым-қатынас тапсырмаларын қолданудың жанама тиімділігі, қатысушылардың өз арасында психологиялық қашықтықтықтың тез қысқаруына ықпал етеді. Үнсіз қарым-қатынаста топ мүшелері өздерін көрсетеді және үнсіз қарым-қатынасқа түседі.
Сөзсіз қарым-қатынастың өзгешелігі оның коммуникациялық негізгі құралы эмоцияны ыммен немесе пантомимамен жеткізу, сонымен бірге қандай бір берілген тақырып бойынша нәрселелермен айлалы әрекет жасау. Қатысушылар жағдайды және басқа адамдарға қатынастарын тек ыммен және үнсіз жұғысумен жеткізеді. Үнсіз мінез-құлықты бақылау қиын болғандықтан бұл жаттығулар құнды болып есептеледі. Жаттығулар тұтастай топ жағдайын немесе әр қатысушыны жеке алғанда өзгертуге бағытталған. Бұл жерде біреудің ішкі дүниесін эмоциялық жағынан түсіну (эмпатия) іскерлігін дамытуға, жүрек жылуын беруге арналған жаттығулар қарастырылады.
Психогимнастикалық жаттығуларды өткізгенде төмендегі кезеңдерді есепке алу маңызды:

  • топ жағдайын немесе әр қатысушыны өзгерту ниетін есепке алатын жаттығуды дұрыс таңдау;

  • топтың даму кезеңі, оның құрамы, мезгілі, одан әрі жұмыс жүргізудің мазмұны;

  • жаттығуды орындау алдында топқа нұсқау беру, қалай орындалу керектігін көрсетуге немесе мысалмен дәйектеп суреттеуге болады;

  • жаттығуды орындауға қызығушылық ең жоғарғы шегіне жетіп, төмендемей тұрған кезде жаттығуды аяқтауға болады;

  • жаттығуды талдау.

Өзін-өзі тану курсы бойынша жүргізілетін жаттығулардың негізгі мақсаттары – адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әуелетін барынша көп қолдануына бағытталған. Бұл сабақтар адамның өзін-өзі тануына, әлеуметтік ортаға жылдам, қиындықтарды жеңе отырып бейімделуге көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін танып білуге жағдай жасайды.
“Бірлесіп көтерген жүк жеңіл” дегендей осылайша бірлесе қызмет жасаған кезде әрбір адамның жеке тұлға болып қалыптасуы дұрыс деңгейде жүреді және ұлттық рухани мәдениетін танып, өмірден нақты орнын табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет