Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардан шағымдарын, аурудың даму тарихын, Өмір тарихын сұрастыру



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#91696
1   2   3
Байланысты:
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН

Тәбеттің бұзылуы
Асқа тәбетінің төмендеуі – асқазаны, ішегі немесе бауыры ауыратын науқастарда жиі болады, тіпті асқа тәбеті жойылуы мүмкін – анорексия деп аталады, әсіресе қатерлі ісіктерде жиі кездеседі, науқас арықтапжүдеп, кахексияға ұшырауы мүмкін. Асқазан рагімен ауырған науқастардың етке тәбеті тартпауы мүмкін, ал жара ауруында науқастың тәбеті бұзылмайды, тек тамақты көп ішсе асқазаны ауыратындығынан, ол асты аяншықтап, аз-аздан ішуге мәжбүр болады.
Тәбеттің шектен тыс жоғарылауы – булимия деп аталады. Тез тойыну - асқазанның сөлі төмендегенде (гипоацидті гастритте), бауыр-өт жолдарының ауруларында, асқазан рагімен сырқаттарда, аз тамаққа тез арада тойынғандай, ішін кернегендей сезім пайда болады.
Ауыз қуысында тістің, кілегей қабатының тікелей өздерінің зақымдануымен қатар басқа ағзалар мен жүйелердің ауруларымен байланысты өзгерістер де байқалады.
Мысалы, қаназдықтың бір түрі - АддисонБирмер ауруында ауызда күйдіріп тұрғандай сезім пайда болса, бауыр, асқазан, ішек ауруларының кейбіреуінде ауыздан жағымсыз иіс шығып немесе қышқылтым дәм сезінеді, ал қантты диабетпен сырқат адамдардың аузы құрғай береді.
Ауызда жағымсыз дәм сезіну
Қан құсу
Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уақытына байланысты. Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды («кофе қойыртпағы» құсығы).
Қан кету
Қан кету — melaena (қара түсті нәжіс). Мұндай нәжіс аш ішектің жоғарғы бөліктерінен, және де асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек қана құсықпен шығып қоймай, жұтуына байланысты ішекке де түседі. Қан аз кеткен жағдайда қара түсті нәжіс бомайды, қалыпты түс болады. Мұндай жағдайларда, нәжісті жасырын қан кетуге тексеру қажет.
Метеоризм
Іш кебуі — желденуі. Ішектердегі газ түзілуі күшейіп, сіңірілуінің төмендеуінен, іш жүрмей қалуынан, өсімдік тектес тағамдарды көп қолданудан, ауаны көп жұту себебінен дамиды. Анықтайтын жағдайлар: бүкіл ішке тарала ма, белгілі бір бөлігіне беріле ме, үнемі бір аймағында болады ма, құрыл-шұрыл (ішек перистальтикасы күшеюінен) сезіне ме, осыларды анықтау керек?
Үлкен дәреттің сұйық болуы. Ішек перистальтикасының күшеюінен, тамақ қорытылмай және сіңірілмей сыртқа шығады. Ішектің қабынуы, зақымдануы, сіңірілудің реттелуі бұзылысынан су алмасудың бұзылысы мен іш өту дамиды. Үлкен дәреттің жиілігіне, ауырсынумен, тамақ ішумен байланысына т.б. көңіл аудару керек. Іш өткенде нәжістің құрамына қан, кілегей, ірің, басқа заттар араласса, оның түсі өзгереді. Өт шықпай қалғанда нәжістің түсі ақ болады, асқазаннан немесе он екі елі ішектен қан
Іш өту — диарея
кетсе, оның түсі
көмірдей қара болады
Іш қатуы — нәжістің ішекте ұзақ уақыт (48 сағаттан көп) тұрып қалуы, соның салдарынан нәжіс «қой құмалағы» тәрізді болады. Іштің қатуы
Органикалық (тарылуы, ісік) және функциональды (алиментарлық, неврогенді, қабыну, улану, эндокриндік, гиподинамия, іш бұлшық еті тонусының төмендігі) себептерден болады. Анықтайтын жағдайлар: жоғарыда келтірілген себепші болуы мүмкін факторларды анықтау керек?
Іш қату – обстипация
Тері қышуы: жиі бауырлық және бауыр астылық сарғаю кезінде болады, бірақ кейде онсыз да кездесуі мүмкін, кейде ол бауыр ауруларының ерте белгісі болуы да мүмкін.
Сарғаю - терінің және көрінетін кілегей қабаттардың сарғыш түске боялуы, өт пигменттерінің қанда және тіндерде жиналуынан болады.
Іштің ұлғаюы (кейде тез ұлғаюы) ішектерден қанның қақпақты вена арқылы өтуі қиындағанда асцитке байланысты болады, метеоризм күшейгенде немесе бауыр, көк бауыр кенеттен үлкейгенде байқалады.
Ас қорыту жүйесі ауруларының даму тарихын сұрастырғанда мына мәселелерге: аурудың басталған кезіне, алғашқы байқалған белгілеріне, ауруының ағымына, дәрі-дәрмектің, улы заттардың әсеріне, тістің өзгерістеріне және жыл мезгілімен, бактериялық, вирусты немесе созылмалы ағымды аурулармен байланысына, бауыр ауруларына қатысты бұрын-соңды сарғаю болған-болмағанын, бауырдың және өт қабыны жедел қабынуы (вирусты гепатит, жедел холецистит, холангит), бауыр коликасының ұстамасы, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюы болған болмағанын сұрастыру керек. Тексеру нәтижелеріне, бұрын қолданылған емнің түріне (хирургиялық, терапиялық), оның нәтижесіне көңіл аударған жөн.
Аурудың даму тарихы
Еңбек, тұрмыс және жұмыс жағдайы, тамақтану ерекшеліктері (ретсіз немесе үнемі ыстық, суық, ащы, майлы, қуырған, құрғақ тамақ пайдалану), Бұрын ауырған аурулары, анамнезінде жүқпалы аурулардың болуы (вирусты гепатит, лямблиоз, іш сүзегі, безгек, мерез және т.б.), асқазан ішек жолдарының аурулары (гастрит, колит), қанттық диабет. Ауыр жарақаттар, осы ауруға себепші болатын факторлар: майлы етті тағамдарға әуестік, химиялық, дәрілік және өсімдік уларының әсері (ауыр металл тұздары және т.б., жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар). Тұқым қуалаушылық аурулары, зиянды әдеттер (спиртті ішімдік, темекі).
Өмір тарихы

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет