Ашық тәрбие сағаттың сценарийі. Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш «Дариға жүрек»



Дата26.06.2018
өлшемі20,5 Kb.
#45145
Ашық тәрбие сағаттың сценарийі.

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш «Дариға жүрек»

Кештің мақсаты:М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,әндері мен поэмаларынмен таныстыру.М.Мақатаевтың өлеңдері мен музыкасымен оқушыларды,имандылыққа елжандылыққа,парасаттылыққа тәрбиелеу. Ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Кештің көрнекілігі:М.Мақатаевтың портреті,реферат,бүктемелер,шарлар,сазды музыка,слайд,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.

Кеш «Махаббат монологі» көрінісімен ашылады.

1-жүргізуші: Ассаламағалейкүм,Алаш жұрты

2-жүргізуші: Армысыздар , қадірлі ұстаздар мен оқушылар!Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтің артына қалдырған өшпес мұрасы,жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарық өркендей өсіп,айшықтала түсуде. Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші:»Барлығы да,поэзия,сен үшін,»-деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һәм бірегей сардары.Мұқағалидің құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,қонақтар, оқушылар!Ақиық ақынның шығармашылығына арналған»Дариға жүрек»атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

1-жүргізуші:М.Мақатаев аламан бәйгеге оза шауып,өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,талантты тұлға.Ақынның өмір жолы әр алуан.Олай болса,қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық(интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүргізіледі)

2-жүргізуші:Оқығанша жырыңды тағат таппай,

Ауға түскен ақбауыр шабақтарды!

Сенің жырың бәріне серік болып,

Ішіндегі зар-мұңын шын ақтарды-ай!-дей келе келесі кезекті өлеңдеріне берейік

1.Ақерке»Арыз жазып кетейін»

2.Ернұр»Фарида,қыз»

3.Лаура»Қазақстан!

4.Ерасыл»Ақ қайың»

5.Фарида»Муза»

6.Бақытжан»Қарасөз»

1.Индира»Поэзия»

1-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғайсың,-деп толғанады ақын.Ендеше кезекті әнге берейік.Ақерке»Бақыт деген»

2-жүргізуші:М.Мақатаев қазақ радиосының»алтын қорында сақталып қалған өз дауысы.Олай болса,сол дауысқа бәріміз бірге құлақ түрейлік(Мұқағалидің дауысымен өз өлеңдері оқылады) «Пай-пай өмір!»

1-жүргізуші:

Өлең барда шырқатып мен жазамын,

Ұрпағымын мен мына кең даламның.

Мұқағали секілді бәйтеректі

Алып кеткен ажалға таң қаламын.

Сахналық көрініс:»Райымбек,Райымбек поэмасынан» үзінді,көрініс көрсетеді.



2-жүргізуші:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын

Аңызыма неге нәр тамызбаймын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,-деп өзі жырлағандай,кезекті ақын өлеңдеріне берейік.

1.Мұқтархан »Ғашықпын»

2.Гүлбану »Үнсіздік»

3.Сымбат «Үш бақытым»

4.Нұргелді «Аңса,жаным»

5.Ерасыл «Жылдарым менің жылдарым»

6.Гауһар «Жетімдер»

7.Жансая «Арулар»



1-жүргізуші:

Айтылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы

Иә,ақын туралы естеліктер де жазылып,

Лебіздер айтылуда.»Менің анкетам»(көрініс)

2-жүргізуші:Туған жерге,елге,халқына,досына,отанына,әкесіне,ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді.Ендеше әнге кезек берейік.Ән.»Жазира» Лаура,Фариза,Аружан

1-жүргізуші: «Сұңқардай едім жердегі,

Аққудай едім көлдегі»,

Дариға-жүрек шөлдеді!

Дариға-жүрек шөлдеді!

Сапардан жары келмеді......

Дей келе келесі кезекті «Аққу»биіне кезек берейік(Аружан)



2-жүргізуші:

Бір сәнтім де артық зат берме маған

Арланбаймын,жоғымды елден алам

Бұл өмірге жалаңаш келген Адам

Көрген адам,көбісін жеңген Адам

Үйіп-төгіп бақытты берме маған –деп жырлағандай ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп,қадірлейтін қазынасы.



1-жүргізуші:

Сырымда-осы,

Жырымда-осы.

Алдыңда


Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба

.....Махаңдар жоқ.

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!



2-жүргізуші:Бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қазым,ақынның сырлы,әуенді жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.

1-жүргізуші:Ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған»Дариға жүрек» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.



2-жүргізуші: Сау болыңыздар!
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет