Қашықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні



Дата07.02.2022
өлшемі3,22 Mb.
#93051
түріСабақ
Байланысты:
30 сабақ.Центнер
әкелер конферен, ата-ана сауалнама, ата анага ойын, тренинг, тренинг, Ең мықты отбасы-2020, тренинг, ұстаздар күніне тақпақ, 29 сабақ.Метр, 28 сабақ.Өлшеу құралдары, 28 сабақ.Өлшеу құралдары, 30 сабақ.Центнер, 9 сынып кунделик сырты, динамометр

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Карсыбекова Ж.Е.

Пән/Сынып:

2

Қай аптаның нешінші сабағы

4 апта, 1 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1С бөлім- Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы:

Центнер

Оқу мақсаты:

2.1.3.3**шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

Бағалау критерийі:

  • шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды;

  • масса өлшем бірліктерін (кг, ц) түрлендіреді;

  • шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

Тілдік мақсат:

центнер

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызды бірнеше тапсырмалар орындаудан бастайық!
Қайсысы ауыр? Қайсысы жеңіл?


Жарайсыңдар балалар! Ал келесі суреттерге назар аударайық!



  • Алмалардың қайсысы 5 кг, 15 кг және 100 кг тартады?

  • Ал егер алма ағаштары одан сайын көп болса, алмаларды килограммдап есептеген тиімді болады деп ойлайсыздар ма?

  • Жоқ.

  • Өнім көп болған сайын оның массасын өлшеу қиын болады. Сол себепті оны «центнермен» өлшейді.

Бүгін біз сіздермен массаны өлшеудің жаңа бірлігі «центнермен» танысып, оны килограммға түрлендіріп, есептер шығаруға дағдыланатын боламыз.

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-5 бет

5 минут

Жаңа сабақ

«Центнер» (қысқаша ц әрпімен белгіленеді) неміс тілінен аударғанда «жүздік» деген мағынаны білдіреді. Яғни 1 ц=100 кг
Бұл өлшем бірлігін көбіне ауылшаруашылықта: бидай, күріш, мақта өнімдерін өлшеу үшін қолданады.

Өзімізді тексерейік!
100 кг= ____ ц
4 ц= ______ кг
500 кг=_____ц

Жаңа тақырыпты меңгеру

«Шапалақ» арқылы бағалау

Презентация № 6-9 бет

8 минут

Тәжірибе

3а) Сызба және санды мәліметтер бойынша есептер құрастырып, оларды шығар.

Алма – 1 ц
?, кем
Картоп – 5 ц
Шешуі: 5 ц – 1 ц= 4 ц
Жауабы: Алма картоптан 4 центнерге кем

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну
Керемет жауап!

Презентация № 10 бет

5 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну
Дәптеріңе жазып, жылдам есепте.
4. Есепте
71 ц + 3 ц= 91 ц + 6 ц=
54 ц + 4 кг= 39 ц – 4 ц=
51 ц + 6 ц= 87 кг – 6 кг=
98 кг – 3 кг= 88 кг – 6 кг=
77 ц – 3 ц= 69 кг – 5 кг=
82 ц + 4 ц= 78 ц – 3 ц=

Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!




Үй тапсырмасы: 65 бет, 3ә) есепті шығар.

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!



Тақырыпты меңгергенін анықтау


«Рефлексиялық сұрақтар»
Оқушылар ИТ берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Бағалау критерийлерін ұсыну

шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды;

+/-

масса өлшем бірліктерін (кг, ц) түрлендіреді;

+/-

шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

+/-



Презентация № 6 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет