Қмж мұғалімнің аты-жөні



Дата07.02.2022
өлшемі274,66 Kb.
#93002
Байланысты:
28 сабақ.Өлшеу құралдары
әкелер конферен, ата-ана сауалнама, ата анага ойын, тренинг, тренинг, Ең мықты отбасы-2020, тренинг, ұстаздар күніне тақпақ, 29 сабақ.Метр, 28 сабақ.Өлшеу құралдары, 30 сабақ.Центнер, 30 сабақ.Центнер, 9 сынып кунделик сырты, динамометр

ҚМЖ

Мұғалімнің аты-жөні:

Карсыбекова Ж.Е.

Пән/Сынып:

2

Мектеп

Бөкенші ЖОББМ

Тарау немесе бөлім атауы:

1С бөлім- Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы:

Өлшеу құралдары

Оқу мақсаты:

2.1.3.1 әртүрлі өлшеу аспаптары шәкілдерін бір-бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау

Бағалау критерийі:

  • әртүрлі өлшеу аспаптары шәкілдерін бір-бірінен ажыратады және шамалардың сәйкес мәндерін анықтайды;

  • өлшеу құралдарын пайдаланады, шәкілде көрсетілген шамалардың мәнін орынды қолданады;

  • шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

Тілдік мақсат:

Шама, өлшем бірліктері, шәкіл

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Біз бүгінгі тақырыпты өтпес бұрын бірнеше жұмбақ шешіп көрелік.
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар (Сағат)

Артық кемдi теңестiрер,


Дәндi де өзi жемес бiрер (Таразы)

Жұқа тақтай бөлшегi,


Ұзындықтың өлшемi (Сызғыш)



  • Қалай ойлайсыздар балалар? Бұл құралдар не үшін қажет?

  • Сағат уақытты, таразы дүкендегі жеміс-жидектерді, ал сызғыш ұзындықты өлшеу үшін қажет.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар! Бұл өлшеу құралдары деп аталады. Бүгін біз шәкіл ұғымымен танысып, оны есептеуде қолдануға дағдыланамыз.

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-6 бет

8 минут

Жаңа сабақ

Өлшеу құралдары біздің дәуірге дейін бірнеше мың жыл бұрын пайда болды. Ол үшін түрлі тақтайшалар, құм сағаттары, қиыршық тастар пайдаланатын болған.
Ал қазіргі дамыған заманда олар түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Сызғыш, сантиметрлік лента - заттардың ұзындығын өлшейтін құрал.
Таразы – дененің, заттың массасын анықтайтын құрал.
Сағат−уақыт мезгілін анықтайды.

  • Қолымызға сызғыштарымызды алайықшы! Ол жерде сандардан бөлек кішкентай сызықтар бар екенін көріп тұрсыздар. Оны шәкіл (шкала) деп атайды. Біз сондай бөліктер арқылы белгілі бір заттың өлшемін дәл анықтай алады екенбіз. Мысалы 0 санынан 1ге дейін 10 бөлік бар. Яғни ол 10 миллиметр немесе толық 1 сантиметр деген сөз.

  • Балалар, қанекей, біз бірінші сыныпта өткен түрлі өлшем бірліктерін толықтырып есімізге түсірейік!

Ұзындық өлшем бірліктері−см, дм
Масса өлшем бірліктері−кг
Уақыт өлшем бірліктері−мин, сағ
Көлем өлшем бірліктері−л
Әрине бұл өлшем бірліктерінің тек жартысы ғана. Сыныбымыз жоғарылаған сайын біздің білетін ақпараттарымыз да көбейе бастайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 7 бет

10 минут

Тәжірибе

Қазір біз 60 бетте берілген 2 тапсырманы орындайық. Ол үшін бізге тағы да сызғыштың көмегі қажет.
Ең алдымен жолақтарды толық өлшеп алыңыздар. Сызғышты жолақпен бірдей қойып емес, басы тура 0-ден басталатындай етіп өлшейтінімізді ұмытпаған шығарсыздар!
4 см 8 см
10 см

3. Суретке қараңыздар.




  • Сағаттың неше «тілі» бар? Олар қалай аталады?

  • Екі тілі. Минут және сағат

  • Олардың қандай айырмашылықтары бар?

  • Сағатты көрсететін тілі қысқа, ал минуттыкі ұзын болады.

  • Ал 1 сағатта қанша минут бар?

  • 1 сағат(сағ) = 60 минут(мин)

  • Сағаттар қандай уақытты көрсетіп тұр?

  • 03:00; 11:00; 08:00; 13:00; 19:00; 16:00.

4. Таразыдағы заттардың массасын өлше

Алмалар-3 кг
Қант-25 кг

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Тамаша!


Жарайсыздар!

Керемет жауаптар!



Презентация № 10-12 бет

5 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну
5. Есеп құрастыр.
Әлия-34 кг
бірдей
Сырым-43 кг
Маржан-36 кг
бірдей
Санжар-? кг

Шешуі: 34 кг+43 кг=77 кг


77 кг-36 кг=41 кг
Өрнек: (34 кг+43 кг)-36 кг=41 кг
Жауабы: Санжар 41 килограмм

Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!




Үй тапсырмасы: Шығармашылық тапсырма. Қатырғықағаздан сызғыш пен сағатты жасау.

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!



Тақырыпты меңгергенін анықтау




Бағалау критерийлерін ұсыну

әртүрлі өлшеу аспаптары шәкілдерін бір-бірінен ажыратады және шамалардың сәйкес мәндерін анықтайды;

+/-

өлшеу құралдарын пайдаланады, шәкілде көрсетілген шамалардың мәнін орынды қолданады;

+/-


шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

+/-




Презентация № 13-18 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет