Таспа – пленка жайғастырылатын жарық өткізбейтін,цилиндрлік
формалы құрылғы.Фотоаппараттан таспаны шығару жарықта өндіріледі.
Телеәйнеккөз (ұзынфокусты объектив) – фокустық арақашықтығы
кадрдың диагоналінен асатын объектив.
Толтырылатын жарық – суреттің қараңғы жерлерін жұмсартуға
арналған лампаның, фотожарқылдақтың қосымша жарығы.
Тон – суреттің ашық және қараңғы учаскелерінің тығыздылығын
анықтайтын деңгей.Түрлі түсті суреттерде суық тондар көк гаммаға,ал,жылы
тондар қызыл-қоңыр гаммаға сәйкес келеді.
Тосын суреттер – белгілі бір адамның өзінің түсірілімге қатысып
жатқанын білмейтін суреттер.
Түйіршікті (зернистость) – суретте, негативте және слайдта пайда
болатын дискреттік құрылым.
Тығыздық – негатив бөліктерінің қараю деңгейі немесе негатив арқылы
өткен жарықтың көлемі. Кейде сурет қанықтылығын анықтауға
қолданылады.