Ата-ананың беделі



бет1/5
Дата06.12.2022
өлшемі29,81 Kb.
#161630
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕА 21 БЕН СРО4 ХабибуллаНұрилла, f ua m e o, Тапсырма 1, Тапсырма 2, Ет Және ет өнімдерін зерттеудің әдістері, маститы срс, 5e05b2f79dbf3, негіздеме, stat\'ya 21 vnutrenniy audit kak klyuchevoe zveno, цитирование, тезис әлеуметтік кәсіпкерлік, 60219546.a4, Дерматовенерология, 8 сынып 2

Тақырыбы: “Ата-ананың беделі .”
Мақсаты: 1.Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді:
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес»,
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)
Кіріспе сөз
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар! Бүгінгі“Ата-ананың беделі.” Атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыздың негізгі мәселелері:
1.1- тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы айту.
2 «Адамның бақыты балада» . Ой бөлісу, пікірталас
- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешесі немесе үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн.
2. 
- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.
1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз? әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет