Ата-ананың беделі


- тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы айту



бет4/5
Дата06.12.2022
өлшемі29,81 Kb.
#161630
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕА 21 БЕН СРО4 ХабибуллаНұрилла, f ua m e o, Тапсырма 1, Тапсырма 2, Ет Және ет өнімдерін зерттеудің әдістері, маститы срс, 5e05b2f79dbf3, негіздеме, stat\'ya 21 vnutrenniy audit kak klyuchevoe zveno, цитирование, тезис әлеуметтік кәсіпкерлік, 60219546.a4, Дерматовенерология, 8 сынып 2
1.1- тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы айту.
2 «Адамның бақыты балада» . Ой бөлісу, пікірталас
3. Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктер
4. Қосымша мәселелер.


Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)
Кіріспе сөз. Мұғалім: — Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата – ананың ролі» атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыздың негізгі мәселелері:
1.1- тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы айту.


Психологиялық ахуал туғызу 2 мин.
Топ мүшелеріне мінездеме
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар адамдар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын адамдар.
Ай. Ойшыл да арманшыл, жаңалыққа жаны құмар, шығармашыл жандар.
Ағаш. Ағаштай мықты, қиындықтарға мойымайтын төзімді адамдар.


2 «Адамның бақыты балада» . Ой бөлісу, пікірталас
- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік.
Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешесі немесе үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн.


3. Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктер: ата-аналардың ойы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет