«атамекен» Қазақстан республикасының Ұлттық КӘсіпкерлер палатасы



бет1/4
Дата01.12.2022
өлшемі229,5 Kb.
#160813
  1   2   3   4
Байланысты:
Киім тігу шеберханасын ашу
педагоги калық қолдау, akt, 2 модуль без вариантов

«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

БИЗНЕС-ЖОБА


Тақырыбы: Киім тігу шеберханасын ашу

Орындағандар:
Мұхтар Дилара
Тұрсынәлі Қасиет
Қали Айгерім
Тынысбек Нұрай
Ибрагим Аружан
Кәдірбай Перизат
Мадияр Мадина

Қабылдаған: Утегенова К.А.

Қызылорда, 2019
Киім тігу шеберханасын ашу
1. Жобаның түйіндемесі:



Аты-жөні

Мұхтар Дилара, Тұрсынәлі Қасиет, Қали Айгерім, Тынысбек Нұрай, Ибрагим Аружан, Кәдірбай Перизат, Мадияр Мадина

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Қарыздың нысаналы мақсаты:

Киім тігу шебрханасын ашу

Валюта:

теңге

Жобаның жалпы сомасы, теңге:

1650 000

Соның ішінде қарыз/гранттық қаражат, теңге:

1 650 000

Соның ішінде меншікті қаражат, мың теңге:

-



Кестені жоба құны бойынша толтырыңыз



Атауы__Сомасы,_теңге__Кредиттік_/_гранттық_қаражат'>Атауы

Сомасы, теңге

Кредиттік / гранттық қаражат

Меншікті қаражат

Сомасы, теңге

%

Сомасы, теңге

%

Шикізат және айналым қаражатын сатып алу

150 000

150 000

9

-

-

Негізгі құралдарды сатып алу

1 500 000

1 500 000

91

-

-

Барлығы

1 650 000

1 650 000

100

-

-



Қарыздың нысаналы мақсатын толтырыңыз



Атауы

Саны

Бағасы, тг

Сомасы, тг

Жабдық










Тоқу машинасы

2

400 000

800 000

Торлау машинасы

1

100 000

100 000

Үстел

2

100 000

200 000

Стелаж

1

200 000

200 000

Бөлмені жалға алу

1

100 000

100 000

Қосалқы құралдар




250 000

250 000

Барлығы




1 650 000

1 650 000



2. Өнімнің сипаттамасы

Нысаналы қолданылуы бойынша трикотаж бұйымдары сыртқы трикотаж, іш киім трикотажы, нәски-шұлық трикотажы, бас киім және орамал-бөкебай трикотажы деп бөлінеді.


Шикізат бойынша: трикотаж өнімдері табиғи талшықтар, мен түрлі талшықтар қоспаынан дайындайды. Байланысуына қарай бұйымдарды көлденең тоқылған және негізді тоқылған мата деп бөледі. Бұйымдарды дайындау әдісі бойынша тұрақты, жарьылай тұрақты, пішілген және біріктірілген деп бөлінеді. Тұрақты бұйымдарға форманы тоқу үдерісіне береді. Жартылай тұрақты бұйымдарды дайындауда форманы тоқу үдерісіне ішінара жасайды, ал түбегейлі форма пішу кезінде жасалады. Пішілген бұйымдардың бөліктерін матаны пішу кезінде алады, содан кейін оларды біріктіріп тігеді. Біріктірілген бұйымдарда тоқыма және пішілген бөліктерді қолданады. Өңдеу бойынша трикотаж бұйымдары ағартылған, ала-құла тоқылған, тегіс боялған, толтырылған, арнайы әрлеумен болуы мүмкін. Трикотаж бұйымдары жыныс ерекшеліктері бойынша ерлер, әйелдер, балалар киімдері деп жіктейді.
Трикотаж сыртқы киімі. Сыртқы трикотаж ассортиментіне жакеттер, кеудешелер, жемпірлер, свитер, пальто, курткалар, костюмдер, белдемшелер, шолақ шалбар, блузкалар, камбинизондар жатады.
Жакет- тұла бойға дейін кесігі бар, жеңдерін тігілген, манжеттер, тамыртартқышпен (білезік қылып қолға байлайтын шүберек) аяқталатын киім үлгісі. Тұла бойы ішке қарай бүгілген ләстікпен көмкерілуі мүмкін. Жакет бір жағалы немесі екі жағалы болады. Кеудеше жеңі жоқ, алдығ,ы жағы толық кесілген киім үлгісі. Жемпір шектелген ұзындықта ілгегі немесе; онсыз; жағасы түрлі конструкцияда немес мүлде жағасыз болатын киім үлгісі. Свитер-биік бір немесе қос жағалы, қолы ұзын киім үлгісі. Ал көйлектер түрлі фасондар немесе сұлбалармен ерекшеленетін киім үлгісі. Ерлер ейделері әйелдер киімдерінен айтарлықтай қарапайым құрылым және өңдеумен ерекшеленеді. Балалардың сыртқы киімі трикотажы үлкендердің киім үлгісіндегі түрлерден құрылады. Алайда олардың фасондары да күрделі болуы мүмкін.
Іш киім трикотаж бұйымдары. Трикотаж іш киімдер мақта мата, жүн, аралас иірімжіп, жасанды және жүн жіптерден орындалады. Трикотаж іш киімдер гигиеналық, жеңіл, айтарлықтай серпілмелі, жұмсақ, денеге жақсы тұратын киім үлгілері. Трикотаж бұйымдары түр, фасон, маусымдық, мөлшер, бой ерекшеліктері, тұрмыстық және спорттық: жыныс белгілер бойынша – ерлер, әйелдер, балалар (нәрестелер, сәбилер, мектепке дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер) деп жіктеледі. Ерлер іш киімі ассортименті: жейделер, фуфайкалар, дамбал, шолақ дамбал. Жейделер мөлшері бөлшекпен белгіленеді, алымда-мойын ауқымы саниментрмен, ал бөлшектің бөлімінде – көкірек жартылай ауқымы: 38/44-ден 48/56-ге дейін.
Әйелде киім түр, материал, өңдеу бойынша сан алуан келеді. Әйелдер іш киімдеріне жатарда киетін іш көйлек, күндізгі көйлектер, комбинациялар, дамбалдар, гарнитуралар, пеньюар, іш белдемшелер жатады. Пеньюар – таңертеңгілік сәндік туалет, оның жеңі ұзын, қысқа немес мүлде болмауы мүмкін, пішіні кең, өнім астармен не астарсыз болады. Пеньюарлар топтамада іш көйлекпен жүруі мүмкін.
Балалар киімі. Балалар іш киімі ассортиментіне үлкендерге арналған киімдердің барлығы дерлік жатады. Тек қана балаларға тән киім түрлері: мектепке дейінгі жасқа дейін: комбинезондар, жемпірлер, серуенге арналған киімдер; жаңа туған нәрестелерге – нәрестенің түймесіз, арты ашық жейдесі, жейделер, еңбектеме, жөргек, кофталар, телпектер, башмақайлар, алжапқыштар. Бұйымдар гарнитуралар болып шығарылуы мүмкін.
Спорт киімі ассортиментіне – майкалар, спорттық фуфайкалар, суға түсуге арналған іш киім, суға түсетін киім. Спорттық фуфайкалар тігілмелі немесе бүтін тұла бойға ие, иықтары кесілген, жеңдері тігілмелі, ұзын, қысқа немесе бүтін тамырлы болып келеді. Жағасы түрлі формада кескінделуі мүмкін.
Нәски-шұлық бұйымдар. Нәски-шұлық бұйымдар ассортиментіне әйелдер және балалар шұлықтары, жартылай шлықтар, ерлер, әйелдер және балалар нәскилері, колготкилер, табан нәскилер, спорттық шұлық бұйымдар, медициналық шұлықтар. Нәски-шұлық заттарды өндіруде түрлі шикізат – мақта, жүн, жартылай жүн иірімжіптері, жасанды, синтетикалық және түрлі жіптер қолданылады. Нәски-шұлық бұйымдарды түрі, өңдеу, дайындау әдісі, конструкциясы бойынша жіктейді. Өңдеу бойынша нәски-шұлық бұйымдар ағартылған, біркелкі боялған, ала-құла боялған, суретті болуы мүмкін. Нәски-шұлық бұйымдарды түрлі машиналарда сан алун өрілумен (тегіс, ләстік, суретті, аз жайылған және т.б.) әзірлейді. Сантиметрдегі із ұзындығы - нәски-шұлық бұйымдардың негізгі мөлшерлік белгісі.
Әйелдер нәски-шұлық бұйымдарына: шұлық, жартылай шұлық, колготки, нәски, өкше нәскилер жатады. Әйелдер шұлығы мүйісше, өкше, табан, балтырлық және бүйірден тұрады. Бүйір – шұлықтың жоғары бөлігі, оның биіктігі 5-9 см, балтырлық аяқты тізеден табанға дейінгі аралықта жабады, ол 12 см-ге дейін биік болуы мүмкін әрі 4 см-ге дейін аласа болуы мүмкін. Табан – табанды жоғары және асты жағынан жабатын бөлік. Мүйісше – аяқбашпайларын жауып тұраын табанның соңғы бөлігі. Әйелдер колготкилері бүйір, қиынды, аяқ, өкше, табан және мүйісшеден тұрады.
Колготкилердің ыңғайлылығы мен төзімділігіне конструктивті әсер ететіні қиындысы бар модель, пішілген табаны, жақтауы мен мүйісшесінде білінбес тігісі бар модель (көйлек пен белдемше сыртынан тігістер бедерленбейді), кең белбеу болуы (колготкилер түсіп кетпейді, ішінара фигураны реттейді).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет