«атамекен» Қазақстан республикасының Ұлттық КӘсіпкерлер палатасы



бет2/4
Дата01.12.2022
өлшемі229,5 Kb.
#160813
1   2   3   4
Байланысты:
Киім тігу шеберханасын ашу
педагоги калық қолдау, akt, 2 модуль без вариантов
3. Нарық пен бәсекелестерді талдау

Еліміздің бәсекелік артықшылықтарына талдау нәтижелері бойынша тесктиль өнеркәсібі жеті келешекті кластерлердің бірі ретінде анықталады. Өндірісте шығындардың төмен көрсеткіштері, шикізатқа және өткізу нарықтарына жақын орналасу, тартымды инвестициялық ахуал, дамыған көлік инфрақұрылымын назарға ала отырып, Қазақстан текстиль өнеркәсібі саланың сәтті дамуында үлкен әлеуетке ие. Қазақстан текстиль индустриясы дамуы үшін ауқымды нарықтық мүмкіндіктерге ие.


29.12.2018 жылдағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсібінде ірі және орта кәсіпорындар саны 1151 бірлікті құрады. Киім өндірісінде – 630, текстиль бұйымдары өндірісінде – 354, былғары шикізат пен бағалы аң терісі өндірісінде – 105, аяқ киім өндірісінде – 56, бас киім өндірісінде – 6.



Графика бойынша байқалғандай ҚР жеңіл өнеркәсібінде киім өндірісінің үлесі үлкен – 54% , текстильді және тігін өнеркәсібі – 30,8%, бұл көрсеткіштер тұрғындарды жеке өндіріспен қамту мүмкіндігін айқындар тұр.


4. Маркетингтік жоспар

Жобаланып жатқан цехтың басты мақсаты – нарыққа ену мен сол жерде тұрақтану. Өткізудің негізгі нарығы тұрғындар, сондай-ақ тұтынушылардың жеке тапсырыстары болады. Өткіудің негізгі әдісі ретінде нысаналы топқа әсер ететін тікелей жарнаманы қолдану керек. Өнімді өткізуді ұйымдастыру кәсіпорында келесі қағидаттар бойынша орындалмақ:


1.Бәсекеге қабілеттілікті үнемі мониторинг жасау және оны жетілдіру бойынша жұмыс істеу
2.Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру, имиджді қалыптастыру мен тұрақты клиенттер базасын нығайту
Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру келесі жайттарды ескере отырып жасалады
-басқалармен салыстырғанда айтарлықтай төмен бағалар
-заманауи жабдық
-сұранысты ынталандыру бойынша бағдарламалы жүзеге асыру.
Штатта цехка келген клиенттерге қызмет көрсететін сатушы қарастырылған. Кәсіпорын жоспарында – көтерме саудагерлерді ынтымақтастыққа тарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет