Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет5/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
госы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қаңлы
қаңлылардың мемлекеттік саяси басқару құрылымдық жүйесінде де өзіндік ерекшеліктер сақталған. Атап айтқанда, оларда патша, патшаның орынбасары, ақсүйіктер, ябғұ (жабғу) және түменбасы қатарлы бес дәрежелі әкімшілік басқару жүйесі қолданылған. Ал елді жазбаша заң арқылы басқарғаны да қытай деректерінде анық жазылған.
Қаңлы мемлекетінің әлеуметтік шаруашылығы оның табиғи ауа-райы және географиялық жағдайына байланысты орналастырылған. Қаңлы елінің оңтүстік өңіріндегі тұрғындар егін шаруашылығын негіз етіп, мал шаруашылығы және жеміс-жидек өндірісімен айналысқан. Сондықтан, қытай жылнамаларында қаңлының вассалында күріш, тары, асбұршақ, бидай дақылдары және жеміс-жидектер көп өседі /12/ деп жазылған. Ал қаңлы елінің солтүстік өңірін мекендеген тұрғындар жартылай көшпенді тұрмыс өткізген. Олар мал шаруашылығын негіз етіп, жылқы, сиыр, қой, түйе және қашыр қатарлы мал түліктерін өсірген. Қытай деректерінде қаңлылардың етті мол беретін тегене-құйрық қой өсіргендігі жазылған. Онда "қаңлыларда үлкен құйрықты қой өседі. Ол қойдың құйрығы көлемді жөне дөңгелек келеді, құйрығының салмағы 10 мың ( бір мың 500 г. - Н.М.) болады' /13/ деп жазылған мәліметтер, қазіргі кезде "тегенеқұйрық қазақ қойы» деп аталып жүрген қой тұқымын алғаш қаңлылар жетілдіріп, қазіргі қазақтарға мұра болып қалған деп ойлаймыз. Қаңлының қол өнеркәсібі де барынша дамығандықтан, "қаңлы мәдениет аймағы" қалыптасқан.
Қабірден алынған құрал-саймандарына қарай әйел және ер адам молалары ажыратылады. Ер адамдардың қабірінен металл ұштығы мен айқыштығы жоқ темірден жасалған екі жүзді семсер мен қанжарлар табылған. Тек бір семсерде ғана тік қола айқыштық болған. Жүздерінде іші матамен оралған ағаш қынапқалдықтары сақталған. «Ғұн типіндегі» деп аталатын күрделі садақтан тек сүйек жапсырмалары ғана сақталған. Темір жебе ұштары үш қалақты. Тұрмыс заттары қарапайым пышақ пен тілі жылдам қозғалатын темір айылбастардан тұрады. Ат әбзелдерінен ауыздықтар сақталған. Кейбірі алтын қаңылтырмен жабылған. Әйел адамдардың қабірінен сапты жалпақ қола айналар, жануарлар сүйектерінен жасалған бойтұмарлар, темір сақианалар, жүзіктер, сан алуан моншақтар мен саз балшықтан жасалған ұршықбастар секілді сәндік заттар мен әшекейлер табылған. Қыш көзелер ер адамның да, әйел адамның да қабірлерінен шығады. Камера дәліздің жалғасы болған катакомбаларда кірер есік таспен немесе қамыспен жабылған (ІІ-тип). Мұндағы керамика І-типтегі катакомбалардан табылған ыдыстардан сәл өзгешелеу. Өзіндік құты сауыт (фляга) ерекшеленеді. Жекелген заттардың кейбірі де ерекше. Үшінші типтегі жерлеу ескерткіштері бүйірлі молалардан тұрады. Олардың барлығы аздап батысқа немесе шығысқа қарай ауытқи меридиан бағытта созылып жатыр. Бүйірлі қазбаның қуысы батыс және шығыс қабырғаны бойлай қазылған. Оған кірер ауызға тас немесе шикі кірпіш (39х39х12-15 см) қаланған. Молалардан қару-жарақтар – темір қанжар мен үш қалақты сапты жебе ұштары, садақтың сүйек жапсырмалары табылған. Түбі жалпақ көзелер, ұстағышты саптыаяқтар, т.б. да аршып алынған. Шәушіқұм қорымындағы бүйірлі қабірлердің ІІ-ІҮ ғасырлардағы Төменгі Еділ маңындағы кейінгі сармат және де Ферғана, Ташкент пен Бұхара жазираларындағы ескерткіштермен ұқсастығы байқалады

3 сурак


Ия, келісемін
: сақ, ғұн, қаңлы, үйсін түркілердің шаруашылығын, мәдениетін, наным-сенімін, географиялық аумағын, мәдениетін қалыптастырды
И бир мысал алып далелдейсин
Мысалы, аң стилі сақ кезеңінен бастау алуы
и дальше аң стилі осылай осылай деп
: олар гундардан тараған олардын жалгасы
көшпелі мал шаруашылығы
теримдилик

26 билет


1 сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет